Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 30 қазан №500 Астана қаласы Учебный сайт
Учебные материалы


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы



бет1/5Дата02.05.2016өлшемі1.18 Mb. 4 5

  • Министр Б. ЖӘМІШЕВ.
  • 1. Жалпы ережелер
  • 2. Қаржылық есептілікті шоғырландыру кезеңдері
  • 3. Қаржылық есептілікті шоғырландыру рәсімдері

:

wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы



2013 жылғы 30 қазан №500 Астана қаласы



Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған



қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында

бұйырамын

:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 19 шілдеде № 6339 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) «Егемен Қазақстан»; 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);

2) «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 8 қазанда № 7987 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 722-726 (27798) «Егемен Қазақстан»; 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Министр Б. ЖӘМІШЕВ.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2013 жылғы 30 қазандағы

№500 бұйрығымен

бекітілген

Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған



қаржылық есептілікті жасау ережесі



1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімі мен тәртібі белгіленеді.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, жартыжылдық есептілікті жасайды.

3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;

бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның, төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;

квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;

элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.

4. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:

есепті кезеңдегі барлық операциялардың толықтығы және дұрыстығы;

есепті кезеңге кірістер мен шығыстарды жатқызу дұрыстығы;

есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніне синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің теңдігі;

көрсеткіштерді толтыруда ұқыптылық және түзетулер мен өшірулердің болуына жол бермеу. Қателерді түзеген жағдайда қаржылық есептілікке қол қойған тұлға растаған, түзету мерзімі көрсетілген тиісті жазулар жасалады.

5. Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары, онда көрсетілген көрсеткіштермен толық сәйкестікте толтырылады. Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді.

Ағымдағы есепті кезеңге де, алдыңғы кезеңге де жатқызылатын қаржылық есептіліктің деректері (олар бекітілгенннен кейін) деректерді бұрмалаушылықтар анықталған кезеңде жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жүргізіледі.

6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды енгізудің себептерін көрсету арқылы жазбаша хабарлама жібереді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізеді. Егер өзгерістер ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне қатысты болса, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені жазбаша хабардар етеді және өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарды оның жеке қаржылық есептілігіне 10 жұмыс күні ішінде енгізу үшін қайта жібереді.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті тапсырғаннан кейін оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өзгерістерді осы Ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі қағидалар мен талаптарды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6352 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну ережесін міндетті түрде сақтай отырып, олардың есепті қарау нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасының негізінде ғана енгізіледі.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, соңғысы қаржылық есептілікке түзетулерді ұқсас тәртіппен енгізгені жөн.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікке өзгеріс енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне бұрын өздері ұсынған есептіліктің данасына тиісті өзгерістер енгізуі қажет.

7. Нысандардың мекенжайлық бөлігі мынадай тәртіппен толтырылады:

«Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган» деректемесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының атауы;

«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;

«Мерзімділік» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;

«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңге (бұдан әрі – мың теңге).

8. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады.

Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезең үшін жасалады.

9. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар үшiн шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзімін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi үшiн – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар белгiлейдi.

Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi нысандардың толық көлемінде электронды түрде ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) арқылы ұсынады. Есепті берілген күн оны АЖ арқылы тапсырған күн болып есептеледі.

Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қағаз тасығышта беттерi нөмiрленiп және мазмұны көрсетiлiп, кiтапша түрiнде және нысандардың толық көлемінде электронды түрде ұсынады.

Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті облыстық бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап нысандардың толық көлемінде электронды түрде ұсынады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдары шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмi оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның кеңсесiнде тiркеген күн болып есептеледi.

Есептiлiктi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм демалыс (жұмыс iстемейтiн) күнмен сәйкес келген жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептiлiк одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi ұсынылады.

Ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiк белгіленген нысандарға сәйкес келмеген кезде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орындаусыз қайтарады.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi негізінде жергілікті бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілеген мерзімде ұсынылады.

10. Жылдық, жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiк көлемi:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоғырландырылған бухгалтерлiк балансты;

2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық қызметтің нәтижелері туралы шоғырландырылған есепті;

3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшаның қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті (тікелей әдіс);

4) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есепті;

5) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiкке түсiндірме жазбаны қамтиды.

11. Жылдық және жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке бірінші қол қою құқығына осы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, екінші қол қою құқығына – бас бухгалтер немесе қаржылық есептілікті шоғырландыруды қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға ие.

Ұсынылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктің барлық нысандарында басшы мен бас бухгалтердің қолының қасында міндетті түрде қол таратылып жазылуы тиіс (аты-жөні).

12. Министрлікті және өзге де атқарушы органды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліну) кезінде мүліктік құқықтар мен міндеттемелер біріктіру және қосу кезінде - тапсырып беру актісіне сәйкес, ал бөлген және бөлінген кезде – бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорға беріледі. Бөлу балансы әр бөлінетін мемлекеттік мекеме үшін бір данадан жасалады. Тарату кезінде «Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» нысаны бойынша тарату балансы жасалады. Тарату процедуралары толық аяқталғанға дейін қаржылық есептілік ұсынылады.

Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру (ажырату, бөлу, қосу мен біріктіру) кезінде бұрынғы/жаңа бағыныстағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жыл басына аударылған сальдоны есепке ала отырып, жыл басынан бастап қайта ұйымдастырылған күннен кейінгі есепті күнге дейінгі кезеңде жылдық есептілік нысандарының толық көлемде шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасайды.

Бұрынғы/жаңа бағыныстағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Ереженің 6-қосымшасына сәйкес Шоғырландырылған бөлу бухгалтерлік баланс нысаны бойынша жыл басындағы таратып жазуды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

жыл басындағы сальдо;

бастапқы сальдо қосу/алу (қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеме);

жыл басында қайта есептелген сальдо;

қайта ұйымдастырылу күніне берілгені.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бухгалтерлік балансында жыл басында қайта есептелген сальдо қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік балансының жыл басындағы сальдосы есепке алына отырып, анықталады.

Мемлекеттік мекемелердің қосылуы, біріктірілуі және жеке функциялары мен өкілеттіктерінің берілуі кезінде бұрынғы және жаңа бағыныстағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері беру күніне активтер бойынша, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша таратып жазуды қоса алғанда тапсыру актісін жасайды.

Жылдық есептілік нысандарының көлеміне беру күніне бөлу немесе тарату балансы енгізіледі және бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға әрбір министрлік немесе өзге де атқарушы орган бойынша жеке есептермен бірге беріледі.

Бөлу балансы қабылдаушы және тапсырушы тарап басшысының және бас бухгалтерінің қолымен, қолды міндетті түрде таратып жаза отырып, расталады.

13. Жылдық және жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке мамандандырылған нысандар үлгілерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар әзірлейді.

14. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алу қажет.

2. Қаржылық есептілікті шоғырландыру кезеңдері


15. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындаған кезде қолданылатын бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және олардың ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігі бір есепті күндегі жағдай бойынша дайындалады.

16. Осыған ұқсас мәмілелер мен басқа да оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік бірыңғай есеп саясаты негізінде жасалады. Осыған сәйкес бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер есептеудің бірыңғай қағидаттарын қолданады.

17. Қаржылық есептіліктің салыстыру қағидатын сақтау мақсатында ағымдағы кезеңнің шоғырландырылған қаржылық есептілігі осыған ұқсас өткен есептік кезеңнің деректерін салыстыру арқылы ұсынылады.

18. Бірыңғай экономикалық ұйым ретінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің ұқсас баптарын жолма-жол қосу. Активтердің, міндеттемелердің, таза активтердің/капиталдың, кірістер мен шығыстардың, ақшаның түсімі мен шығып қалуының, таза активтердегі/капиталдағы өзгерістердің, активтер мен міндеттемелердің түсімі (ұлғаюы) мен шығып қалуының (өтелуінің) ұқсас баптары;

2) Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер арасындағы, сондай-ақ бір жүйе ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара операциялардың элиминирленуі.

 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржылық есептілікті шоғырландырған кезде бір жүйе мемлекеттік мекемелері арасындағы өзара есептесулер мен операциялар бойынша сальдо толық алынып тасталады.

3) Алдындағы есепті кезеңнің шоғырландырылған деректерін ауыстыру.

19. Бірыңғай экономикалық ұйым ретінде бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың қаржылық есептіліктің ұқсас баптарын жолма-жол қосу. Активтердің, міндеттемелердің, таза активтердің/капиталдың, кірістердің және шығыстардың, ақшаның түсімі мен шығып қалуының, таза активтердегі/капиталдағы өзгерістердің, активтер мен міндеттемелердің түсімі (өсуі) мен шығып қалуының (өтелуінің) ұқсас баптары;

2) Жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялардың элиминирленуі;

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган қаржылық есептілікті шоғырландырған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар арасындағы өзара есеп айырысулар мен операциялар бойынша сальдо толығымен алынып тасталады.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікте кірістер мен шығыстардың екі рет есепке алынуын болдырмау мақсатында, оның ішінде жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар арасындағы трансферттер мен субсидиялар, ішкі кредит беру операциялары бойынша кірістер мен шығыстардың сомасы алынып тасталады.

20. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржылық есептілігінде ұсынылған құн бойынша ұсынылады.



3. Қаржылық есептілікті шоғырландыру рәсімдері


21. «Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» нысанының баптарын шоғырландыру ұқсас баптарды жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:

«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» баптары (жол коды 010);

«Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары» баптары (жол коды 011), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша дебиторлық берешек сальдо сомасы алынып тастауға жатады (1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар» шоты);

«Бюджеттiк төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 012), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген нысаналы трансфертер бойынша дебиторлық берешек сальдо сомасы алынып тастауға жатады;

«Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 013);

«Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» баптары (жол коды 014);

«Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 015).

Бiр жүйенiң мемлекеттiк мекемелерi арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша сальдо болған жағдайда, шоғырландыру кезінде өзара есеп айырысулар бойынша сальдо 015 пен 216-жолдар бойынша элиминирленеді, яғни өзара бірлесіп алынып тасталады (жол коды 015).

«Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» баптары (жол коды 016), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша алынуға тиiс сыйақылардың дебиторлық берешегінің сальдо сомасы алынып тасталуы тиіс;

«Қызметкерлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» баптары (жол коды 017);

«Жалдау бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 018);

«Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» баптары (жол коды 019);

«Қорлар» баптары (жол коды 020);

«Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» баптары (жол коды 021);

«Өзге қысқа мерзiмдi активтер» баптары (жол коды 022);

«Ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялары» баптары (жол коды 110), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттердің дебиторлық берешегі сальдосының сомасы алынып тастауға жатады (2120 «Ұзақ мерзiмдi берілген қарыздар» шоты);

«Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi» баптары (жол коды 111);

«Жалдау бойынша ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 112);

«Өзге ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек» баптары (жол коды 113);

«Негiзгi құралдар» баптары (жол коды 114);

«Аяқталмаған құрылыс және күрделi салымдар» баптары (жол коды 115);

«Инвестициялық жылжымайтын мүлiк» баптары (жол коды 116);

«Биологиялық активтер» баптары (жол коды 117);

«Материалдық емес активтер» баптары (жол коды 118);

«Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар» баптары (жол коды 119);

«Өзге ұзақ мерзiмдi активтер» баптары (жол коды 120);

«Қысқа мерзiмдi қаржылық мiндеттемелер» баптары (жол коды 210);

«Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 211);

«Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 212);

«Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 213), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер, есептелген сыйақылар және трансферттердің пайдаланылмаған сомасы бойынша бюджетке төлінетін кредиторлық берешек сальдосының сомасы алынып тастауға жатады;

«Басқа да мiндеттi және ерiктi төлемдер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 214);

«Өнім берушілерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 215);

«Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 216).

Бiр жүйенiң мемлекеттiк мекемелерi арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша сальдо болған жағдайда, шоғырландыру кезінде 015 пен 216-жолдар бойынша өзара есеп айырысу бойынша сальдо элиминирленеді, яғни өзара алынып тасталады (жол коды 216).

«Стипендиаттарға қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 217);

«Қызметкерлер алдында қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 218);

«Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар» баптары (жол коды 219);

«Жалдау бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 220);

«Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 221);

«Қысқа мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi» баптары (жол коды 222);

«Өзге қысқа мерзiмдi мiндеттемелер» баптары (жол коды 223);

«Ұзақ мерзiмдi қаржылық мiндеттемелер» баптары (жол коды 310);

«Өнім берушілерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 311);

«Жалдау бойынша ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 312);

«Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» баптары (жол коды 313), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша бюджетке төленетін кредиторлық берешек сальдосының сомасы алынып тастауға жатады;

«Ұзақ мерзiмдi бағалау және кепiлдiк мiндеттемелерi» баптары (жол коды 314);

«Өзге ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер» баптары (жол коды 315);

«Күрделi салымдарды қаржыландыру» баптары (жол коды 410);

«Күрделi салымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру» баптары (жол коды 411);

«Күрделi салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебiнен қаржыландыру» баптары (жол коды 412);

«Резервтер» баптары (жол коды 413);

«Жинақталған қаржылық нәтиже» баптары (жол коды 414).

22. Мазмұны жағынан ұқсас баланстан тыс шоттар да осылай жинақталады:

«Жалға алынған активтер» баптары (жол коды 610);

«Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» баптары (жол коды 620);

«Қатаң есептілік бланкілері» баптары (жол коды 630);

«Төлемге қабiлетсiз дебиторлардың есептен шығарылған берешегi» баптары (жол коды 640);

«Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшiн оқушылар мен студенттердiң берешегi» баптары (жол коды 650);

«Ауыспалы спорттық жүлделер мен кубоктар» баптары (жол коды 660);

«Жолдамалар» баптары (жол коды 670);

«Әскери техниканың оқу құралдары» баптары (жол коды 680);

«Мәдени мұра активтерi» баптары (жол коды 690).

23. «Қаржылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:

«Айырбас емес операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 010);

«Ағымдағы қызметтi қаржыландыру» баптары (жол коды 011), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік кредиттерді беру мақсатына арналған айырбас емес операциялардан түсетін кірістер сомасы алынып тастауға жатады;

«Күрделi салымдарды қаржыландыру» баптары (жол коды 012);

«Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан алынатын кірістер» баптары (жол коды 013);

«Трансферттер» баптары (жол коды 014), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде жоғары тұрған бюджеттен аударылған төмен тұрған бюджет алған трансферттерден кіріс сомасы алынып тастауға жатады;

«Субсидиялар» баптары (жол коды 015);

«Демеушiлiк және қайырымдылық көмек» баптары (жол коды 016);

«Гранттар» баптары (жол коды 017);

«Өзгелер» баптары (жол коды 018);

«Айырбас операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 020);

«Активтердi басқарудан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 030);

«Сыйақылар» баптары (жол коды 031), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмен тұрған бюджеттерге берілген кредиттер бойынша сыйақылар сомасы алынып тастауға жатады;

«Активтердi басқарудан алынатын өзге де кiрiстер» баптары (жол коды 032);

«Өзге кiрiстер» баптары (жол коды 040), шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасындағы ұзақ мерзімді активтер мен қорларды қайтарусыз тапсыру бойынша кірістер сомасы алынып тастауға жатады;

«Мемлекеттiк мекеменiң шығыстары» баптары (жол коды 110);

«Еңбекақы төлеу» баптары (жол коды 111);

«Стипендиялар» баптары (жол коды 112);

«Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер» баптары (жол коды 113);

«Қорлар бойынша шығыстар» баптары (жол коды 114);

«Iссапарлық шығыстар» баптары (жол коды 115);

«Коммуналдық шығыстар» баптары (жол коды 116);

«Жалдау төлемдері» баптары (жол коды 117);

«Ұзақ мерзiмдi активтердi ұстау» баптары (жол коды 118);

«Байланыс қызметтерi» баптары (жол коды 119);

«Активтердің амортизациясы және құнсыздануы» баптары (жол коды 120);

«Активтердің құнсыздануы» баптары (жол коды 121);

«Өзге операциялық шығыстар» баптары (жол коды 122), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде берілген бюджеттік кредиттер, сыйақылар және алынған трансферттердің пайдаланылмаған сомасына есептелінген міндеттемелер сомасы бойынша бюджетке төленетін шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;

«Бюджеттiк төлемдер бойынша шығыстар» баптары (жол коды 130);

«Зейнетақылар мен жәрдемақылар» баптары (жол коды 131);

«Субсидиялар» баптары (жол коды 132);

«Трансферттер» баптары (жол коды 133), облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде трансферттер бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;

«Өзгелер» баптары (жол коды 134);

«Активтердi басқару бойынша шығыстар» баптары (жол коды 140);

«Сыйақылар» баптары (жол коды 141);

«Активтердi басқару жөніндегі өзге шығыстар» баптары (жол коды 142);

«Өзге шығыстар» баптары (жол коды 150), облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы, бір бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы қорларды қайтарусыз тапсыру бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;

«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін инвестициялар бойынша таза табыстар немесе шығындар үлесі» баптары (жол коды 210);

«Ұзақ мерзiмдi активтердiң істен шығуы» баптары (жол коды 220), шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы ұзақ мерзімді активтерді қайтарусыз тапсыру бойынша шығыстар сомасы алынып тастауға жатады;

«Бағамдық айырма» баптары (жол коды 230);

«Өзгелер» баптары (жол коды 240).

24. «Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп (тікелей әдіс)» нысанының баптарын шоғырландыру ұқсас баптарды жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:

«Бюджеттен қаржыландыру» баптары (жол коды 010);

«Ағымдағы қызметке» баптары (жол коды 011);

«Күрделi салымдарға» баптары (жол коды 012);

«Сыртқы қарыздар есебінен» баптары (жол коды 013);

«Трансферттер» баптары (жол коды 014);

«Субсидиялар» баптары (жол коды 015);

«Гранттар» баптары (жол коды 016);

«Өзгелер» баптары (жол коды 017);

«Демеушiлiк және қайырымдылық көмек» баптары (жол коды 020);

«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден» баптары (жол коды 030);

«Алынған сыйақылар» баптары (жол коды 040);

«Өзге түсiмдер» баптары (жол коды 050);

«Еңбекақы төлеу» баптары (жол коды 110);

«Зейнетақылар мен жәрдемақылар» баптары (жол коды 120);

«Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер» баптары (жол коды 130);

«Өнім берушілерге және мердiгерлерге тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн» баптары (жол коды 140);

«Тауарлар мен қызметтер үшiн берiлген аванстар» баптары (жол коды 150);

«Трансферттер, субсидиялар» баптары (жол коды 160);

«Сыйақылар» баптары (жол коды 170);

«Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» баптары (жол коды 180);

«Өзге төлемдер» баптары (жол коды 190);

«Ұзақ мерзiмдi активтердi өткізу» баптары (жол коды 310);

«Бақыланатын және басқа субъектiлердiң үлестерiн өткізу» баптары (жол коды 320);

«Бағалы қағаздарды сату» баптары (жол коды 330);

«Қарыздарды өтеу» баптары (жол коды 340);

«Өзгелер» баптары (жол коды 350);

«Ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу» баптары (жол коды 410);

«Бақыланатын және басқа субъектiлердiң үлестерiн сатып алу» баптары (жол коды 420);

«Бағалы қағаздарды сатып алу» баптары (жол коды 430);

«Квазимемлекеттiк субъектiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру және толтыру» баптары (жол коды 440);

«Берiлген қарыздар» баптары (жол коды 450);

«Өзгелер» баптары (жол коды 460).

Қаржылық қызметтен ақшалай қаражаттың түсуіне және шығуына жататын баптарды жинақтау да осыған ұқсас:

«Қарыздарды алу» баптары (жол коды 610);

«Өзгелер» баптары (жол коды 620);

«Қарыздарды өтеу» баптары (жол коды 710);

«Өзгелер» баптары (жол коды 720).

25. «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру ұқсас баптарды жолма-жол қосу жолымен жүзеге асырылады:

«Есеп саясатындағы өзгерістер және қателерді түзету» баптары (жол коды 020);

«Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтердің ұлғаюы» баптары (жол коды 041);

«Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтердің азаюы» баптары (жол коды 042);

«Қолданыстағы сатуға арналған қаржылық инвестицияларды қайта бағалауға резервтердің ұлғаюы» баптары (жол коды 043);

«Қолданыстағы сатуға арналған қаржылық инвестицияларды қайта бағалауға резервтердің азаюы» баптары (жол коды 044);

«Өзге резервтер» баптары (жол коды 045);

«Шетелдік қызметті қайта есептеу бойынша айырбас бағамдардың айырмалары» баптары (жол коды 046);

«Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей танылған қаржыландырудың ұлғаюы» баптары (жол коды 047);

«Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей танылған ұзақ мерзімді активтердің істен шығуына байланысты қаржыландырудың азаюы» баптары (жол коды 048);

«Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» баптары (жол коды 049);

«Есеп саясатындағы өзгерістер мен қателерді түзету» баптары (жол коды 080);

«Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтердің ұлғаюы» баптары (жол коды 101);

«Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтердің азаюы» баптары (жол коды 102);

«Қолданыстағы сатуға арналған қаржылық инвестицияларды қайта бағалауға резервтердің ұлғаюы» баптары (жол коды 103);

«Қолданыстағы сатуға арналған қаржылық инвестицияларды қайта бағалауға резервтердің азаюы» баптары (жол коды 104);

«Өзге резервтер» баптары (жол коды 105);

«Шетелдік қызметті қайта есептеу бойынша айырбас бағамдардың айырмалары» баптары (жол коды 106);

«Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей танылған қаржыландырудың ұлғаюы» баптары (жол коды 107);

«Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепте тікелей танылған ұзақ мерзімді активтердің шығуына байланысты қаржыландырудың азаюы» баптары (жол коды 108);

«Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» баптары (жол коды 109).

26. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктiң нысандары мемлекеттік мекеменің қаржылық есептiлiгiн жасаған кезде қолданылатын нысандарға толығымен сәйкес келедi. 

27. Түсiнiктеме жазбада көрсетiлетiн шоғырландырылған қаржылық есептілікке ақпараттың құрылымына және оны ашуға қойылатын талаптар мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептiлiгi үшiн ақпаратты ашуға қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келедi.

28. 2014 жылдан бастап «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп», «Ақшаның қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп (тікелей әдіс)» нысандарында 4 «Өткен кезең» деген баған өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.

2014 жылдан бастап «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы шоғырландырылған есеп» нысанының 070, 080, 090, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 110, 120-жолдары өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.

Қаржылық есептілікті шоғарландыру рәсімдері бойынша осы бөлімде қандай-да бір жол бойынша алып тастау туралы нұсқаулар болмаған жағдайда, осы Ереженің «Қаржылық есептілікті шоғырландырудың кезеңдері» деген 2-бөлімінің талаптарын пайдаланған жөн.

Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің

және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті

уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған

қаржылық есептілікті жасау ережесіне

1-қосымша

нысан


Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная