Әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру мен басқарудың шетелдік тәжіибелері Учебный сайт
Учебные материалы


Әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру мен басқарудың шетелдік тәжіибелері



Дата28.04.2016өлшемі80.85 Kb.

:

sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары

Әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру мен басқарудың шетелдік тәжіибелері

Умирзакова М. А. э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік қорғау жұмысының озат тәжірибелері Швецияда кеңінен таратылып, игі шараларды атқарудың тұжырымдамалары жүзеге асырылуда. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік-рухани жағдайының мүмкіндіктері мол. Сондықтан арнаулы көмек көрсету мекемелерінің саны да көп және олардың әлеуметтік қызмет бағдары әртүрлі.

Швециядағы әлеуметтік жұмыс қызметі ағымдағы жүзжылдықтың басында қалыптасқан. Қазіргі заманды ол көп деңгейлі іс-әрекет саласы. Шартты түрде әлеуметтік қызметкерлердің үш негізгі топтарын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топты медициналық мекемелерде науқас, мүгедек адамдарға қөмек көрсететін қызметкерлер құрайды. Екінші топқа әлеуметтік педагогтар жатады. Үшінші топ - әлеуметтік қызметкерлер (патронаж) – бұл ең нәтижелі көпсалалы қызмет атқаратын әлеуметтік қызметкерлер тобы. Швецияда халық саны 8 млн. адамға жуық, оның ішінде 20 мың кәсіби даярланған мамандар - әлеуметтік қызметкерлер бар.

Швециядағы 20 мың әлеуметтік қызметкердің 55% коммуналарда еңбек етеді. Швециялық коммуна (community) – біздің елдегі облыстан кіші аумақтық- территориялық мөлшер. Қызметкерлердің басқа бір бөлігі (45%) келесідей таралған: олардың 15% аумақтың басшылық аппаратында, басқалары аурухана, медициналық мекемелерде, еңбекпен тұзету мекемелерінде құқық бұзушылармен тікелей жұмыс атқарады, 5% еңбекке орналастыру мекемелерінде, жұмыссыз адамдарға қызмет көрсетеді және әлеуметтік жағынан қамқорсыз топтармен жұмыс жасайды.

Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкерлер Швеция парламентінде қызмет атқарады: парламенттің 120 мүшелерінің ішінде 15 адам мамандығы бойынша - әлеуметтік қызметкер .

Германиядағы жалпы әлеуметтік орталықтарда ең басты ролде ерекше немесе арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталықтары жатады. Олар көптеген мәліметтермен, белгілі мәселелердің міндеттерін ескере отыра клиенттердің сұраныстарымен байланысты жұмыстарды жүзеге асырады.

Германиядағы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қорғау жүйесінде мүмкіндігі шектеулі топтарға қызмет көрсетудің бұрын болмаған жаңатүрі пайда болды. Ол ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында мемлекеттің әлеуметтік саясатын тұрмыс-тіршілігі өте төмен аз қамтылған тұрғындардың қажеттіліктеріне орай жасалынған игі бастамалардың қатарынан орын алып территорияларда кеңінен таралуда.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамдас бөліктері ретінде саналатын жалпы бағыттағы бөлімдердің қызметіне мүмкіндігі шектеулі топтардан, әсіресе, кедей отбасыларынан сұраныс жағы өте жоғары деңгейде. Осындай әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімдердің жұмысына деген қызығушылық ұзақ мерзімде жұмысқа орналаса алмай жүрген адамдарға да қолайлы алғышарттар қалыптастыруда. Бөлімдердегі жаңа қызмет формасының мәні: сауда-саттықпен айналысатын құрылымдар мен қаржы-банк салалары өздерінің кәсіби қызметін қарқынды жүргізілуін көздеп, көптеген микроаудандарда, елді мекендерде кредиттік желілерді ашып, тұрғындардың өскелең талаптарына орай қызмет көрсетуде.

Америка құрама штатында мамандықтар құрлымында әлеуметтік жұмыс маңызды орын алады. Әлеуметтік жұмыс жүйесі жүз жылдар бой дамыды және де Джейн Адамс есімімен байланыса отырып 1889 жылдан бастап Америкада тілді білмеген, тұратын жері мен жұмысы жоқ көшіп қонушыларға көмек көрсетті. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс АҚШ та өз алдына индустрия тәрізді.

АҚШ та мемлекеттік агенствалармен жеке меншік мекемелермен құрылған үй түріндегі приюттар жұмыс жасайды. Үй түріндегі приюттардың арнайы лицензиялары бар және 8 адамға есептеліп құрылған. Осындай приюттардың штатында жас бакалавр дәрежесі бар әлеуметтік қызметкерлер және шаруашылықты жүргізетін көмекшілермен, магистр дәрежесі бар қызметкерлер балалар мен отбасына кеңес беріп жұмыс жасайды. Осындай типті приюттардың мақсаты отбасы жағдайын жақсартуда максималды түрде жұмыс жасайды. Американдық мемлекеттік мектептерде әлеуметтік жұмыс алғашқыда өз еріктермен жүзеге аса бастады. ХХ ғасырдың басында «үйге баратын мұғалім» түсінігімен пайда болды. Алғашқы уақытта бұл категориядағы педагогтарды басқа жеке меншік ассоциациялармен агенствалардың немесе босқындарға арналған приюттармен қаржыландырды. 1913-1921 жылдары «үйге баратын мұғалімдерді» мектепке жұмыс істеуге шақыра бастады. Олардың міндеттері үлгермеушілікпен құқық бұзушылықты ескертуде көмек көрсету болып табылды.

60 жылдары мектептегі әлеуметтік жұмыстың қызығушылығы әлеуметтік сұрақтарға ауысты. Осы жылдары мектептегі әлеуметтік қызметкерлердің саны артты, мектептегі топтық жұмыс мәні өсті. «Үйге баратын мұғалім» анықтамасы «мектептегі әлеуметтік қызметкер» анықтамасымен ауысты.

70 жылдары мектептегі әлеуметтік жұмыс әлеуметтік құқық бұзушылық, кедейшілік, нәсілдік толқуларға, балалармен дұрыс қарым қатынасқа түспеу сияқты мәселелермен қақтығыса бастады. 60-70 жылдары мектептегі әлеуметтік қызметкердің іс әрекет саласын кеңейтуде заңдық актілер қабылданды. 1978 жылы мектептегі әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс әрекет стандарттары өңделді. Соған сай әлеуметтік жұмыстың обьектілері болып оқушылар, мұғалімдер, ата аналар болып саналды.

Францияда әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әлеуметтік істер мен ұлттық келісімділік министрлігі жүзеге асырады. Олардың негізгі қызметі:

- қоғамда әлеуметтік көмекті көрсету бойынша өмірдегі шараларды ұсыну мен өткізу, оның ішінде жеке адамдар тобына, ерекше көмекті қажет ететіндерге;

- әлеуметтік қызметкерлерге кәсіби курстарға арналған жоспарларды құруға;

- дипломдар беруге;

- кәсіби іс әрекет жағдайларын анықтауға.

Әлеуметтік сала министерстваның барлық бөлімдері, сонымен қосы үкіметте қамқорлық құралы болып табылады. Бірақ жауапкершілікті әлеуметтік істер мен ұлттық келісімділік министрлігі өз мойнына алады, яғни денсаулық сақтау мен әр түрлі әлеуметтік жұмыстың бөлімшелері жауап беретін құрамында секретариаттар мен бөлімдер жұмыс жасайды.

Әлеуметтік жұмыс кәсібі екі топқа бөлінеді: Бір топ негізгі білім беру міндеттермен айналысады, ол балалар мен жеткіншектермен айналысалы. Бұл топқа кіретіндер:

- қызмет адамдары, шартты түрде жазасын өтеушілерді бақылауды жүзеге асырушылар;

- білім беру саласындағы әлеуметтік эксперттер;

- әлеуметтік жұмыс оқытушылары;

- мектепке дейінгі әлеуметтік педагогтар;

- бала бақшалар қызметкерлері;

Екінші топтағы әлеуметтік қызметкерлер отбасыларға, топтарға және олардың күнделікті мәселелерін шешуге көмек көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлер келесідей қызметтерді атқарады: - әлеуметтік орталықтардың көмекшілері;

- отбасы кеңесшілері;

- әлеуметтік аниматорлар;

- үй қызметін жасаушы әйелдер.

Әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік, жартылай жеке меншік, жеке меншік секторларда және әр түрлі ассоциацияларда жұмыс істейді. Мемлекеттік секторлардағы әлеуметтік орталықтар келесі жүйелерді басқарады:

- мемлекеттік орталық әкімшілік: Әділет министрлігі әлеуметтік қызметкерлерді жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыс жасағандарға шартты бас бостандығын айрылғандарға және түзету үйлерінің әкімшілігіндегі (түрмелерге, қылмыскерлерге арналған жабық және ашық үйлерге, шартты бас бостандығынан айрылған орталықтарға) жұмысқа алады; Білім министрлігі әлеуметтік қызметкерлерге орта мектептерде, университеттерде, мемлекеттік кәсіби мектептерде және мемлекеттік дене және психикалық ауытқулары барларға арналған мекемелерге қызмет түрлерін ұсынады;

- департаменттер:облыс әкімшілігі әлеуметтік қызметкерлерді әлеуметтік іс және денсаулық басқармасы арқылы жұмысқа алады, олар аймақтағы барлық мәселелермен және ерекше шешімді қажет ететін мәселелермен де айналысады. Арнайы әлеуметтік орталықтар аналарды қорғау жауапкершілігін алады, жаңа туған және жас балаларды, жалпы барлық балаларды әлеуметтік қорғауды өз еншісіне алады.

Жартылай жеке меншік орталықтарды мемлекет, кәсіподақ және коммерциялық кәсіпорындар әлеуметтік серіктестік ретінде басқарылады. Балалар, жастармен, ересек ауыру адамдармен, дене және психикалық ауытқушылықтары бар адамдармен айналысатын орталықтарды әртүрлі ассоциациялар басқарады. Сонымен қоса бұған балалар мен жасөспірімдерді қорғау ассоциациясы, иммигранттар мен аурулар, мүгедектер мен ғаріптер Ұлттық федерациясы кіреді.

Жеке меншік секторы өзіне жеке меншік фирмаларды, яғни әлеуметтік қызметкерлердің көмекшілерін қосып алады. Олар завод жұмысшыларына ауырып қалған жағдайда, кәсіпорындарда күтпеген жағдайларда, отбасында және қарт адамдардың зейнетке шығуына жеке көмек көрсетеді.

Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмысты мемлекеттік қаржыландыру және әлеуметтік қызметкерлерді дайындау Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін маңызды жүзеге аса бастады. Көпшілік әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде, орталық және жергілікті жердің әкімшілігі тұрғындарға нақты белгіленген әлеуметтік қызметтердің бірнешеуін әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері арқылы қамтамасыз етуге міндетті. Көпшілік әлеуметтік қызметкерлер, басқалар сияқты күндізгі мекемелерде немесе клиенттердің мекен жайына байланысты, қауымдастықтарда еңбек етеді. Көпшілік әлеуметтік қызметкерлер еркін жеке меншік мекемелерде жұмыс жасайды.

Ұлыбританиядағы жүзеге асып жатқан әлеуметтік педагогикалық ерекшелігі болып табылатын әлеуметтік қызмет жүйелері, дәстүрлі және дайындалған мамандармен жақсы ұйымдастырылған әлеуметтік орталықтар болып табылады. Олардың негізгі функциялары әлеуметтік қорғау мен әр түрлі категориялы азаматтарға көмек көрсету болып табылады, сонымен қоса мемлекеттің қолдауын қажет ететін дене және психикалық денсаулығы бұзылған адамдарға,этникалық жағдайға ұшырағандарға көмек көрсетеді. Сонымен қоса әлеуметтік қызмет көрсету саласы балаларға, жеткіншектер мен жастарға, олардың отбасына, әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету мен материалдық қолдау көрсетеді.

Ұлыбританияда көп санды әр профильді орталықтар қызмет жасайды. Бұл орталықтар нақты территорияда тұратын, белгілі категориялы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кейбіреулері балалар, жасөспірімдер мен олардың отбасыларына қызмет көрсетуде арнайы орталықтар жұмыс жасайды. Сонымен қоса әлеуметтік қызмет көрсету құрлымадары біздің аудандық емханалардағы бөлім дәрігерлер механизмі бойынша жұмыс жасайды: оған белгілі территориядағы тұрғындар әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық мәселелері барлар келеді; және аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлер мәселенің сипатына қарай клиенттерді профильді орталықтарға мамандарға жібереді.



Ұлыбританияда үйірмелі байланыс, бос уақытты ұйымдастыру саласында нашар дамығандығын атаған жөн, бірақ жастар клубтары, жиі орналасқан кафелер мен орталықтар территорияда жақсы жабдықталған құралдармен қамтамасыз етілген. Жастардың бос уақытын білім беру департаментінің қызметкерлерімен арнайы клубтар мен орталықтарда ұйымдастырады, топпен жұмыс әдістерін қолдана отырып жұмыстың технологиясы әлеуметтік қызметкерлерге жақын болғандықтан біріге жүзеге асырады.

Ұлыбританиядағы әлеуметтік қызметкерлер мектептің қызметкерлері емес, олар арнайы әлеуметтік білім беру орталықтарының қызметкерлері болып табылады. Олар үнемі мектепке барып мұғалімдермен оқушылардың материалдық жағдайына, үлгеріміне, сабаққа қатысуына, мінез құлқына байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі, мәселелерді шешу стратегиялық бағдарламалар мен саясатты өңдеуге қатысады. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтарындағы қызметкерлерінің міндеті отбасында зорлық зомбылық көрген балаларға, сонымен бірге дене, ой және эмоциялық дамуында ауытқу барларға көмек көрсетеді.

Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная