Құрметті Нұрлан Бәтташұлы, жиыналған қауым! Аршалы ауылдық округінің әкімі М. Наушабаевтың Құрметті Учебный сайт
Учебные материалы


Құрметті Нұрлан Бәтташұлы, жиыналған қауым!



Дата02.05.2016өлшемі58.41 Kb.

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
  • Құрметті жерлестер! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қаз ақстан халқына жасаған кезекті « ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
  • Назарларыңызға рахмет!

:

files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Аршалы ауылдық округінің әкімі М. Наушабаевтың

халық жиынындағы есебі бойынша баяндамасы




Құрметті

Нұрлан Бәтташұлы, жиыналған қауым!



Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына жасаған кезекті «

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

» атты Жолдауында өте маңызды мәселелер көтерілді. Жолдауда экономикалық, әлеуметтік және де басқа мәселелер айқындлып берілді. Бұлардың барлығы халқымыз үшін зор мәнге ие. Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар жасалынуда. Елбасы қиындықтардың барлығы өтетіндігін, оның барлығы еңсерілетіндігін, келешектің баянды болуы үшін атқарылуы тиіс әрбір істі бірлесе жүзеге асыру жемісті болатындығын айта отырып, қалталы азаматтарды ел игілігіне қызмет етуге шақырды. Мектепті жаңадан бітіріп, жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарға тегін техникалық білім беру жолға қойылды. Біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз. Оны сақтау нығайту үшін ең бастысы бірлік керек.Біздің бірлігіміз, ынтымағымыз жарасып, осылай алға қарай жылжи берсек, әлемдік қауымдастықтағы өз орнымызды тауып, абыройымыз биіктей береді.

Елбасы тапсырмасымен қайта қаралған 2016 жылғы республикалық бюджет параметрлерлері экономиканы қайта құрылымдап, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан орын алуға мүмкіндік бермек.
Аршалы ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Округ бойынша барлық тұрғындар саны – 500 адам,

оның ішінде:

Аршалы ауылында – 451 адам,

Жарықтас ауылында – 49 адам,

Зейнеткерлер – 56 адам,

Округімізде Аршалы негізгі мектебі, ауылдық клуб, кітапхана, жол бойындағы кемпинг пен дәмханалар жұмыс істейді. Ауылда 87 сандық телефон, 72 үйде «Отау ТВ» орнатылған. Жасы 18-ге толмаған балаларға арналған жәрдемақыны 10 отбасы алады,

Округ тұрғындарының денсаулығын қадағалауға Аршалы ауылының ФАП-та 4 адам жұмыс істейді. Профилактикалық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып, толық орындалды. Жыл көлемінде 6 нәресте дүниеге келген. Респуликалық маызы бар трассаның Аршалы ауылының қасынан өтетін жерінде медициналық құтқару пункті ұдайы жұмыс істеп тұр. Мұндағы дәрігерлер округ тұрғындарына да өз қызметтерін көрсетуде.

Аршалы негізгі мектебі 1977 жылы жалпы білім беретін мектеп болып құрылған, 2011 жылы негізгі мектеп болып өзгерді. Әр санаттағы 18 мұғалім оқу-әдістемелік үрдісін жүргізіп, дәріс беруде. Оқушылар саны 80: оның ішінде 1-4 сыныптар – 40 оқушы, 5-9 сыныптар – 40 оқушы.

Мектепке дейінгі даярлық тобында – 9 оқушы

Кіші орталық тобында – 32 бала.

Тегін ыстық тамақпен әлуеметтік жағдай төмен отбасылардан – 33 оқушы қамтамасыз етілген.

Спорт мектебінен штат ашылып, греко рим күресінен 20 бала жаттығады.

2015 жылы округ бойынша 7 қылмыс тіркелді.
Округ бойынша 2016 жылдың 1 қантарына:

Ірі қара мал – 3675 бас

Қой мен ешкі – 9397 бас

Жылқы – 1248 бас тіркелді

2015 жылы ауыл шаруашылық өнімдері:

Ет – 1738 ц.

Сүт – 1100 ц.

Жұмыртқа – 3670 мың дана өндірілді.


Ауыл тұрғындарының негізгі бөлігі мал шаруашылығымен айналасады. Округке қарасты 24 шаруа қожалығы және «Аршалы» ЖШС-гі тіркелген.

Асыл тұқымды мал басын дамыту барысында 5 шаруа қожалығы 10 бас асыл тұқымды бұқа алып, «Болашақ» шаруа қожалығы 86 млн. теңге өз қаражатына 320 бас асыл тұқымды ірі қара малы әкелді, бұл шаруашылық мал бордақылау алаңын салды. Ауыл тұрғыны Мусылманкулов Қазбек малды қолдан ұрықтандыру екі айлық курстан өтіп, малды қолдан ұрықтандыруға барлық керек құрал жабдықтармен қамтамасыз етілілген.

Ауыл шаруашылық техникаларды жанарту мақсатында «КазАгромаркетинг» АҚ бойынша округ шаруа қожалықтары 3-жаңа трактор, 2-КУН, 3-Пресс сатып алды.

2015 жылы ауыл шаруашылық саласын дамыту мақсатында «Агро бизнеc - 2020» бағдарламасының шеңберінде «Даметкен» ш/қ және «Жарқын» ш/қ «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алуға, «Санияз» ш/қ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара малын алуға жоспарланып отыр.

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша – ауыл тұрғындары мал шаруашылығына несие алуға өтініштерін білдіруде.

«КазАгроФинанс» АҚ арқылы - 6 бірлікке ауыл шаруашылық техникасын жанартуы жоспарланған


Аршалы ауылдық округі әкімшілігі шаруа қожалығы және кәсіпкерлермен 2015 жылға өзара келісім ынтымақтастық меморандумдар жасалды. Меморандумдар бойынша әлеуметтік салаларға: ыстық тамақ, жолды қардан тазалау, мәдениет, спорт, санитарлық тазалық, атаулы күндерге, тұрмыс деңгейі төмен жанұяларға көмек көрсетіліп отыр. Округ шаруа қожалықтары аудан, облыс көлемінде өткізілетін жәрмеңкелерге белсене қатысып, өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатты. 2015 жылы шілде айында Жарықтас ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында осы ауылдың тұрғындарының қаражатына Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш орнатылды.

Мал басының тұрақты дамуы оның эпизотиялық тазалығын сақтау мақсатында жоспарлы турде аса жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, сарып ауруларына тексерілді. 1000 бас ірі қара, 4000 бас ұсақ мал басы бірдейлендіріп, компьютерлік базаға енгізілді. Ауылымыздың тазалығы және мал ауруларының алдын алу үшін малдың өлекселерін апарып тастайтын мал қорымы бар. Жұқпалы аурудан алдын алу үшін 6700 шаршы метр мал тұратын қоралар, баздар арнайы ДУК авто көлігімен дезинфекцияланды. Бос жүрген қанғыбас 29 иттің көзі жойылды. Ауылдағы ветеринарлық пункт және малды қолдан ұрықтандыру орталығы тұрақты жұмыс істеуде.


Жергілікті салықты орындау бойынша, мүлік салығы 13 000 теңге , жер салығы 48 300 теңге, көлік салығы 650 000 теңге Барлығы 711 300 тенге салық жиналды.

Үш айлық санитарлық тазалық жұмыстары кезінде округте қыстай жиналған қоқыстарды жинау бойынша сенбіліктер және «Таза бейсенбі» күндері өткізілді. Бұл іс-шараларға шаруа қожалығының техникалары мен ауыл тұрғындардың тракторлары жұмылдырылып 1300 текше метрдей қоқыс шығарылды. Ағымдағы жылы ескі үйлердің қатты қалдықтарын шығаруға және ағаштар отырғызуға жоспарланып отыр

Округті дамыту жоспары және «Кәсікерлікті карта» бойынша автокөлік саймандарын сату дүкені, тігін цехы тұрақты жұмыс атқарып отыр. Жеті кафе, үш азық түлік дүкені бар. Ветеринарлық пункт өз жұмысын жақсы деңгейде атқаруда. Аршалы ауылының көшелерінде электр жарығын беру бақандары орнатылған.

Аршалы ауылының «Ауыз су» мәселесі бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жобалық сметаға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленді.

Жерлесіміз Бейсенбаев Серикбосын Қоныспайұлы округта «Эко туризм» атты демалыс орының салуды жоспарланып отыр. Бұл жоспар ауыл тұрғындарға жаңа жұмыс орыны, жаңа мүмкіншіліктер бермек.

Округіміздің мәдениет іс шаралар жылдан жылға ауқымы кеңейіп, деңгейі көтеріліп келеді. Мәдениет қызметкері және Ауыл тұрғындарының ұйымдастырумен ауылдық клубта «Наурыз» мерекесі, «Отбасы» сайысы, «Қарттар күні», «Тұнғыш президент күні», «Тәуелсідік күні», Жаңа жыл мерекесіне орай ауыл өнерпаздармен бірге мерекелік концерт, кештер, спорттық ойындар, дөнгелек стол өткізілді. Ауданда өтетін мәдени іс шараларға ауыл өнерпаздары белсенды қатысуда. Биылғы жылы клубтын ағымды жөндеу жұмыстары демеушіліктер арқылы жоспарланып отыр.


Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай Аршалы ауылындағы Ұлы Отан соғысында ел қорғаған жауынгерлерге арналған ескерткішті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылымызда әрбір мерекелік іс-шаралар атаусыз қалмайды. Осы мерекелелік іс шараларға демеушілік болып жүрген ауылымыздың кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшылары және ауыл тұрғында әкімшілік атынан алғысымызды білдіреміз.

Құрметті жерлестер!


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті «

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

» атты Жолдауының жаңа экономикалық бағыты қазақстандықдарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсаттарға топтастыратын тарихи құжат. Міне осындай өмірлік маңызы зор Жолдауды округімізде талқылап, оның маңызын жеке түсіндіру, іс жүзіне асыру - баршамыздың міндетіміз. Ауыл тұрғындары округтің дамуына және отанымыз Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдіремін


Назарларыңызға рахмет!






Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная