17-параграф. ӘК командирінің өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын... 17-параграф. ӘК командирінің өкілеттіктері 18-параграф. Ұшу экипажы кабинасына кіру Учебный сайт
Учебные материалы


17-параграф. ӘК командирінің өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын...



бет3/26Дата17.04.2016өлшемі4.31 Mb. 4 5 6 7 8 9 ... 26

  • 18-параграф. Ұшу экипажы кабинасына кіру
  • 19-параграф. Ұшудағы ерекше жағдайларды модельдеу
  • 20-параграф. Рұқсат етілмеген тасымалдар
  • 21-параграф. Радиоэлектрондық құралдар
  • 22-параграф. Алкоголь мен құрамында есірткі бар заттар
  • 23-параграф. Қауіпсіздікке қатер төндіру
  • 24-параграф. Негізгі борт құжаттары
  • 25-параграф. Борттық нұсқамалар
  • 26-параграф. Бортта тасымалданатын қосымша ақпарат пен нысандар
  • 27-параграф. Жерде қалатын ақпарат
  • 28-параграф. Тексеру және инспекциялау
  • 29-параграф. Құжаттамалар мен есептік деректерді көрсету
  • 30-параграф. Борт құжаттарын сақтау
  • 31-параграф. Ұшу ақпаратын борттық тіркегіштерді пайдалану және сақтау
  • 32-параграф. Ұшу ақпаратын жинау құралдарының пайдалануын бақылау

:

images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер

17-параграф. ӘК командирінің өкілеттіктері


      104. Пайдаланушы әуе кемесі бортындағы барлық адамдардың әуе кемесі командирінің ұшу қауіпсіздігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды және әуе кемесінде тасымалданатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өз өкілеттігі шеңберінде беретін барлық пәрмендеріне бағынуын қамтамасыз етуге барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
      105. ӘК командирі:
      1) әуе кемесі ұшуының, оның жолаушылары мен онымен тасымалданатын мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет деп санайтын пәрмендер береді;
      2) өз пікірі бойынша әуе кемесінің немесе жолаушыларының қауіпсіздігіне әлеуетті қатер төндіретін жолаушыны, жүкті немесе оның бір бөлігін бортқа қабылдамайды (борттан алып тастайды);
      3) егер, оларды тасымалдау ұшу кезінде ұшақ қауіпсіздігіне немесе оның жолаушыларына қатер төндіруі мүмкін, бортқа кіруге құқығы жоқ адамдарды, депортацияланған адамдарды немесе конвоймен әкелінетін адамдарды тасымалдаудан бас тартады.

18-параграф. Ұшу экипажы кабинасына кіру


      106. Пайдаланушы осы ұшуға тағайындалған экипаж мүшелерін қоспағанда, егер ол:
      1) экипаж мүшесі;
      2) егер бұл оның міндеттерін орындауға қажет болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттатуға, бақылауға немесе инпекциялауға жауапты өкілі;
      3) пайдаланушының ҰЖН-дағы нұсқауларына сәйкес бортқа енуге рұқсат етілген және тасымалданатын адам болып табылмаса, бір де бір адамның бортқа енуіне рұқсат берілмеуін қамтамасыз етеді.
      107. ӘК командирі мыналарды:
      1) ұшу қауіпсіздігі мүддесінде ұшу экипажының құрамына кіретін адамдардың кабинаға кіруі ұшуды орындауды бұзу және/немесе кедергі
тудырмауын;
      2) экипаж кабинасында тасымалданатын барлық адамдардың ұшу қауіпсіздігі мақсатында осы кабинадағы әрекетінің тиісті рәсімдерімен танысуын қамтамасыз етеді.
      108. Әуе кемесінің бортындағы адамдарды, оның ішінде оған тиесілі адамдардың экипаждың әрекетіне араласуына, одан ұшуды орындауды жоспары мен тәртібін өзгертуді талап етуіне немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету не әуе қозғалысын басқару органдарының нұсқауларын орындамауына тыйым салынады.
      109. Ұшу экипажының құрамына кірмейтін адамдардың экипаж кабинасына енуі туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды.

19-параграф. Ұшудағы ерекше жағдайларды модельдеу


      110. Пайдаланушы жолаушыларды тасымалдау кезінде авариялық жағдай немесе жүйелердің, жабдықтар мен аспаптардың жұмыс істемеуіне имитация жасалмауын қамтамасыз етеді.
      111. Авариялық жағдайдың немесе жұмыс істемей қалудың (ақаулықтың) имитациясы ұшу жоспарына сәйкес тек оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде ғана рұқсат етіледі.

20-параграф. Рұқсат етілмеген тасымалдар


      112. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.09.2013 № 733 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      113. Әуе кемесінде жолаушылар ретінде болатын адамдарға:
      1) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жасауға;
      2) экипаж мүшелерін қорқытуға;
      3) ұшудың барлық кезеңінде әуе кемесінің бортында темекі шегуге тыйым салынады.
      114. Мынадай:
      1) ӘК немесе ондағы кез келген адам мен мүліктің қауіпсіздігі үшін қажетті әрекеттерді орындау мақсатында; және
      2) егер онда жүктер тасымалданып, бұл бөлікте ӘК ұшуы уақытында адамның енуі сындарлы көзделген болса ӘК командирінің рұқсатымен ӘК қандай да бір бөлігінде уақытша ену жағдайларын қоспағанда, ұшу кезінде бір де бір адам ӘК-нің адамдардың болуына арнайы қарастырылмаған бөлігінде болмауы тиіс.

21-параграф. Радиоэлектрондық құралдар


      115. Әуе кемесінде жолаушы ретінде болатын адамдарға: ұшудың барлық кезеңінде әуе кемесінің бортында кез келген радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
      116. Әуе кемесінің бортында орнатылған тұрақты құралдарды пайдалану бұған жатпайды.

22-параграф. Алкоголь мен құрамында есірткі бар заттар


      117. Егер жолаушы өз денсаулығына немесе әуе кемесі бортындағы адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызатын алкогольді, есірткілік, токсикомандық мас күйінде болса, авиакомпанияның бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен жолаушыны әуе тасымалдау шарты бұзылуы мүмкін.
      118. Жолаушының алкогольді, есірткілік, токсикомандық мас күйі «Психикалық белсенді заттарды тұтынғаны және мас күйінде екендігі фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2389 нөмірімен тіркелген) белгіленген тәртіпте медициналық куәландырумен расталады.

23-параграф. Қауіпсіздікке қатер төндіру


      119. Пайдаланушы ӘК мен оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігіне қауіп келтірмей ұшуды қамтамасыз етеді.
      120. Пайдаланушы бір де бір адамның:
      1) адамдардың өміріне немесе денсаулығына ұшу үстіндегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, әуе кемесінің бортында зорлық-зомбылық актісін жасамауы;
      2) әуе кемесін және ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін оның жабдығына зақымдамауы;
      3) ұшып келе жатқан әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін көрінеу жалған мәліметтер хабарламауы;
      4) әуе кемесіне әуе кемесін бұзуы немесе оның ұшудағы қауіпсіздігіне қатер төндіретін зақым келтіруі мүмкін құрылғыларды немесе заттарды орналастыруға әкелетін әрекеттерді жасамауы;
      5) әуе кемесінің бортында авариялық ахуалдың пайда болуы жағдайларын қоспағанда, әуе кемесінің есіктерін және (немесе) авариялық шығыстарды ашу ниетін жасамауы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

24-параграф. Негізгі борт құжаттары


      121. Ұшу кезінде авиациялық жұмыстарды орындау немесе жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрі – ЖМА) мақсатында ұшу кемесінің бортында әуе кемесінің экипажы уәкілетті лауазымды тұлғалардың талабы бойынша көрсететін мына құжаттар болуы тиіс:
      1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      2) пайдаланушы сертификатының (куәлігінің) ресми куәландырылған көшірмесі және ЖМА мақсатында аса жеңіл және жеңіл әуе кемелерінде ұшуды орындау жағдайларын қоспағанда, әуе кемесінің осы үлгісіне жататын пайдалану ерекшелігі данасы. Пайдаланушы мемлекеті сертификат пен онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін ағылшын тілінен басқа тілде жасақтаған жағдайда, ағылшын тіліндегі аудармасы енгізіледі;
      3) ұшуға жарамдылық сертификаты (ұшуға жарамдылық туралы куәлік);
      4) борттық және санитарлық журналдар, ҰПН (аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдалану кезінде борттық және санитарлық журналдардың, ҰПН болуы міндетті емес);
      5) егер әуе кемесі радиоаппаратурамен жабдықталған болса, борттық радиостанцияға арналған рұқсат;
      6) әуе кемесінің экипажы мүшелерінің куәліктері мен экипаж мүшелерінің олардың денсаулық жай-күйі талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары;
      7) әуе кемесі бортындағы адамдардың тізіміне ӘК командирі қол қояды және ол мыналарды:
      әуе кемесімен тасымалданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын, жеке басын куәландыратын құжат нөмірін;
      жоспарланған ұшу күнін, уақыты мен бағытын;
      әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін;
      пайдаланушының сертификатына (куәлігіне) енгізілген әуе кемесімен ұшуды орындаған жағдайда пайдаланушы куәлігінің (сертификатының) нөмірін қамтиды;
      8) егер бортта әуе кемесінің иесі болмаса, онда ӘК командирінің әуе кемесінің атынан еркін нысанда жазылған оған әуе кемесін басқаруға уәкілеттік беретін сенімхат немесе пайдаланушының сертификатына (куәлігіне) енгізілген әуе кемесімен ұшуды орындау кезінде - пайдаланушы ресімдеген ұшуға арналған тапсырма болады.
      Ескерту. 121-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      122. Әрбір ұшуды орындау кезінде әрбір әуе кемесінің бортында коммерциялық әуе тасымалдары мақсатында мынадай кеме құжаттары болады:
      1) әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
      2) әуе кемесінің осы үлгісіне жататын пайдалану ерекшелігі бар пайдаланушы сертификатының (куәлігінің) ресми куәландырылған көшірмесі. Пайдаланушы мемлекеті сертификатты ағылшын тілінен басқа тілде жасақтаған жағдайда, ағылшын тіліндегі аудармасы енгізіледі;
      3) ұшуға жарамдылық сертификаты. Пайдаланушы мемлекеті сертификатты ағылшын тілінен басқа тілде жасақтаған жағдайда, ағылшын тіліндегі аудармасы енгізіледі;
      4) Жергілікті жердегі шу бойынша сертификаты (қажет болған кезде). Пайдаланушы мемлекеті сертификатты ағылшын тілінен басқа тілде жасақтаған жағдайда, ағылшын тіліндегі аудармасы енгізіледі;
      5) егер әуе кемесі радиоаппаратурамен жабдықталған болса, борттық радиостанцияға арналған рұқсат;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті сақтандыру түрлерінің сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      7) халықаралық ұшу кезінде дезинсектизация (дезинсекция) туралы
сертификат;
      8) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде Ұшудың негізгі қағидаларының (ҚР ӘК ҰНҚ) 9-қосымшасында көзделген ақпаратты қамтитын борттық техникалық журнал мен ұшақтың санитарлық журналы (шетелде өндірілген әуе кемелері үшін борттық техникалық журнал ағылшын тілінде болуы мүмкін).

25-параграф. Борттық нұсқамалар


      123. Пайдаланушы мыналарды:
      1) әрбір ұшуда әуе кемесінің бортында пайдаланушының бекітілген ҰЖН-ның (экипаж міндеттеріне жататын ҰЖН бөлігі мен ұшуды дайындау және орындау тәртібі) болуын;
      2) экипаж мүшелері үшін әуе кемесінің бортындағы ҰЖН-ның ұшуды орындау үшін қажетті бөліктеріне қолайлы қол жеткізуді;
      3) бортта бекітілген ҰПН болуын (аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдалану кезінде ҰПН-ның, борттық және санитарлық журналдардың болуы міндетті емес);
      4) MEL болуын (қажет болған кезде) қамтамасыз етеді.
      124. Шетелде өндірілген әуе кемесінің ұшу нұсқамасы ағылшын тілінде болуы мүмкін.

26-параграф. Бортта тасымалданатын қосымша ақпарат пен нысандар


      125. Осы Қағиданың 24 және 25-параграфтарында ұйғарылған құжаттар мен Нұсқамаға қосымша әрбір ұшу уақытында пайдаланушы әуе кемесінің бортында мына құжаттардың немесе олардың көшірмелері мен нақты ұшумен және ұшу аудандарымен байланысты (орындалатын авиациялық жұмыстармен) нысандардың болуын қамтамасыз етеді:
      1) пайдаланушы талаптарының көлеміндегі ақпаратты қамтитын ұшуға арналған тапсырма;
      2) ұшудың жұмыс жоспары;
      3) флайт-жоспар;
      4) анықтама навигациялық ақпарат (NOTAM/AIS);
      5) метеорологиялық ақпарат;
      6) осы Қағиданың «Әуе кемесінің массасы мен орталықтануы» бөлігінің (көрсетілген құжаттар ҰЖН құрамына кіруі мүмкін) ережелеріне сәйкес масса мен орталықтану бойынша құжаттар;
      7) арнайы қызметтер персоналы (егер олар экипаж құрамына кірмесе), мүгедектер, әдетте бортқа кіргізілмейтін адамдар, департацияланатын адамдар мен конвоймен алып жүретін адамдар сияқты жолаушылардың арнайы санаттары туралы хабарлама;
      8) Әуе бойынша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі Техникалық нұсқауға сәйкес әзірленген (Doc 9284 ИКАО) «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6822 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына сәйкес ӘКК жазбаша хабарлау және қауіпті жүктерді қоса алғанда, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау құжаты мен арнайы жүктер туралы хабарлама және командирді жазбаша хабардар ету;
      9) жоспарланған бағыттың және негізгі бағыттан ауытқыған жағдайда ықтимал пайдалануға тура келетін барлық бағыттардың қолданыстағы және тиісті карталары, схемалар мен жанама құжаттар;
      10) хабарлау нысандары «Авиациялық оқиға», «Тосын оқиға», «Қауіпті жақындау»;
      11) тексерулердің бақылау карталары;
      12) аэронавигация бойынша құжаттар (аэронавигациялық ақпараттар жинақтары, қонуға ену картасы мен экипаж мүшелерінің пайдалануына арналған қағаз және (немесе) электрондық тасығыштардағы бағыттық аэронавигациялық (ұшу) карталары);
      13) ұшу ақпаратын тіркеудің борттық құрылғылары паспорттарының көшірмелері мен градуирлеу сипаттамалары (ұшу деректерін өзі жазғыш FDR – қысқартылған атауы ағылшын тілінде), борттық сөздік өз бетінше жазғыш CVR - қысқартылған атауы ағылшын тілінде, параметрлерді тіркеуді магниттік өзі жазғыш (МСРП), ӘК түріне қарай ұшу параметрлерін автоматты тіркеу жүйесі);
      14) ұшақтың және қозғалтқыштың жұмыс істеген уақыты туралы анықтама (егер бұл деректер борттық техникалық журналда болмаса);
      15) барынша жиі кездесетін ақаулықтар мен бұзылулардың каталогтар, іздеу және жою мақсатында оларды іздеу мен жою жіктемесі;
      16) жанар-жағар май материалдарын (бұдан әрі - ЖЖМ) құюға арналған талаптар;
      17) мемлекет талап етуі мүмкін бұл ұшуға қатысы бар кез келген өзге де құжаттама.
      126. Ұшу кемесі үшін санитарлық журнал жүргізіледі, онда әуе кемесінде жүргізілген санитарлық іс-шаралар туралы ақпарат көрсетіледі. Әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысының шешімі бойынша санитарлық журнал ретінде борттық журнал пайдаланылуы мүмкін.

27-параграф. Жерде қалатын ақпарат


      127. Пайдаланушы ұшуды орындау кезінде ұшуға байланысты және ұшу сипатын көрсететін ақпараттың жерде сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ұшу туралы ақпарат осы Қағиданың 30-параграфының талаптарына сәйкес сақтау орнында көшірген сәтке дейін сақталады.
      128. Осы Қағиданың 127-тармағында көрсетілген ақпарат мыналарды қамтиды:
      1) ұшу тапсырмасының көшірмесі;
      2) ұшудың жұмыс жоспарының (навигациялық есептің) көшірмесі;
      3) Борттық техникалық журналдың тиісті бөлігінің көшірмелері;
      4) егер пайдаланушы басып шығарса арнайы NOTAM-дардың көшірмесі;
      5) масса мен орталықтау жөніндегі құжаттама;
      6) арнайы жүктер туралы хабарлама;
      7) пайдаланушы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде:
      қауіпті жүктерді тасымалдау құжаты;
      қабылдаудың бақылау парағы (егер, ол толтыруды талап ететін нысанда болса);
      әуе кемесі командирінің жазбаша ақпараты.
      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

28-параграф. Тексеру және инспекциялау


      129. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес саладағы азаматтық әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің кабинасында немесе салонында болу құқығымен қоса) пайдаланушымен келісім бойынша бола алады. Алайда, бұл ретте әуе кемесінің командирі арнайы ұшу дайындығы жоқ инспекциялаушы адамға, егер бұл оның пікірінше әуе кемесі үшін қауіп төндіруі мүмкін болса, кабинаға енуіне рұқсат бермеуге құқылы.
      130. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы экипаждың кез келген мүшесінің өтініші бойынша оның инспекциялық тексеру құқығына өкілеттіктерді растайтын құжаттарды көрсетеді.

29-параграф. Құжаттамалар мен есептік деректерді көрсету


      131. Пайдаланушы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасына кез келген құжаттамаға және ұшу пайдаланумен не техникалық қызмет көрсетумен және авиатехниканың жөндеумен (бұдан әрі - ТҚжЖ) байланысты есеп деректеріне рұқсат ұсынады;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде барлық құжаттар мен осындай есептік деректерді дайындайды және көрсетеді.
      132. ӘК командирі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасының сұрауынан кейін оған әуе кемесінің бортында міндетті түрде болуы тиіс құжаттарды ұсынады.

30-параграф. Борт құжаттарын сақтау


      133. Пайдаланушы мыналарды:
      1) егер, ол тіптен әуе кемесінің пайдаланушысы ретінде өз қызметін тоқтатса да талап етілетін уақыт кезеңі ішінде кез келген құжаттаманың немесе олардың көшірмелерінің сақталуын;
      2) егер, экипаждың бұл мүшесі басқа пайдаланушыға ауысса экипаждың бұл мүшесінің есеп деректеріне енуін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      134. Құжаттаманы сақтау мерзімдері осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген сақтау мерзімі өткеннен кейін құжаттама пайдаланушының мұрағатында сақталады.

31-параграф. Ұшу ақпаратын борттық тіркегіштерді


пайдалану және сақтау


      135. Авиациялық оқиғадан кейін ұшу ақпаратын жинау құралдары орнатылған әуе кемесінің пайдаланушысы борттық жинақтағыштардың немесе жинақтағыш толықтай бұзылған жағдайда оларды оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияға бергенге дейін ұшу ақпаратын борттық тіркегішінің және борттық магнитофонның осы авиациялық оқиғамен байланысты жазбалары түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
      136. Міндетті тексеруге жататын оқыс оқиғадан кейін бортында ұшу ақпаратын жинау құралдары белгіленген әуе кемесінің пайдаланушысы ұшу ақпаратын борттық тіркегіштің және борттық магнитофонның осы оқыс оқиғамен байланысты жазбаларының түпнұсқасы мен көшірмелерін, егер тексеру жөніндегі комиссия тарапынан өзге нұсқаулар берілмесе әуе кемесінен жазу тасығыштарын алған сәттен бастап 12 ай бойы сақтайды.
      137. Егер талаптарға сәйкес әуе кемесінің бортында ұшу ақпаратын тіркегіш орнатылса, бұл әуе кемесінің пайдаланушысы:
      1) әуе кемесін пайдалану барысында борттық тіркегіш жазбаларын өңдеу немесе техникалық қызмет көрсету жүргізу кезінде осыған ұқсас жұмыстар жүргізетін келесі сәтке дейін ұшу кемесінің бортынан алынған ұшу пайдаланудың соңғы кезеңі ішіндегі жазбалардың (ақпарат тасығыштарының) түпнұсқаларын сақтайды;
      2) егер ұшу ақпаратын тіркегіштің жай-күйін бақылау мен оларға қызмет көрсету жүргізу үшін қорғалған жинақтағыштағы жазба өшірілуі тиіс болса, онда жазба ақпаратының жалпы көлемінің уақыты бойынша 5 %-дан аспайтын көлемдегі тек ескі материалдарды өшіруге рұқсат етіледі;
      3) тіркелген деректерді өңдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды сақтайды (кодталған ақпаратты физикалық шама параметрлеріне ауыстыру тағы басқа).
      138. Бортында ұшу ақпаратын жинау құралы орнатылған әуе кемесінің пайдаланушысы бұл аспаптармен жасалған кез келген жазбаны шифрлауды ашуға және жаңғыртуға арналған құрал меншігінде болады немесе оны шарт бойынша пайдалануға мүмкіндігі бар.
      139. Ұшу ақпаратын борттық тіркеуші мен қажет болған кезде борттық магнитофон жазбаларын пайдаланушы мыналар:
      1) міндетті тергеуге жататын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру;
      2) әуе кемесінің, оның жүйесінің жай-күйі мен ҰПН және ҰЖН-да белгіленген пайдалану шектеулерінен ықтимал шығуды қоса алғанда, ұшуды орындау шарттарын ұшудан кейінгі шұғыл бақылау және экипаж әрекетін бақылау;
      3) пайдаланушының немесе уәкілетті органның ұшу жарамдығын ұстау немесе әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу мүддесіндегі басқа да міндеттерді шешу үшін пайдаланады.
      140. Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейінгі шұғыл бақылау мына:
      1) ұшудың борттық тіркеушісі ақаулы болған;
      2) жүйелі жолаушылар тасымалы кезінде бару әуежайындағы қону жағдайларынан басқа, базалық әуеайлақта қонуды орындау жағдайларын қоспағанда, әуе кемесінің әрбір қонуынан кейін орындалады.
      Әуе кемесінің базалық әуеайлаққа оралуы кезінде соңғы ұшудан кейінгі бақылау сәтінен басталатын кезең ішінде жинақталған барлық ұшу ақпараты өңделеді.
      141. Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейінгі шұғыл бақылау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рәсімдер мен алгоритмдерді пайдалана отырып, орындалады. Көрсетілген рәсімдер ұшудан кейінгі бақылау нәтижелері бойынша белгіленген талаптардан ауытқу анықталған кезде іс-қимыл тәртібінде көздейді.
      142. Әуе кемесінің пайдаланушысы осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейінгі шұғыл бақылау нәтижелерін оларды алған сәттен (нақты ұшу ақпаратын өңдеген күннен) бастап 3 ай бойы сақтайды.

32-параграф. Ұшу ақпаратын жинау құралдарының пайдалануын бақылау


      143. Әуе кемесін ұшу алдында дайындау кезінде бақылаудың енгізілген құралдарын пайдалана отырып, ұшу ақпаратын борттық тіркеуші мен борттық магнитофонның жұмыс қабылатын бақылау орындалады.
      144. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетудің тиісті түрін (нысанын) орындау кезінде жылына 1 реттен жиі емес соңғы екі ұшуда жасалған жазбаның сапасын оқу және талдау жолымен ұшу ақпаратын борттық тіркеуші мен борттық магнитофонның ақаусыздығына бақылау жүргізіледі. Мұндай талдау ақпарат ақаулығының жиілігі, сипаты мен таралуын, дыбыстық ақпараттық түсініктілігін бағалауды, ұшу кезеңі бойынша параметрлер жазбасының өзгеру сипаты мен олардың белгіленген рұқсаттарға сәйкестігін көздейді.
      145. Ұшу ақпаратын борттық тіркеуші мен борттық сөйлесуді өздігінен жазғышты, егер:
      1) енгізілген құралдармен ұшу алдындағы бақылау кезінде ұшу ақпаратын борттық тіркеуші мен борттық магнитофонның жұмыс істемеу қалуы анықталса;
      2) жыл сайынғы тексеру кезінде жазба сапасының ауытқуы байқалса немесе аз дегенде тіркелуге міндетті бір параметрін ұшу ақпаратын борттық тіркеуші пайдалану құжаттамасының талаптарынан ауытқи отырып жазса;
      3) Осы Қағиданың 139-тармағының 2) тармақшасында көзделген ұшудан кейінгі шұғыл бақылау үдерісінде жазба сапасының ауытқуы байқалса немесе аз дегенде тіркелуге міндетті бір параметрін ұшу ақпаратын борттық тіркеуші пайдалану құжаттамасының талаптарынан ауытқи отырып жазса олар ақаулы болып саналады.
      146. Ұшу ақпаратын борттық тіркеушінің барлық өлшеу арналарын градуирлеу жылына 1 реттен жиі емес жүргізілуі тиіс.
      147. Ұшу ақпаратын жинау құралдарын жыл сайынғы тексеру нәтижелері бойынша жыл бойы сақталатын (келесі тексеру туралы есеп ресімделгенге дейін) есеп жасалады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның талабы бойынша оған бақылау үшін ұсынылады.

2. Әуе кемелері


      148. Азаматтық әуе кемелері қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.
      149. Азаматтық әуе кемесі, егер ол Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылған, дайындалған, жарақталған және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен болса ұшуға жарамды деп танылады.
      150. Ұшу жарамдылығы сертификаты (ұшуға жарамдылық туралы куәлігі) жоқ азаматтық әуе кемелерін коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
      151. Барынша жоғары (сертификатталған) ұшып көтерілу салмағына, жабдықтармен жарақталуына қарай әуе кемелері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жіктеледі.
      152. Ұшу қашықтығы бойынша азаматтық әуе кемелері мыналарға бөлінеді:
      1) магистральдық қашық – 6000 км және одан астам;
      2) магистральдық орта – 2500-нан 6000 км дейін;
      3) магистральдық жақын – 1000-нан 2500 км дейін;
      4) ұшу қашықтығы 1000 км дейін әуе кемелері.
      153. Іздегі турбулентілік санаты бойынша және ұшып көтерілудің ең көп сертификатталған салмағына сәйкес азаматтық әуе кемелері мыналарға бөлінеді:
      1) ауыр (Н) – салмағы 136 тонна немесе одан астам әуе кемелерінің барлық үлгілері;
      2) орта (М) – салмағы 136 тоннадан аз, бірақ 7 тоннадан астам әуе кемелерінің үлгілері;
      3) жеңіл (L) – салмағы 7 тоннадан аз әуе кемелерінің үлгілері.
      Турбуленттілік санат әуе кемелеріне қатысы бойынша ауыр әуе кемелеріне тән, мұндай әуе кемелері мен ӘҚҚ органдары арасында ұшып шығу немесе ұшып келу алдында бастапқы радиотелефон байланысын орнату кезінде әуе кемесінің шақырымына «ауыр» деген сөз қосылады.
      154. Тікұшақтар ұшу-техникалық сипаттамасы бойынша мыналарға бөлінеді:
      1) 1-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, қауіпті қозғалтқыш жұмыс істемей қалған жағдайда оларға ұшып көтерілу аймағында қонуды орындауға немесе ақаулық қашан болғанына қарай жерге қонудың тиісті аймағына дейін ұшуды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік береді;
      2) 2-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, ақаулық ұшып көтерілуден соң сипатты нүктеге жеткенге дейін немесе мәжбүрлі қонуды орындау талап етілетін қонуға дейін сипатты нүктеден соң орын алған жағдайларды қоспағанда, қауіпті қозғалтқыш жұмыс істемей қалған жағдайда оларға ұшуды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік береді;
      3) 3-сыныпты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, ұшу траекториясының кез келген нүктесінде қозғалтқыш жұмыс істемей қалған жағдайда оларға мәжбүрлі қонуды орындауға мүмкіндік береді.
      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная