Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты на <br /> Учебный сайт
Учебные материалы


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.05.2016өлшемі62.63 Kb.

  • 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  • 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар, сонымен қатар электронды түрде

:

sites -> default -> files -> gosuslugi -> standarty
standarty -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
standarty -> «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»
standarty -> «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
standarty -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»
standarty -> «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару»
standarty -> «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін қабылдау»
standarty -> «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
standarty -> «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар)


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығы

на

6-қосымша

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




1. Жалпы ережелер


1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлігімен мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, веб-қосымша «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі – салық төлеушінің кабинеті);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;



электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) жою немесе ауыстыру – көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды түрде (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) ЭЦҚ жеткізгішті беру;

2) ЭЦҚ жою;

3) ЭЦҚ ауыстыру;

Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы: ЭЦҚ электронды

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі қызмет беруші).

8. Жұмыс кестесі:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерді қабылдау және қорытындыларды беру сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

2) портал, салық төлеушінің кабинеті – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда. (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс күні аяқталғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес келесі күнмен қабылданады).

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



қызмет берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;



қызмет алушының жеке төл құжаты (жеке тұлғаны сәйкестендіру).

Қызмет берушіге жүгінген кезде қызмет алушы құжат тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі, сонымен қатар талон ішінде күні және сағаты жазылады.

порталға:

салық өтініші электронды құжат түрінде.

жеке куәлік, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеу құжаттары туралы мәліметтерді қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны/қабылданбағаны, сағаты және күні туралы электрондық хабарлама/растама алады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


  1. Жеке тұлға – аты, жөні, тегі, почта мекен-жайы, байланыс телефондары;

  2. Заңды тұлға - атауы, почта мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні.

Қызмет алушы жүгінген кезде міндетті түрде колы болуы тиіс.

қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар, сонымен қатар электронды түрде

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуді ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



қосымша




Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная