Өзін-өзі бақылау сұрақтары - ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені “Орман аңдары мен құстарының биологиясы” Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Әдебиеттер. 1 Модуль Орнитология Учебный сайт
Учебные материалы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары - ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені “Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет3/7Дата03.05.2016өлшемі1.01 Mb. 4 5 6 7

  • Әдебиеттер.
  • Дәрістің қысқаша жазбасы.
  • Өзін-өзі бақылау сұрақтары
  • Түлкі
  • Омыртқасыздар
  • Түнгілерінің
  • Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар әлемі
  • Жануарлар әлемі
  • ануарлар әлемінде белгісіз көптеген белгілер мен қасиеттер пайда болды. Сондықтан аңдар тіршілік үшінгі күресте жеңімпаз атанып, қазіргі жалпы табиғи жүйеде өз орнын алды.
  • Жәндікқоректілер
  • Кеміргіштер
  • Жұптұяқтылар
  • Шың құзды

:

ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Әртүрлі орман типтерінде құстар қалай таралған?

  2. Құстар және орман зиянкестері туралы не білесіз?

  3. Жыртқыш құстарды сипаттаңыз.

  4. Орман жағдайына құстардың тигізетін әсері неде?

  5. Орманды қорғау үшін құстарды еліктірудің техникасы қандай?

  6. Құстарды қорғауға арналған орман шаруашылығының тәсілдері және экожүйедегі құстардың рөлі.

  7. Қазақстанның қызыл кітабы, сирек кездесетін түрлердің тұрақтанған жай күйінің топтары (категориялары) қандай?

Әдебиеттер.

7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

1 Модуль Орнитология

7 дәріс тақырыбы – Құстар класының жүйелеуіне (систематика) шолу.



Дәріс жоспары:

Құстар класының тармақтары.

Алғашқы және Нағыз құстар.

Құстардың құрып біткен, қазіргі тобырлары (қатары).

Дүние жүзілік құс мақұлықтары туралы жалпы түсінік.

Түрлердің жалпы саны.



Қазіргі құстар қатары, олардың қазақша, орысша, латынша аттары, көлемі мен құрылымы, негізгі тұқымдастары, сипаттамасы және морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, негізгі түрлері.

Дәрістің қысқаша жазбасы.

Құстар омыртқалы жануарлар класы. Олардың өкілдерінің денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары ұшуға бейімделіп, қанатқа өзгерген. Кейбіреулерін қоспағанда, құстар ұшатын жануарлар, ал ұшпайтын түрлерінде жетілмеген қанаттары болады. Құстар қатты жерде артқы аяқтарымен жүреді. Сондықтан, олар басқа барлық жерүсті омыртқалылар ішіндегі қос аяқтыларға жатуымен ерекшеленеді. Құстардың зат алмасуы өте қарқынды, дене температурасы тұрақты, жоғары, жүрегі 4 камерадан тұрады, қызыл тамыр қаны көк тамырлы қаннан бөлінген. Биология тұрғысынан қарағанда құстарға 2 нәрсе тән. Біріншіден, қарқынды зат алмасуы мен тіршілік процесінің қарқынды жүруі, ал екіншіден, ауадағы қозғалысы –

ұшуы

. Құстардың осы екі қасиеті, оларды басқа омыртқалылар тобынан ажыратады. Біртіндеп тарихи дамуында олар жорғалаушылармен жалпы ортақ туыс болғанымен, биологиялық айырмашылықтары айтарлықтай. Құстар кеңістіктегі қозғалысымен, оны өтудегі мүмкіндігімен жерүсті омыртқалылар ішінде 1 орынға ие. Оның зор қозғалысы бұлшық етінің үлкен жұмысына, қуаттың көп шығындануына, әрі оны тез және қарқынды орнына келтіруге байланысты. Құстар

өкпесі

аз созылады, үлкен емес. Бірақ, ондағы оттегіні пайдалану, онымен қоректену өте қарқынды жүреді. Ол құстың ауа қаптары жүйесінің жұмысымен баяндалады. Құстарда басқа омыртқалыларға қарағанда белсенді тыныс алу ауаны алғанда да, әрі ауаны шығарғанда да жүреді. Бұл құбылыс организм зат алмасуының қарқынды маңызын көрсетеді. Қызыл тамыр

қаны

көк тамыр қанынан толық бөлінген, ал жүрек жұмысы өте қуатты. Олар ас қорыту ағзалары жұмысын да қатты атқартады. Құс аса көп азық пайдаланады, ал оны қорыту өте жылдам, әрі толық жүреді. Құстың бұл ерекшеліктері дене температурасының тұрақтылығына байланысты. Құстардың дене қызуы сүтқоректілерге қарағанда өте жоғары. Ол көбінесе 42° С жуық, біраз түрлерінде ол 39° С төмендейді, кейде ол 45 және 45,5° С жетеді. Құстардың

басқа

биологиялық ерекшеліктері мен құрылысы, оның көбею ағзаларында байқалады. Жорғалаушылармен салыстырғанда, оның біріншіден, көбею қарқындылығы төмен, екіншіден, көбеюге жалғасты биологиялық құбылыстары, әрі ұрпаққа деген қамқорлық ерекшеліктері де күрделі. Кейінгі өсімталдығының төмендігін түсіндіреді. Құстардың біртіндеп тарихи дамуы, олардың ұшуға бейімделу қабылеттілігін алуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Құс организмінде негізгі биологиялық, анатомиялық белгілерінің пайда болуы олардың жылжымалылығы пайда болып, дамуымен, қозғалу қабылетінің жақсаруымен бірге жүруі керек еді.

Қазбадан

табылған материалдар эволюциялық дамудың белгілі сатысында құстардың ата-тегі жерүсті жүгіретін жорғалаушылар болғанын көрсетті. Олар біздің түсінігіміз бойынша, жануарлар әлімінің жалпы эволюция жолында триас дәуірінде, мүмкін пермск кезеңінде тіршілік еткен көне археозавр тобына жатады. Әрине, олар жерүсті жүгіруші түрі, барлық жағынан олар ірі жануарлар емес.

Юра

уақытында жорғалаушылар мен құстар арасында аралық көне түр –археоптерикс болған. Оларда қазіргі құстардың кейбір белгілері пайда болған, әсіресе қауырсындар немесе оған ұқсас құрылымдар. Сондықтан, ол кезде құстардың ата-тегі жерүсті тіршілік қалпынан ағаштыға ауысты. Мүмкін, дене температурасының тұрақтылығы пайда болды (оны археоптерикстегі қауырсындар көрсетеді). Археоптерикс қаңқасының құрылысы құстарға әлі ұқсас емес, маңызды қызмет ерекшеліктеріде жоқтығын көрсетеді. Құстың жалпы даму сатылары (юра кезеңінен кейін), олардың қозғалыс мүмкіндігінің жақсаруымен және ұшуға қабылеттілікке ие болғанымен байланысты. Құсқа терісінің қауырсыннан тұратыны тән. Ол жорғалаушылардың түрі өзгерген қабыршағы. Қауырсын тері арқылы судың шығысын азайтады, жылуды бөлуді төмендетеді, ұшуға көмектеседі, оған қажет бетті береді. өтпеуінен қорғайды. Жануарлар ішінде тек құстар мен сүтқоректілер денелері ғана тұрақты қалыпты температура сақтайды. Сондықтан оларды жылы қанды, ал басқа жануарларды

салқын қанды

деп атайды. Бірақ, бұл дұрыс емес. Себебі, бақалар немесе жыландардың ыстық күндері дене температуралары құстар мен сүтқоректілерге қарағанда жоғары болады. Кейінгілерде қоршаған орта температурасы айтарлықтай тұрақсызданғанымен, тұрақты қалыпты температура сақтайтын механизмі құралған. Дененің тұрақты қалыпты температурасы зат алмасуының тұрақты жылдамдықпен жүруіне және жануарларға суық ауа-райында белсенді болып қалуына мүмкіндік береді. Құстар динозаврдың

текодонт

деп аталатын жабайы тобынан шыққан. Жорғалаушылар сияқты құстарда жұмыртқа салады. Ол ұрғашы организмнің ішінде ұрықтанады. Аяқтарында қабыршақтары болады. Ең алғашқы құстардың тістері болғанын, әрі ол жорғалаушыларға ұқсас екенін қазбадан табылған қалдықтары көрсетті. Құстардың ұшуға бейімделуі ауаға толы сүйек қуыстарын дамытты және өкпе өсінділері ауа қаптарын берді. Олар ішкі ағзалар арасындағы кеңістікті толтырады. Барлық құстар ұша бермейді. Олар түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген және әр түрінің бір-бірінен айырмашылығы айтарлықтай, ол тұмсығы, аяғы, қанаттары және құйрығынан ақ белгілі. Құстар ертеден-ақ қарқынды зертеле басталды. Себебі, адамдарды олардың түсі, даусы, мінез-құлқы қызықтырды. Құстардың мінез-құлқы ішінде көңіл аударлық жай сол, ол жыл сайынғы көптеген түрлерінің қоныс аударуы (ұшып өтуі). Жыл сайын Аляскадан Патагонияға және қайта қоныс аударатын құстарда бар (алтын татрең-золотистая ржанка; қарқылдақ шағала-полярная крачка), олардың жолы 40 000 км жуық. Басқалары әр қыс сайын бірнеше жүз км қоныс аударып, юңтүстікке барады. Ал, виргин үкісі-филин немесе бөдене-бытпылдық-перепел ешқашанда қоныс аудармайды. Кейбір құстардың көктемгі солтүстікке қоныс аударуы күн ұзақтығының көбеюіне байланысты екені дәлелденді. Ол гипоталамусқа, ал гипоталамус өз кезегінде гонадотропты гормон бөлетін гипофизға әсер етеді. Одан соң ен немесе жұмыртқалық өсуін белсендіретін жыныс гормондарының саны артып, олар қанға түседі. Сондықтан құстар оянып, қоныс аударады. Құстардың адамға тигізер пайдасы айтарлықтай, тіпті әртүрлі: олар зиянды кеміргіштерді, жәндіктерді, арамшөп тұқымдарын жояды; көптеген өсімдіктердің тозаңын-пыльца, тұқымдарын таратады; гуано (құс бөлінділері), оларды кейбір аудандарда теңіз құстары салады. Олар құнды тыңайтқыштар; одан басқа, адамдар көптеген құстарды азық ретінде қолданады, ал олар түрлі пайдаланудағы қауырсын, мамықтарды береді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Құстар класының тармақтарын баяндаңыз.

  2. Құрып біткен және қазіргі құстар қатары туралы не білесіз?

  3. Дүниежүзілік құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік.

  4. Құс түрлердің жалпы санын білесіз бе?

  5. Қазіргі құстар қатары, олардың аттары, көлемі, құрылымы, негізгі тұқымдастары, сипаттамасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізгі түрлері неде?

Әдебиеттер.

7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

2 Модуль Териология

8 дәріс тақырыбы – Орман тіршілігіндегі сүтқоректілердің практикалық маңызы.



Дәріс жоспары:

Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері.

Санитар-аңдар және ауру таратушылар.

Орманның табиғи сауығуына, зиянды омыртқасыз, омыртқалы жануарларды жоятын, ағаштар мен бұталар тұқымдарын тарататын аңдар әсер етеді.



Дәрістің қысқаша жазбасы.

Сүтқоректілер адам өміріне тигізер рөлі аса зор және әртүрлі. Оны тіпті қайта бағалау мүмкін емес. Олардың көбі, әсіресе үй жануарларының, шаруашылықта аса зор маңызы бар. Өйткені, олар адамға азық-түлік және өндіріске қажет шикізат көзі болып келеді. Көптеген түрлерінің айтарлықтай кәсіпшілік маңызы бар. Мысалы, олардың 20 түріне жуығы үлпек жүнді аңдар терісінің негізін құрайды. Жануарлар мен адамға 150-ден артық аурулар ортақ болғандықтан, сүтқоректілер паразит тіршілік ететін иесі немесе бірталай инфекция бунақденелілер арқылы берілетін аурулар қозғыштарының табиғи қоймасы болып келетіндіктен, олардың медицинадағы маңызы да аса зор. Сонымен, олар мына

табиғи-ошақтық

аурулар (кене-клещевой энцефалит-мидың қабынуы, дене қызбасы-лихорадки, құтырық-бешенство, туляремия, қылау-сальмонеллез, бруцеллез, топалаң-қой, шек-шек-ешкі, жамандат-жылқы, қараталақ-ірі қара, ақшелек, қарабез-түйе, түйнеме, күйдіргі-адам-сибирская язва, басқалар), табиғи-ошақтық

құрт аурулары

, тоғышар тудыратын аурулар-гельминтоздар (сорғыш жалпақ құрттар қоздыратын-клонорхоз, ішек, көлденең жолақты бұлшық етті зақымдайтын-трихенеллез, таспа құрттар қоздыратын-эхинококкоз, басқалар). Олардан басқа, улы буынаяқтылар, қан соратын жәндіктер, кенелер жатады. Оларға,

улы

балықтар (белсенді-улы: акула, тұтасқанат-скат, балықтар-жылан-змейка, теңіз алабұға-окунь, скорпена немесе теңіз таутан-ерш; енжарлы-пассивно-улы: қарабалық, шармай-маринка, көкбас балық-осман, қаяз, сүген-усач), улы қос мекенділер-амфибии (кесіртке тәрізді-саламандры, құрбақа-жабы, шұбар бақа-жерлянки, тарбақа-чесночницы), улы жыландар (сахалин сұр жыланы-гадюка, бозша жылан-щитомордники, тигр су жыланы-уж). Улану мен шағуда көрсетілетін алғашқы көмек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы қандай?

  2. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері туралы не білесіз?

  3. Санитар-аңдар мен ауру таратушыларды атап, сипаттаңыз.

Әдебиеттер.

7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

2 Модуль Териология

9 дәріс тақырыбы – Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері.



Дәріс жоспары:

Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Жербеті, жерасты, су, орманда мекендейтін, ұшатын аңдар.

Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі.

Төлдеу, ұрықтың өсуі.

Аңдардың коректенуі, қорекке бейімделуі, түрлі азық топтарының маңызы.

Сүтқоректілер санының өзгеру барысы (динамикасы). Өлім-жітім себептері.



Дәрістің қысқаша жазбасы.

Жануарлар әлемі жерүсті, балық, су жануарлары деп бөлінеді. Қазір жануарлардың 1 500 000 артық түрлері жазылған. Нақты түрлер саны бірнеше млн немесе ондаған млн жетеді. Жануарлар түрлерінің

саны

: қарапайымдар-1,5-2,0 мың түрлер; губкалар-5; бунақаяқтылар-750-1050 мың түрлер, оның ішінде 1 млн жуығы жәндіктер; тікентерілілер-5 мың жуық түрлер; моллюскілер - 70-105; ішекқуыстылар-9; құрттар-20-25; қабықтылар, жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар-50 мың жуық түрлер. Тіршілік қауымдастықтары мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауы біртіндеп, барлық организмдердің ұзақ тарихи дамуымен бірге, олар орман бірлестігінен, алдымен өсімдіктер мен жануарлар, оның ішінде аңдар мен құстар қосылуынан пайда болды. Мұндай ортақ эволюция кең кешенді жануарлар түрлерінің пайда болуына жеткізіп, арнайы ағаш егістіктерінде тіршілік етуге бейімдеді. Ондай жануарлардың сыртқы келбеті, қозғалу тәсілдері, қоректену сипаты және басқа белгілері, олардың айқын тіршілік формалары немесе бейімделу типтері және мекендеу орнына байланысты екенін көрнекі дәлелдейді. Құстар арасындағы тоқылдаққа, көктекеге, көкшымшық, қайшыауыз торғай, бал қарағай торғайы, саңырау құр, сұр құр, басқаларға қарасада жеткілікті. Сүтқоректілер арасында–ақ тиін, борша тышқан, ұшар, орман сусары, бұлғын, бұланға қарап, олар нағыз орман мекендеушілер екенін, оған толық бейімделген, ормансыз, тіпті ағаш егістігінсіз тіршілік ете алмайтынын көруге болады. Әдеттегі орман жануарларының басқа тобы тікелей ағаш өсімдіктерімен қоректенуінде байланыспағанымен орман құрған мекендеу жағдайларына тығыз тәуелді болып келеді. Сондықтан мұндай жануарлар ормандағы жануарлар әлемінің негізгі мүшелері қатарына жатады. Ондайға көптеген ұсақ құстар, сілеусін, құну, басқалар жатады. Ақырында, орманды мекендейтіндердің арасында бірталай сүтқоректілер мен құстар (түлкі, қасқыр, ақкіс, орман күзені, көкқарға, бәбісек, сасық көкек, басқалар) басқа ландшафттарға таралған, бірақ тұрақты орманды мекендейді. Кейде, орманда олардың саны көп болады, немесе оқтын-оқтын, әсіресе маусымдық көшіп қону кезінде көрінеді. Орманды мекендейтін құстар мен аңдар, оның тіршілік етуінде өте маңызды рөл атқарады. Орман шаруашылығы үшін жануарлардың практикалық маңызын пайдасы мен зиянын бағалағанда, ол жергілікті экологиялық жағдайға және осы шаруашылықтың бағытына байланысты болатынын есте сақтаған жөн. Сондықтан бір түрдің өзі әр ауданда, әр жағдайда пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Мысалы, сауысқан ұсақ құстардың ұясын бұзып белгілі зиянын тигізеді, ал ормандағы қорғаныш алқапта ол көптеген зиянды жәндіктерді жояды, оларды төсніш астынан алады. Одан басқа, бөктергіге, басқа пайдалы ұсақ қанатты сауысқанның бос ұясындағы жыртқыштарға ұя салуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Түлкі

, бір жағынан, жабайы, үй құс шаруашылығына зиянын тигізсе, екіншіден-өте көп зиянды кеміргіштерді аулап, жейді, ал өзі өте құнды аңдар қатарына жатады. Қазіргі

жүйелеу

жыртқыш құстар қатарын-отряд 5 тұқымдасқа бөледі: катартидтер немесе құмай, Жаңа жарық-Нового Света (7 түрлер), балықшы тұйғын (1 түр), түрлі саршатырлар (218 түрлер), құс-секретари (1 түр) және сұңқарлар (60 түрлер).

Жыртқыш

құстар барлық континенте (Антарктидадан басқа), көптеген ірі аралдарда (Самоа, Кергеленнен басқа) бар. Тіпті, биік ендіктерде, Франц-Иосиф аралында ақсұңқарды кездестіріпті. Жыртқыштардың тек бір түрі ғана Гавайа, Галаппагос, Маврикий аралдарында, 2 түрі - Жаңа Зеландияда. Континенттердің ішінде, ең аз жыртқыштар қанаттылар Австралияда-25 түрлері, ал ең көбі Африка мен Отүстік Америкада 90 жуық бар. Олардың үштен бірі солтүстіктен ауысып келетіндер екенін ұмытпаған жөн. Жыртқыш құстар Европа мен солтүстік Азияда екі есе аз-50 жуық түрдер. Олай болуы да мүмкін, себебі біздің құстар қыстау үшін Африкаға ұшады, ал африкандықтар біздің аймаққа келмейді. Жыртқыш құстардың тұрмыс қалпы, мекендеу жері, ұя салу сипаты, сыртқы бейнесі, көлемі әр түрлі. Олардың ішінде аса ірілері де бар-америка айдарлы құмайы (салмағы 10 кг дейін, қанатының серпуі 3 м дейін), дәуқаршыға, ірі қыран, кейбір құмайлар. Ергежейлері де бар: сұңқар-титімдей, оның салмағы 50- 60 граммға жуық, шамаман сайрауық, сиырқұйрық сияқты. Жыртқыш құстар қызық ерекшелігі-еркек пен ұрғашыларының көлеміндегі айырмашылықтар, олар айтарлықтай болады. Бұл жыныстық диморфизм деп аталатын феномен барлық жыртқыштарға тән емес. Өлексеқоректі құстардың еркегі мен ұрғашысын ажырату қиын. Біркелкі азықты: жыланды, балықты, басқаларды табатын құстардың кейбір түрлеріде осындай. Ал, әр түрлі жылжымалы азықпен (әсіресе құстармен) қоректенетін жыртқыш құстардың жыныстық диморфизмі өте әсер етеді. Мысалы, кейбір ұрғашы қырғи еркегінен екі есе үлкен. Кәдімгі біздің қырғидың еркегінің салмағы 150 грамм, ал ұрғашысы біржарым есе ауыр-260 грамм. Мұндай ғажап белгілердің себебін құстарды зерттейтін ғалымдар-орнитолог қызу талқылауда. Көлемі әр түрлі жыртқыш құстар, тіпті бір түрдегі еркек және ұрғашылары түрлі көлемдегі азықтарды аулайды. Кішкентай, бірақ ерекше жылдам қырғидың еркегі құстардың ұсағын табады. Оларға көкшымшық, сандуғаш, торғай, сайрауық-белобровик жатады. Өте ірі, бірақ шабан ұрғашының азығы салмақты-сайрауықтан көгершінге дейін болады. Түрлі көлемді жұптар нәтижесінде аңшылық территорияда біртүрлі көлемдегі құстар жұбынан гөрі түрлі мекендеушілерді таңдау қолайлы болады. Одан басқа, ұрғашылар жұмыртқаларды басып, балапандарды тоңдырмау мен бірге, ұяны күзету рөлін орындайды. Оған айтарлықтай күш қажет болады. Балапандар кішкене кезінде, оларға нәзік ұсақ құстардың етін берген жөн, ал өскенде қандайда болсын азықты, тойғанша жей береді. Ол кезде балапандарды жылытудың қажеті болмайды, ұрғашылары аңшылық қызметке көшеді. Ол балапандарды азықпен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартады. Еркек пен ұрғашы еңбектерінің бөлінуі, мамандардың айтуынша, біртіндеп тарихи дамуда әр салмаққа бөлді. Айқын жыныстық диморфизм түсіне орай, жыртқыш құстардың біразында, көп болса, оның үш ондық түрлерінде ғана кездеседі. Онымен бірге, көптеген қырғи, сұңқар еркектері айқын көк немесе көкшілдеу, ал ұрғашылары әдетте күрең-жирен және қоңыр болады. Ол біздің мақұлықаттағы ұсақ күйкентай сұңқарда ең айқын көрінеді. Еркегі қоңыр-сұр, тіпті қара қызыл "шалбарымен", ал ұрғашысы жирен-күрең келеді. Жыртқыш құстарға ең тәні қауырсын түсі жас айырмашылығын береді, ол кейбір түрлерінде-өзіндік қасиеті болады. Жасына қарай түсінің күрт өзгеруі әсіресе танап-поле және дала құладынына тән. Олардың балапандары жирен-күрең, кәрі еркектері-күлгін-сұрдан күміс-аққа дейін. Кейбір жас өзгерісіндегі қызық қыран, субүркіт-орлан құйрығы түсі береді. Жас бүркіттің құйрығы ақ шетінде қара, жетілген түрінде-қара-қоңыр, субүркітте құйрығының түсінің ауысу тәртібі қоңырдан аққа қарай, тіпті қарама-қарсы болады. Өзіндік қасиеті бар

сона

жейтіндерде ол шоколад түстес-қоңырдан алтын-сарыға дейін байқалады. Ақпанда Кавказда, кейде қаңтарда түлкінің күйлеуі, жұптауы басталады. Қозған еркектері ұрғашыларын іздерімен қуады. Бәсекелестер ымыртта, түнде немесе таң алдында қыңсылап, бір-бірімен таласады. Олардың үруі, шаңқылы алаңдағы ұсақ иттердікіндей болады. Ал, ұрғашылары қандай да бір шетте отырып алып, басын жоғары көтеріп, анда-санда шәуілдейді, қыңсылайды. Жеңімпаз еркегі бәсекелестерін қуып жіберіп, ұрғашысын ерекше аймалап, екеуі жұпталады. Бірақ, одан кейін әр еркегі ұрғашысымен қала бермейді. Әдетте мұндай еркек басқа ұрғашыны тауып алып, оның көңілін тауып, өзінің жылына бір рет келетін жыныстық құмарлығын қандырғанша қамқорлық жасайды. Тек буаз ұрғашының күйлеуі толық аяқталысымен, әрі еркектерде ісінген ен қайтысымен, еркектері екінші рет ұрғашыларды өзіне тартып алып, індегі күшіктерге қамқорлық жасау үшін қайта таласады. Жұпталған кейін 51-53 күн өтісімен ұрғашысы 3-тен 7-ге, кейде 10-ға дейін жүндес-пушистый, күлгін-сұр, көзі ашылмаған, құйрығының ұшы ақ түлкі күшігін әкеледі. Түлкінің көп күшіктеуі тышқандардың далада, орманда көп болған жылына келеді. Түлкі күшігін 2 жұма бойы сүтімен қоректендіреді, одан кейін еркегімен кезектесіп, апанға тоқалтіс, құс, жас қоянды тауып әкеледі де, күшіктерін аулауға үйрету үшін тірі тышқандарды іннің жаны әкеліп жібереді де, олар күшігінен қашып кетпесін деп, аңдып тұрады. Күшіктері тышқанмен ойнайды, табандарымен жерге қысады, қашса артынан қуады, жығылады, қызықты тоңқалаң асады. Түлкілер інін жарада, шыршалы орманда-ельник, орман өзендері мен бұлақтары жиегінде, құрғақ құмды төбеде, батпақ арасында немесе бұташық, қурай өскен қыр төбесінде қазады. Күшіктейтін інде, әруақытта екі інше болады. Оның біреуінде мүкпен-мох, құрғақ жапырақпен төселген шұңқыр-күшіктердің ұясы орналасады. Түлкі күшіктері жылдам өседі. Бір, бір жарым айда олар іннен кетіп, ерікті тышқандарды, құстарды аулай бастайды, ал күзде інді мүлде тастап, орманның жан-жағына кетеді.

Омыртқасыздар

-жануарлардың ең көп тобы, түрлері жүздеп, мүмкін мыңдап саналады. Олардың көбі, жәндіктер мен жауынқұрттары.

Тәуліктік

, маусымдық тіршілігі. Кейбір аңдардың тіршілік етуіне жүйелі-тұрақты, циклді сипатта морфологиялық бейімделу кешені, бейімделу реакциясы болғанымен оларға тәуліктік, жылдық кезеңдер қолайсыз болуы мүмкін. Сүтқоректілер 2 топқа: түнгі, күндізгі деп бөлінеді.

Түнгілерінің

көзі ұлғайған, құлақтары ұзарған, жаңғырыққармаға-эхолокация қабылеті жақсы дамыған. Олардың көбі-

күндізгілер

. Олар таңғы ерте, кешкі сағаттарда ең жігерлі келеді. Күндізгілердің кейбіреуі ұзақ терең ұйқыға (жарғанат, кірпі, қарақас, қосаяқ, аламан, борша тышқан, сарышұнақ, суыр) батады. Борсық, жанат тәрізді ит, қоңыр, қара аюда ұзақ ұйқы жоқ, тек ұзақ терең ұйқы байқалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Сүтқоректілердің экологиялық топтары туралы не білесіз?

  2. Жербеті, жерасты, су, орманда мекендейтін, ұшатын аңдарды атап, сипаттаңыз.

  3. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?

  4. Сүтқоректілер көбеюге қалай дайындалады?

  5. Төлдеу және ұрықтың өсуі қалай өтеді?

Әдебиеттер.

7.1.1.-7.1.6 (негізгі), 7.2.1.-7.2.3. (қосымша)

2 Модуль Териология

10 дәріс тақырыбы – Орман териологиясы

.



Дәріс жоспары:

Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.

Сүтқоректілердің негізгі белгілері, дамуы мен эволюциясы, өрлеу дамуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Ашық кеңістіктерде мекендейтін сүтқоректілер: жылдам жүгіретіндер, жер қазатындар, басқа топ өкілдері.

Орман аңдары.

Тау және су сүтқоректілері.

Жер қазатын аңдар.

Жәндік қоректі, жыртқыш сүтқоректілер. Паналар.



Дәрістің қысқаша жазбасы.

Жануарлар әлемі

–биологиялық ресурстағы маңыздыларының бірі, біздің ұлттық, әлемдік дәулет. Жабайы жануарлардың орта құрудағы маңызы зор. Олар топырақтың құнарлылығын, судың тазалығын, гүлді өсімдіктердің тозаңдануын, табиғи, антропогенді экожүйе органикалық заттарын тасымалдауда-трансформация маңызы аса зор.

Жануарлар әлемі

зор және әртүрлі. Қазіргі кезде жануарлардың 1,5 млн. артық түрлері сипатталған. Олар құрлықта, топырақта, тұщы және теңіз суында, ауа ортасында тіршілік етуге бейімделген 3200 жуық саналатын түрлер. Сүтқоректілер тіршілік жағдайына орай, өзара және басқа организмдермен бәсекелесіп, жылдам бейімделген. Біртіндеп тарихи дамуда бұрын ж

ануарлар әлемінде белгісіз көптеген белгілер мен қасиеттер пайда болды. Сондықтан аңдар тіршілік үшінгі күресте жеңімпаз атанып, қазіргі жалпы табиғи жүйеде өз орнын алды.

Қазақстан жануарлар

әлемі

өзгеше. Жәндіктер мен жорғалаушылар шөл жартылай шөл далада көп. Далада қарақұйрық-джейран, ақбөкен, жезкиік, қасқыр, қоян, түлкі, шиебөрі, түрлі кеміргіштер (тышқан, сарышұнақ, аламан) кездеседі. Ең әртүрлі мақұлықаттар тауларда болады. Онда аю, тау текесі мен қошқары, қар барысы, бұғы, көптеген құстар түрлері жүреді. Жабайы табиғатты

қорғау

үшін барлық табиғи аймақтарда-шөл даладан биік тауларға дейін қорықтар құрылған. Сүтқоректілер жорғалаушылар тобынан, мүмкін триас кезеңінде, шыққан. Алғашқы сүтқоректілер жұмыртқа салушы жануарлар болып, бірөтуші-

однопроходные

класс тармағын құрған. Біздің дәуірге дейін оның 2 өкілі жетті. Олар Австралияны мекендеген үйректұмсық және инемен жабылған түрпі. Ұрпақтары жұмыртқаны жарып шығысымен анасының сүт безі бөлетін сүтпен қоректенеді. Сүтқоректілердің екінші класс тармағы-қалталылар-

сумчатые

, оларда Австралия жануарлары. Оларға кенгуру, қалталы аю (коала), қалталы аю-вомбат жатады. Үшінші класс тармағы-қағанақты сүтқоректілер. Олар барлық қалғандарын қосады. Өйткені, оларға қағанақ құру тән. Ол арқылы ұрық ұрықтық даму кезеңінде қоректенеді. Қағанақты аналық және ұрық ұлпалары түзеді де, ұрықты қоректі заттармен, оттегімен қамтамасыз етіп, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды бөліп шығарады. Қағанақты сүтқоректілердің басты қатарларына-отряд жататындар:

Жәндікқоректілер

-көртышқан, кірпікшешен, жер қазатындар. Олар жәндіктермен қоректенеді.

Жер қазатындар

-ең ұсағы, кейбіреуінің салмағы 5 г аз болады.

Жарғанаттар

, қолқанаттылар, рукокрылые-жарқанат, ұшуға бейімделген, жәндіктермен, жемістермен қоректенеді, кейбір түрлері басқа сүтқоректілердің қанын сорып, сары безгек, құтырудың сал-паралич түрі ауруларын таратады.

Жыртқыштар

-мысық, ит, қасқыр, түлкі, кәмшат, қара күзен, аққалақ, скунсы, итбалық, сойдақтістілер, теңіз арыстаны. Барлық осы етқоректілердің үшкір азу және күрек азу тістері болады.

Кеміргіштер

-тиын, құндыз, егеуқұйрық, тышқан, жайра, тағылан, аламан, қоян, теңіз шошқасы. Оларда өткір қашау тәрізді күрек тістері болады.

Мүкітістілер

-жалқау аң, құмырсқа жеуші. Олардың тістер саны аз немесе тіпті тіссіздер.

Маймылдар-

маймыл мен сутқоректілер аралындағы аң-лемуры, түрлі маймылдар және адам. Оларда жақсы жетілген бас миы, алға қарайтын көзі болады. Саусақтарында тырнағы бар, бас бармақ басқаларына қарсы орналасқан.

Жұптұяқтылар

-өгіз, қой, шошқа, керік, бұғы. Шөпқоректілер–әр аяғында жұп санды саусақтары болады.

Тақтұяқтылар

-жылқы, ала домбай, салпыерін, мүйізтұмсық, керіске. Шөпқоректілер – әр аяғында жұпсыз саусақтары болады.

Еттұмсықтылар

-піл, мастодонттар, зіл. Ұзын бұлшық етті пілтұмсықты-хоботты жануарлар, қалың, теріде қатпарланып жатады, сойдақ тістер құратын ұзынша күрек тісті. Бұл өте ірі жерүсті жануарлар, массасы 7 т жетеді.

Қақпамұрын

-теңіз сиыры, дюгони, ламантиндер. Шөпқоректі су жануарлары, алдыңғы аяқтары жүзбеқанат тәрізді, артқы аяқтары болмайды. Олар, мүмкін, «теңіз қыздары» ертегісіне негіз болған болар.

Наһап тәрізділер

-наһан, дельфиндер, теңіз шошқасы. Теңіз сүтқоректілердің денелері балық тәрізді, алдыңғы аяқтары жүзбеқанат тәрізді, артқы аяқтары болмайды, денесін жауып тұратын май қабаты өте қалың (ворвань деп атайды) болады. Көк наһан-белгілі жануарлардың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 30 м, салмағы (массасы) 150 т. Сонымен сүтқоректілер класы,

Аңдар

–ол аса ұйымдасқан, дамудың ең жоғары сатысында тұратын, барлық географиялық аумақты мекендейтін негізінен жерүсті омыртқалы жануарлар. Олар қазір өсіп-өнудегі жануарлар тобы. Сүтқоректілер деп аталуы, олардың аналығы арнайы сүт безінде (ол өзгерген түтік тәрізді тер бездері) сүт түзіп, ұрпақтарын емізеді. Олардың басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелігі сол, оның денелері түкпен жабылған (түк, мысалы, екінші рет жетілген түрінде түк жабыннан айрылған наһантәрізділерде, пілде, басқаларда болмайды); көкірек қуысы құрсақтан ерекше көкетпен-диафрагма бөлінген; бас сүйегі екі желке айдаршықпен-мыщелка қамтамасыз етілген, бірінші омыртқамен жалғасқан, төменгі жақтың әр жартысы тек бір тіс сүйектерінен тұрады; сүтқоректілер ұрпақтарын тірідей туады (оған жұмыртқа салатын бірөтушілер жатпайды). Ұрық жатырда дамиды. Жүйке жүйесі мен жылу реттеу механизмі жетілгендіктен олардың дене температурасы тұрақты сақталады да, қандай-да болмасын ауа-райында ол организмнің белсенділігін қамтамасыз етеді. Терісі түк-жабыннан тұрады. Тері туындыларына түк, шаш, тырнақ, мүйіз, тұяқ, май, тер және сүт бездері жатады.

Қаңқасы

мойын, төс, бел, сегізкөз, құйрық бөлімі омыртқаларына бөлінген. Мойын омыртқаларының саны тұрақты, ауыз омыртқаның алдыңғы жағында 2 беті болады. Аяқ қаңқасы өте берік. Сан сүйегі үлкен салмаққа төзімді, кейбір түрлері 1500-2000 кг көтереді. Бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған, өте көп арнайы бұлшық еттен тұрады. Асқорыту жүйесінде барлық бөлімдер бар, ол дербес тік ішекпен аяқталады. Тістері жақсы дамыған (кейбір түрлері болмаса, наһантәрізділерді қоса), онда күрек-резцы, азу тістерін- клыки, коренные ажыратады. Сүтқоректілер шөп, етқоректілерге жатады. Тыныс алу жүйесі өкпе, кеңірдек, ауатамыр, ауатамырша, өкпе көпіршіктерінен тұрады. Қанжүйесі жақсы жетілген. Жүрек 4 камералы, 2 қан айналым шеңбері бар, қолқа сол доғалы. Жетілген эритроциттерде ядро болмайды. Бөлу жүйесі қуықтың зәр шығару өзегіне ашылуымен сипатталады. Қос бүйректі, одан шығатын зәрағар қуыққа ашылады. Жүйке жүйесі толық жетілген. Әсіресе, бас миы сыңарлары, оның қыртысындағы, мишықтағы иірімдер, жүлгелер жақсы дамыған. Сезім ағзалары, ішкі секреция бездері өте дамыған. Жынысты көбейеді, жыныс бездері жұптан тұрады. Жыныстық диморфизм жақсы байқалады. Ішкі ұрықтану жүреді. Омыртқалы жануарлардың мақұлықаты жақсы зертелген, қазір оның 1300 артық түрлері белгілі. Оларды 7 классқа жатқызады, ол әлемдегі түрлердің 2,7% жуығы. Қазіргі Қазақстан мақұлықатында сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490, бауырымен жорғалаушылардың 51, қосмекенділердің 12, балықтың 100 артық түрлері бар. Әлем омыртқасыздарға өте бай. 40 мың түрден артық. Олар-жәндіктер, шаянтәрізділер, моллюсклер, құрттар, басқалар. Тек жәндіктердің 30000 артық түрлері тіркелген. Мұндай Қазақстандағы мақұлықаттардың әртүрлілігі республиканың географиялық орнына, ландшафт тарихының және мақұлықат кешенінің қалыптасу жолының күрделілігіне байланысты екен.

Ашық кеңістіктерге

немесе дала, шөл, аздап тундраға аңдардың 2 тобы тән. Біріншіге-жылдам жүгіретіндер (жезкиік, қарақұйрық, дзерен, құлан, қоян, қосаяқ), екіншіге-жер қазатындар (борсық, көртышқан, могера, сары тамақты тышқандар) жатады.

Орман аңдары

тіпті басқа жағдайда тіршілік етеді. Онда жылдам жүгіруге бейімделетін, жер қазуға қажетті белгілі кеңістік жоқ. Ағаш-бұта өсімдіктерінің өзі қолайсыз ауа-райынан, жаулардан жақсы қорғай алады. Орманда түрлі табиғи паналар көп және өсімдік, жануарлар азықтарының қоры да әртүрлі болады. Орман сүтқоректілеріне басқа бейімделу типтері тән. Сондықтан оларды бірнеше типтерге бөледі. Алдымен,

өрмелеуші

жануарлар- ақтиін, қарақас, орман сусары, басқалар. Олардың қол-аяқтары жылжымалы, қисық жабысушы тырнақтары болады. Орманда кейбір

тұяқтыларда

тіршілік етеді: аса мейірімді, шұбар, солтүстік бұғысы, бұлан, елік, зубр, доңыз.

Шың құзды

, тік тау баурайын мекендейтіндер де ең кемеліне жетті. Олар таукиік, горал, теке, құдыр, басқалар. Көптеген таулы тұяқтыларға үйірмен жүру тән.

Жер қазатындар

: көртышқан, соқыртышқан, бұраубас, моманай қазу тәсіліне байланысты біреулерінде күрек тістері (слепыш, слепушонка), басқасында алдыңғы аяқтары (крот, цокор) қатты дамыған. Су ортасына жан-жақты бейімделгендерге наһантәрізділер мен ескекаяқтылар, аз деңгейде-кәмшат, құндыз, ондатра, басқалар, алдығыданда аз-су күзені, су жертесері, су тоқалтісі басқалар. Олардың теріасты қабатындағы май қалың, теңіз аңдарының терісі қатқыл, ал тұщы су сүтқоректілерінің жылтыр тіректі шаш жабыны қою, тығыз болады. Оған теңіз кәмшаты, котик жатады. Аңдар

паналарының

да (терең емес ұра, кеуек, қуыс, тамыр астындағы кеңістік, тас арасы, індер, аю апаны, ескі үй-хатки, ұя, басқалар) маңызы зор. Онда олар жауларынан, қолайсыз ауа-райынан тығылып, ұрпақтарын басып шығарады.

Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная