А) Ассалаумағалейкум - Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау 15 –апта Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері Жоспары: Учебный сайт
Учебные материалы


А) Ассалаумағалейкум - Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет4/4Дата25.04.2016өлшемі0.99 Mb. 4

  • 15 –апта
  • Мектепке бару тойы
  • Кәмелетке толу мерекесі
  • Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып

:

CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

А) Ассалаумағалейкум


Б) Сәлеметсіз бе?

В) Қош келдіңіз

Г) Уағалейкум ассалам

2.Дінсіздікті уағыздайтын арнайы газет қай жылы шықты?

А) 1924 ж.

Б) 1930 ж.

В) 1934 ж.

Г) 1920 ж.

3. Дінсіздікті уағыздайтын аранайы газет қай жылы шықты ?

А) 1924


Б)1930

В) 1934


Г) 1920

4.Қазақ халқының салттары мен дәстүрлерінің көпшілігі немен байланысып жатыр

А) діни сенімдер және ырымдармен

Б) табиғатепн

В) Материалдық жағдаймен

Г) Әлуметтік саяси жағдаймен,



15 –апта

Сабақтың тақырыбы:

Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері



Жоспары:




  1. Мектепке беру тойы

  2. Кәмелетке толу тойы

  3. Қоныс тойы

Адамзат қоғамының рухани және мәдени қорының қымбат қазыналарының бірі-халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып. Қай халықтың болмысын бітім тұлғасы психологиялық этникалық жан сезім белгілері оның өзіне тән дәстүрінен әдет-ғұрып салт-санасынан көрінеді. Осы оқу құралы сіздерді халқымыздың өте бай озық салт-дәстүрлері мен үлгі өнегесімен әдет-ғұрпымен ттаныстырады. Өткен тарихымызға көз салып еліміздің тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ халық өміріндегі өзгерістер мен әдет-ғұрып салт-дәстүрлердің ауысуы үлкен тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны байқалады.

Заманна қарай амалы демекші қазан төңкерісінен кейін көп жылдар бойы ұлт саясатының бұрмалануынан көптеген озық салт-дәстүрлеріміз ұмыт бола бастады. Мәселен дәстүрлер. Наурыз мейрамы 62 жыл бойы тойланбай келгені баршаға аян. Дегенмен халық күшімен әсіресе ауылдық жерлерде ата дәстүрінің өміршең үлгілері сақталып уақыт озған сайын мазмұны байып дамытылды. Бүгінгі өмір салтымен қалыптасқан жаңа әдет-ғұрып озық дәстүр түрлері сан алуан. Олардың бір бөлігі уақыт сүзгісінен өтіп заман талабына қарай жаңаша сипат алған болса (үйлену тойы, шілдехана, балаға ат қою т. с. с )Екінш бөлігі жаңа пайда болған дәстүрлі мерекелер, той жиындар, туған күн, мектепке бару тойы, әскерге шығарып салу, сабан той шопандар тойы, жұбайлардың күміс алтын тойы, қарттарды құрметті демалысқа шығарып салу және т. б.

Төменде осы күннің дәстүрлері той мерекелерінің көп тараған кейбір түрлерінің өткізілуі рәсімдеріне тоқталмақпыз.

Мектепке бару тойы

, әдетке, отбасында өткізіледі. Ата-ана баласының білім әлеміне алғашқы қадам жасауын қуаныш пен атап өтетін үлкен мереке. Жас балдығанның жан дүниесіне жақсылық нұрын сеуіп балапан сезімін байыта түсетін мұндай тойдың тағылымдық жағы мол. Бұл тойға ата-ананың туған-туысқандары, жора-жолдастары, көрші-қолан балалар бақшасындағы тәрбиешісі. т. б. тілектестері шақырылады. Тойды баланың әкесі немесе шешесі басқарғаны дұрыс. Егер отбасынд үлкен ата мен әже бар болса бірінші сөзді соларға берген жарасымды. Қарт әже немесе ақсақалды ата немересінің осынау қадамына сәтілік тілеп, ақ батасын беріп ғибратты ақылын айтады. Сөз соңында атасы немересіне дайындаған сыйын береді. Жалпы балаға тартқан сыйдың тәрбиелік өнегелік жағына ерекше мән берген жөн. Бұл ретте - домбыра, кітап, күйтабақ, сөмке, қаламсап жиыны, фотоппарат, альбом, жиналмалы парта т. б. лайықты да орынды тарту-сыйлар болмақ.

Бұдан кейінгі сөз кезегі баланың тәрбйешісіне беріледі. Ол мектепке барғалы отырған баланың жақсы қаситерін, зейін –зердесін, ерекше қабілеттерін айтып, сәтсапар тілейді. Тәрбиеші сөзінен соң шәкіртін жанына шақырып алып өзі үйреткен өлең, тақпақтарды екеуі қосыла айтып өнер көрсетсе, нұр үстіне нұр. Бұл әсіресе, бала үшін зор қуаныш.

Тәрбиешіден кейін сөз кезегі «құдайы көршінің» біреуіне, туған –туысқандарға, ата –анасының жақын жолдастарына беріледі.

Той өтіп жатқан үйдің бір бөлмесіне арнайы бұрыш жасауға болады. Бұған баланың салған суреттерінен кішкене көрме жасап, шағын үстел үстіне гүл шоқтары салынған база, жанына тілек кітабын қойса жеткілікті. Келген қонақтар осы кітап беттеріне ойларымен тілектерін қалдырады. Оған кейін осы той сәтінен түсірілген суреттер жапсырылса, бұның бала үшін үлкен ескерткіш болып қалмақ.

Мектепке бару тойының мазмұнын толықтырып, сан алуан қызықты рәсімдерді қолданып дамытуға болады.

Туған күні көп жағдайда отбасы мүшелерімен ең жақын достары, туыстары жиналып атап өтеді. Туыстарымен достары кеш иесін құтықтап, оған сыйлық ұсынады.

Егер әлде бір жағдай мен келе алмаса жеделхат арқылы да құтықтауға болады.

Кейде бұл күнге алдын ала дайындалып, көңілдес адамдарын арнайы шақыратын да дәстүр бар. Соңғы кезде өмірге келген жақсы дәстүрдің бірі –азаматтарды туған күнімен жұмыс орнында, қызметтес жолдастарының арасында құттықтау. Мұндайда әкімшілік, қоғамдық ұйымдар ұжымды жинап, той иесін құттықтап, оған игі тілек білдіріп, гүл шоқтарын табыс етеді. Егер мүшелі жасқа келсе, құттықтау хат тапсырып шапан шабуына болады, мерей той иесін ортаға алып отырып, бүкіл ұжым суретке түседі. Қоғамдық ұйымдар арнайы қабырға газетін шығарса, тіпті жақсы. Бірақ, бұл жерді есте мықтап ұстайтын бір нәрсе – мұндай құрмет ұжымының әр мүшесіне көрсетілуі тиіс. Егер олай болмай, алалап өткізілсе, оның пайдасынан зияны көп болады, ұжым арасында алауыздық тудырады. Сондықтан мұндайға сақ болған абзал.

Ал, баланың туған күнін өткізуге ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткен, ол бала үшін үлкен мереке.

Бұл күн шын мәнісіндегі мереке ретінде атап өтілуі қажет. Оған баланың балабақшаға бірге барып жүрген немесе мектепке қатар оқитынөз құрбылары шақырылады да бәрі бір үстел басында орналасады. Егер бұл мерекеге үлкендерде шақырылған болса, олар басқа бөлмеде отырғаны дұрыс.

Балаға әкелінетін сыйлықтың өте қымбат емес, бірақ әсем де көрікті болған жөн.

Мерекеге дастарқанына шәй, шырындар, сулар, бауырсақ, жент, печенье, торт т. б. тәтті тағамдар қойылады. Ыстық тағам берсе де артығы жоқ. Қайткенде де дастарқанның сәнді жасалуына көңіл бөлінеді.

Мектеп жасындағы балалар бір-біріне қызмет көрсетіп, кеселерге сусынды өздері құ йып, тарелкаға тағамды өздері салып, бір-бірін сыйлайды. Балалар ас үйде анасына көмектесе білсе тіпті жақсы. «Үйренгенің өзіңе жақсы, көмектескенің – маған жақсы» деген қанатты сөз осыдан шыққан.

Дастарқан басынан тұрғаннан кейін балалар ойынға кіріседі. Оларға мектепке барып жүрген ересек балалардың біреуі басшылық етуіне болады.

Қонақ балалардың күшімен концерт қоюға да болады. Өлең айтқан, тақпақ оқыған, билеген өнерпаз балаларды көтермелеп аздаған сыйлық беру керек. Әрине, ол тым бағалы болмағаны дұрыс.

Балалардың туған күнін өткізу оларды қоғамшыл болуға, көпшілік арасында дұрыс отырып –тұруға, өзін ұстай білуге үйретеді. Оқушылардың, балабақшада тәрбиеленушілердің туған күнін ұжым болып топтап атап өту де әдетке айналған. Ондай жағдайда мектептің не балабақшаның бір бөлмесі алдын-ала безендіріледі. Бүкіл мектеп не бақшадағы балалардың ішінен бір айда туғандары іріктеп алынып, оларға сыйлық әзірленеді (кітап, бояу, қарындаш т. б.). Балалардың ата-аналарына өндіріс озаттары мен соғыс арадагерлеріне шақыру билеттері жіберіледі. Үлкен залда әртүрлі ойындар, билер ұйымдастырылып, кинофилм көрсетіледі.

Кеш соңында концерт қойылып, балалар салған суреттерге, билерге бәйге ұйымдастырылады.

16 жасқа толған қыздар мен бозбалаларға төлқұжат тапсыру қазір салтанатты жағдайда өткізіліп жүр. Бұл үшін залға балалардың ата-аналары, мұғалімдер, тәрбиешілер, сыныптас жолдастары, төменгі сыныптың оқушылары шақырылады. Салтанатты қарт мұғалімдердің біреуі ашып, төлқұжат алғалы тұрған жастарды құттықтап, елінің абыройлы азаматы болуларына тілек білдіреді, содан кейін төлқұжат алушылардың бірі, мектеп директоры, мұғалімі сөйлейді. Соңында төлқұжат үстелінің бастығы жас азаматтарға төлқұжаттарын тапсырады. Осы кезде салтанатты күй орындалады.



Кәмелетке толу мерекесі,

әдетте жастардың орта мектепті бітіріп, аттестат алумен тұстас келеді. Оны өткізудің әр түрлі жолдары бар. Көбіне бұл салтанат мектепке, мәдениет сарайларында, клубтарда өткізіледі. Кәмелетке толғандарға өсиет хат тапсырылады. Бұл күні балалары кәмелетке толған ата-аналар мерекелік салтанат дастарқанын жайып, достарын тумаларын, баласының құрбыларын шақырып, көңілді кеш өткізеді. Кей жағдайда кешкісін жастар таза ауаға, өзен жағасына шығып, мерекелік алау жағып, оның айналасында би билеп, ән шырқайды.

Зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып

салу соңғы кезде өмірге енген жақсы дәстүрлердің бірі, бұл еңбек адамына көрсетілетін құрмет, оның отан алдында, өзі қызмет еткен ұжым алдында сіңірген еңбегіне берілген баға іспетті. Бұл салтанатты негізінен, қоғамдық ұйымдар басқарып өткізеді. Жасы зейнет ақы алуға толған еңбеккер арыз бергеннен кейін қоғамдық ұйым әкімшілікпен келісе отырып, арнаулы комиссия құрады. Белгілі күні әс ем безендірілген клубта, не кең бөлмеде салтанатты мәжіліс өткізіледі. Жиналысқа той иесінің жұбайы (зайыбы), балалары шақырылады. Қоғамдық ұйымдардың, не әкімшіліктің өкілі пенсияға шығатын адамның өмір жолы туралы қысқаша баянджама жасайды.

Содан соң, әкімшіліктің, қоғамдық ұйымдардың, бүкіл ұжымның атынан құттықтау-хат, министрліктің, кәсіподақтардың аудандық кеңесінің құрмет сыйлықтары (бұл жөнінде мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар күні бұрын қамқорлық жасауы тиіс) тапсырылып, гүл шоқтары сыйланады.

Егер мүмкін болса, шапан жабса да айыбы жоқ.

Салтанат жүріп жатқан кезде оның әр сәтін суретке түсіріп, кейін той иесіне сыйласа, ол зейнеткер үшін ұмытылмас ескерткіш болмақ. Кей жерлерде осы салтанатқа арнап қабырға газетін шығарады.

Зейнеткерлікке шығарып салған кезде шопандарға ат міңгізіп, басқа да бағалы сыйлықтар беріліп жүр. Бұл, әрине, әкімшіліктің, қоғамды құйымдардың өздері шешетін мәселе.

Қоныс тойы. Жаңа пәтерге (немесе үйге) көшу - әулеттегі ең қуанышты кезең.

Сондықтан көп жағдайда оны мерекелік салтанатқа айналдырып, той етіп өткізеді. Қоныстану тойына тума-туысқандарымен бірге қызметтес жолдастарын, бұрын-соңды араласып тұратын достарын, жаңа көршілерін шақырады. Әдетте қоныстану тойына шақырылғандар өз шамасына қарай сыйлық, көрімдік ала барады. Сыйлық үй тұрмынсына, күнделікті ұстап тұтынуға қажетті заттар болғаны дұрыс. Кейде жаңа қоныстанушының жұмыс істейтін ұжымы, не жолдастары бірігіп, бұл үйде бұрын жоқ кітап сөресін, киім шкафын, радиоқабылдағыш сияқты бағалы сыйлық алуына да болады. Той тастарқанында айтылатын тілек осы отбасына, жаңа пәтердің ішінің құтты болуына арналуы тиіс. Үй иелері сыйлықты алғанда, аз-көптігіне, өздеріне ұнайтын-ұеамайтынына бұрын үйіне мұндай нәрсенің бар-жоқтығына қарамастан, рахмет айтып, ризалық көңілмен қабылдау керек.

Жоғарыда айтылғандай, қазақ халқының дәстүрінде жаңа қонысқа көшіп келушілерді бұрыннан осы жерде тұратын көршілері ерулік асқа шақырды. Мұның негізгі мазмұны жаңа көршімен танысуға, іргеміз құтты, тарту көрші болайық деген игі тілекке сияды.

Қай халық болмасын қайтыс болған адамды өзінің қалыптасқан ұлттық дәстүріне сай құрметпен соңғы сапарға шығарып салды. Бұл марқұмның ата-анасының, балаларының, туған-туыстарының, жора-жолдастарының, бірге қызмет істеген немесе оқыған ұжымның қоғамдық ұйымдарының аса абройлы борышы. Мұның өзі жұттың бәріне аян қағида болғанымен, оның кейбір ерекшеліктерін біле білмейтіндеріде кездеседі.

Адам қайтыс болған кезде қасында дәрігер болмаған жағдайда, міндетті түрде кейін оны шақыру керек. Өйткені өлім туралы куәлік тек қана дәрігердің анықтамасына сәйкес беріледі. Бұл куәлік үш күн мерзім ішінде жергілікті заң мекемесіне табыс етіледі. Егер қаза көлденең апаттың, не қасақана әрекеттің салдарынан болса, 24 сағаттың ішінде тиісті органдарға хабарланады.

Бұдан кейінгі негізгі жұмыс қайғылы жағдай туралы марқұмның туған туыстарына хабар беру, қоятын жер алу, басқада қажетті нәрселерді әзірлеу.

Мәйіт қойылған бөлмені күн түспейтіндей етіп қараңғылаған дұрыс. Ол бөлмеге балалар жіберілмейді. Айна, басқада жылтырауық заттардың бетін көлегейлеп жауып қояды, үйде қаралы жағдай орнатылады, радио, телевизорды қоспайды. Бұл тек қаралы үй ғана емес көршілері де сақтауға тиіс тәртіптердің бірі.

Бөлмеде мәйітті жалғыз тастамай, оның жанында ең жақын адамдары болуға тиіс. Марқұмды ең соңғы сапарға гүлге орап шығарып салу дәстүрі бар, гүлдің құмыраға отырғызғанын да, жеке шоқтарында әкелуге болады. Азагүл (венок) марқұм жұмыс істеген, не оқыған ұйымдардан, жолдастарынан әкелінеді.

Марқұмның денесін үйден ерлер көтеріп шығады, машинаға салар алдында қаралы музыка ойналады. Қабыр басында қаралы метинг өткізіліп онда қоғамдық ұйымның, мекменің өкілдері марқұмның тумалары сөйлейді.

Жерлеу рәсімі біткеннен кейін қаралы үйдің адамдарын жалғыз тастап кетпей жолдастары, туыстары үйге бірге келгені жөн. Кейде жерлеуге қатысқандардың бәрін үйге шақыратын әдет те бар. Оның да еш әбестігі жоқ.

Қайтыс болған азаматты есте ұстаудың, оған қадір құрмет көрсетудің бір жолы –үшін, жетісін, қырқын, жылын, (асын) беру. Демек, марқұмның қаза болғанына үш күн, жеті күн, қырық күн және бір жыл болғанда оның отбасы туған – туыстарын, жолдастарын жинап еске түсіреді. Марқұмның әулеті оның отбасына өз жағдайына қарай ескерткіш орнатса, оның айналасына гүл, ағаш егіп, демалыс сайын барып тұрса, бұл ұрпақтарының оған деген адал ниеті, құрметі болмақ.

Заманымыздың тұрмыстық - әлеутеттік, экономикалық жағдайлары қонақ қабылдау рәсімдеріне де өзгерістер енгізді.

Қонақ шақырудың да, дастархан жасаудың да, мерекелік дастархан басында отырып –тұрудың да, мәжілісті көңілді өткізудің де, бір –біріне игі-тілек білдіріп, ақ бата берудің де өзіндік үлесі қалыптасты. Оның бәрі сыпайлыққа, мәдениетке саяды, адамның білімділігін, әдептілігін, көргенділігін айғақтайды.

Қонақ шақырмас бұрын үй иелері оған алдын ала мұқият әзірленуі тиіс. Ең алдымен үйіне неше адам орналастыруға болатынын есептеп алған жөн. Қонақ қысылып тұруына, оның әрқайсысына дастархан жанына ең кемі 60-80 см орын керек екенін естен шығармау керек. Үй иелері бөлмелерді күні бұрын тазалап, артық заттарды жинап бар нәрселердің әрқайсысының өз орнына ауыстыруына ерекше көңіл аударуы тиіс. Кіре берістегі киім ілгішті, аяқ қоятын орынды босатып, қол жуатын бөлмеге иіс сабын, таза орамал қоюды ұмытпаған жөн. Би билейтін жерді күні бұрын белгілеп, магнитофонның, домбыраның, басқа да музыка аспаптарының жайын тексеріп қою керек. Шахмат, дойбы ойнайтындарға арнап бір бұрышты бөлсе өте орынды болады.

Мереке дастарханының негізгі мақсаты – ыңғайлылық, дастарханға сәнді көрік беру үшін, қонақтың тәбетін ашатындай жағдай жасау.

Үстел беті үтіктелген ақ немесе басқа түсті дастарханмен жабылады. Жуылып үтіктелген мата сүлгілерді төрт не үш бұрыштап бүктеп, тарелканың үстіне не үстелдің сол жағына қояды. Бұған қоса дастарханның әр жерінде қағаз сүлгілерді де қойған жөн. Мүмкін болса мата сүлгілердің дастарханмен бір түстес болғаны жақсы.

Реті келіп жатса, дастарханды жасағанда аяқ - табақтың, қасық, шанышқының бір түсті бір түрлі болғаны әдемі көрінеді.

Дастархан мәзіріне ерекше назар аудару керек. Әзірленген тағам түрі жөнінен де, дәмі пісірілуімен де, орын-орнына әдемілеп орналастыруымен де әркімге ретін тауып мәдениетті ұсына білуімен де қонақтың көңілінен шығатындай болуы қажет.

Қонаққа шақырудың да жолы әр түрлі. Көбіне үй иесі өзі барып шақырады немесе арнайы шақыру қағазын жібереді. Телефон арқылы тек ең жақын өзім деген адамдарды ғана шақырады. Қонақты 2-3 күн ілгері, қандай себеппен, қашан, қай сағатқа, қай жерге келуі керектігін айқын көрсетіп шақыру әдетке айналған.

Шақырылған жерге кешікпей, айтылған уақытында бару керек. Қонақта әркім өзін еркін, мәдениетті ұстауға тиіс. Қонақтар бір-бірімен ашық сөйлесіп, зілсіз әзілдесіп отырса, мәжіліс көңілді өтеді.

Қонақтарды дастарқанға үй бибісі шақырады. Қонақтар арасында бірін-бірі бұрын көріп білмеген болса, үй иесі оларды таныстырып аты-жөнін айтады.

Барлық адамдар жайғасқан соң үй иелері – ерлі-зайыптылар дастарқан аяғында бір-біріне қарама-қарсы отырады қарама-қарсы отырады. Үй бибісі дастарқандағы жағдайды қадағалап, таусылған тағадарды жаңалап, қонақтардың тамақ алуын сұрап отыруы тиіс.

Шақырған жерде ұзақ отыру қоайсыз болады. Қазақтың: «Кел демек бар, кет демек жоқ» деген мақалының үлкен мәні бар. Әлдебір себеппен басқалардан бұрын кететін болсаңыз, жұрттың бәрімен қоштасып жатудың қажеті жоқ, қайта ешкімге білдірмей, елеусіз шығып кеткен дұрыс. Бірақ үй иелерімен қоштасуды, оларға рахмет айтуды, ерте кетіп бара жатқаныңыз үшін кешірім сұрауды ұмытпаған абзал.



Меймандықтың аяғына дейін отырсаңыз, үй иелерімен, басқалармен бірге қоштасып, жақсы өткізген кешіңіз үшін ризашылығыңызды білдіру керек.





Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная