11. Кендердің, концентраттар мен кенсіз материалдар қоймаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі қамтамасыз ету тәртібі Учебный сайт
Учебные материалы


11. Кендердің, концентраттар мен кенсіз материалдар қоймаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет4/5Дата28.04.2016өлшемі0.81 Mb. 4 5

  • 12. Технологиялық көлікте өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 1-параграф. Теміржол және автомобиль көлігі
  • 2-параграф. Аспалы жолдар
  • 3-параграф. Үздіксіз көлік
  • 13. Жөндеу-монтаждау және такелаж жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 1-параграф. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары
  • 2-параграф. Жөндеу жұмыстары

:

sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік теле-, радиоарналардың 2014 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша тізімі
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидалары Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзiмiн ұзарту қағидаларын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы"
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі

11. Кендердің, концентраттар мен кенсіз материалдар қоймаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі


250. Қабатты галереялар жылыту жүйесімен, шаңды ұстайтын дренажды және аспирациялық жүйелермен жабдықталады.

251. Қатар қалаушылардың көмегімен жоталы қоймаларды қалыптастыру кезінде рельс жолының және су жүретін арықтардың жағдайына бақылаужүзеге асырылады: оларды себуге және жұмыс алаңдарын, басқыштарын, баспалдақтарын мұз басуға жол берілмейді.

Тәуліктің қараңғы уақытында қатар қалаушының іс-қимыл ауданы жарықтандырылады.

Тәуліктің қараңғы уақытында қоймадағы теміржол жолдары жарықтандырылады, жарықтандырылмаған жолдарда жұмыс істеуге жол берілмейді.

252. Құбырлар бойынша қоймаға ұсақ сусымалы материалдарды тасымалдау кезінде олардың қосылыстарының саңылаусыз болуы және

тасымалдау орындарының тығыз жабылуы қамтамасыз етіледі. Технология шарттары бойынша тығыз жабу мүмкін болмайтын орындарда аспирация жүйесінің сору қондырғысы қарастырылады.

253. Тауарлы каолинді - шикі және талькті кенді көмірі, цементі және әктасы бар қоймалар маңына қоймалауға жол берілмейді.

Талькті, каолинді және графитті төгіп тиегенде шаңды басу құралдары қолданылады.

254. Қараңғы уақытта темір жолдар, экскаваторлардың кенжарлары және қоймалардағы автокөлікке арналған айналма алаңдар жарықтандырылады. Жарықсыз жұмыс жасауға жол берілмейді.

255. Экскаватор жұмыс істеп тұрған кезде экскаватор шөміші, арқан, блоктар, жер қазғыштар бар аймақта адамдардың (қызмет көрсететін персоналды қоса алғанда) болмауы тиіс. Шөмішті (роторды) тазалау экскаватор тоқтағанда және экскаватор машинисінің рұқсатымен ғана жүргізіледі. Шөміш (ротор) бұл жағдайда жерге түсірілуі қажет.

Материалдарды экскаваторлармен немесе көпірлі жүк тиеушілермен теміржол вагондарына тиеген кезде экскаватордың машинисті немесе жүк тиеушінің белгі арқылы берілетін талаптары сақталады.

Жұмыстан тыс уақытта экскаватордың шөміші (тиеушінің роторы) жерге түсіріледі, кабинасы жабылады, электр энергиясы сөндіріледі.

256. Көп күректі экскаватордың және көпірлі жүк тиеушілердің жұмыс істеп тұрған кезінде тиейтін, түсіретін люктердің, конвейерлердің және жүк тиеу құрылғыларының астындағы тиелетін вагондарда адамдардың болуына жол берілмейді.

257. Экскаваторлардың көмегімен тиеуі бар қоймалар үшін кенді қалаушы мен концентраттардың биіктігі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

258. Материалдарды тиеу және түсіру кезінде жұмыс аймағында ауаның шаң басуын төмендетуді қамтамасыз ететін шаңды басу немесе шаңды жұту бойынша шаралар қабылданады.

Ауаның шаңдануын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда жұмыскерлер респираторларды пайдаланады.

259. Бульдозерді қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда және күрегі көтеріліп тұрғанда қараусыз қалдыруға, ал жұмыс уақытында – арқанды бағыттауға, аспалы жақтауға және күрекке тұруға жол берілмейді. Беріліс қорабы қосылып тұрған кезде немесе кабинадан қозғалтқышты қосуға арналған құрылғы болмаған жағдайда қозғалтқышты қосуды болдырмайтын бұғаттаусыз бульдозерде жұмыс жасауға жол берілмейді.

260. Қоймаға салынған материалдың қиябетіндегі ең үлкен бұрыштар бульдозер жұмыс істеп тұрғанда 250, еңісте жұмыс жасағанда (жүкпен төмен

түсу) – 300 аспайды, ал материалды тиеу кезінде бункерлерге кіреберіс жолдардың еңісі 60 жоғары болмауы тиіс.

261. Жаяу жүргіншілер жолы мен тас жолдар кесекті кендердің қоймалары жағынан бруствермен немесе қоршаумен қоршалады.

262. Ленталы конвейерлер, өзі жүретін бункерлер немесе роторлы экскаваторлар арқылы тиелетін қоймаларда олар арқылы материал қоймаға тасталатын жоғарғы галереяның бойлық саңылаулары тұрақты шарбақтармен қоршалады немесе 200х200 мм аспайтын мөлшердегі тесіктері бар торлармен жабылады.

263. Экскаватор мен көпірлі жүк тиейтіндердің жұмысы кезінде шөміш пен ротордың жұмыс аймағында, сондай-ақ тиелетін вагондар аймағында болуға жол берілмейді.



12. Технологиялық көлікте өнеркәсіптік қауіпсіздікті



қамтамасыз ету тәртібі


1-параграф. Теміржол және автомобиль көлігі


264. Тиеу-түсіру учаскесіндегі вагондарды беру және тазалау механизациясы құрылғысының жабдықтары мен құрылыстарына қозғалатын немесе айналатын бөліктерін немесе қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз ететін олардың іс-қимылы аймақтарын қоршау және жабу орнатылады.

265. Теміржол маңында орналасқан үй-жайлардан шығатын орындар жолдарға параллель орналасады. Егер шығатын орындар ұйымның теміржол көлігінің полотно жағына тікелей бағытталса, рельс жолы ғимараттың бар ұзындығына жаяу жүргіншілерді жақын жолға немесе жадбықталған өткелге сүйеніштермен қоршалады. Қоршайтын тосқауылдар жақындап келе жатқан поездың жақсы көрінуіне кедергі келтіретін ғимараттар мен құрылыстардан теміржолға шығатын орындарда орнатылады.

Ұйымдардағы теміржол арқылы өту орындарында жаяу жүргіншілер көпірлері мен тоннельдер салу қарастырылады. Аталғандарды салу мүмкін болмаған жағдайда, өту орындары қозғалмалы құрамның жақындап келе жатқандығы туралы хабар беретін жарықт және дыбыс белгімен жарақтандырылады.

266. Механизмдерді қосу алдында және машиналардың, теміржол құрамдарының немесе автомобильдердің қозғалысы алдында тағайындалуын инженерлік-техникалық жұмыскерлер барлық жұмысшыларға таныстырған, дыбыс және жарық белгілерін беру талап етіледі. Бұл ретте белгілер машиналар, механизмдер жұмыс істеп тұрған ауданда барлық жұмыскерлерге естілуі (көрінуі) тиіс.

Әрбір қате берілген немесе түсініксіз белгі «тоқта» белгісі ретінде қабылдануға жатады.

Машина, механизмдердің жұмысы немесе қозғалысы басталмас бұрын машинист бригада мүшелерінің және жақын жерде тұрған адамдардың қауіпсіздігіне көз жеткізеді.

Белгі кестесі жұмыс істеп тұрған механизмге немесе оған жақын жерге ілінеді.

267. Ұйым корпусына оларды түсіру үшін теміржол вагондарын беру корпустың қызмет көрсетуші персоналының рұқсат беретін түсті белгісін (бағдаршам) қосқаннан кейін жүзеге асырылады.

268. Қабылдау құрылғыларының (бункерлері) маңайында құрамдар жақындап келе жатқанда адамдардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін орындар қарастырылады. Беру және түсіру сәтінде қабылдау бункерінің түсіру жағында адамдардың болуына жол берілмейді.

Вагондарды босату тек кенді қабылдаушының нұсқауларымен және белгімен ғана жүргізіледі. Түсіру жұмыстары кезінде бункердің қажетті толтырылу деңгейін бақылау жүзеге асырылады.

269. Теміржол бойында бункерлердің қабылдау алаңдарында кенді жартылай вагондарда беру кезінде төгінділерден уақтылы тазартылатын, адамдардың ыңғайлы және қауіпсіз қозғалысы үшін жүру алаңдары қарастырылады. Жартылай вагондардың люктерін ашу үшін рельстердің бүршіктерінен жоғарыда вагондардың қауіпсіз босатылуын қамтамасыз ететін басқыштар орнатылуы тиіс.

270. Қабылдау құрылғыларының жұмыс алаңдарында орнатылған вагон аударғыштар ұяшықтарының ені 10 мм артық емес торлары бар биіктігі 2 м кем емес берік сүйеніштермен қоршалады; алаңдар мен вагон аударғыш роторы бүйірлерінің араларындағы саңылаулар 60 мм артық емес.

Вагонаударғыштың басқарылуы түсіру алаңы анық көрінетін осы мақсатта арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

271. Кенді байланысу электровоздарымен жеткізу кезінде түсіру орындарында электр тогымен зақымдану қауіптілігі туралы ескертуші плакаттар ілінеді.

Байланысу желісінде кернеу сөндірілмеген кезде вагондарға кіруге жол берілмейді.

Бункер үстіндегі үй-жайда тұрған байланысу желісіндегі кернеу алынбаған кезде вагондарды босатуға жол берілмейді. Байланысу желісінде кернеудің болмауы жарық белгімен расталады.

272. Бункер үстіндегі үй-жайға енетін электровоз жолының байланысу өткізгіштері жерге тұйықтау пышақтары бар секциялық ажыратқыштармен жабдықталады.

273. Жөнделмеген вагондарды босатуға, қабылдау құрылғыларының босату алаңында оларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Вагондарды жүктерден, жабысып қалған кеннен, материалдардан босату және тазалау әдеттегідей механикаландырылған тәсілмен (төңкерумен, жонғымен, гидрошаюмен) немесе жүктердің құлау аймағында адамдардың болуына жол бермейтін және осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін керек-жарақтар мен құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

274. Теміржолды, қабылдау құрылғыларын тазалау кезінде жұмыстарды жүргізу орны көлік құралын тежеу жолынан кем емес қашықтықта қоршалады және тоқтау белгімен жарақталады, ал станция бойынша кезекші алдын ала жүргізілетін жұмыстар туралы ескертіледі. Тоқтап тұрған құрамның вагондарын босату кезінде жолдарды тазалауға жол берілмейді.

275. Металлургиялық қайта бөлулердің қалдықтары ұйымға арнайы өздігінен түсіретін вагондармен немесе автосамосвалдармен жеткізіледі.

276. Шаңданатын өнімдерді түсіру жіне тиеу кезінде шаңды басу бойынша шаралар қолданылады, ал жұмысшылар үшін шаңнан жеке қорғау құралдарын пайдалану көзделеді.

277. Автомобильдердің қозғалысы қозғалыс қауіпсіздігінің белгілерімен реттелінеді.

278. Өз аумағында автомашиналар мен поездардың жүру жылдамдығы мен тәртібін ұйым жергілікті жағдайларды ескере отырып белгілейді және тиісті нұсқаулықпен реттелінеді.

279. Кенді автокөлікпен берген кезде қабылдау бункерінің түсіру алаңшасында мыналар көзделеді:

1) автомашиналардың бункерге сырғанап кетуіне жол бермейтін тіреулерді орнату;

2) түсіру орнына артқы жүріспен жүру үшін қашықтық қағидаға сәйкес 30 м астам емес;

3) техникалық ақау салдарынан автомобиль өрлеуде немесе еңісте тоқтағанда оның өздігінен жүруін болдырмайтын және ақауды жоюға дейін учаскеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар.

Барлық жағдайларда көтерілген шанақпен түсіргеннен кейін және артқы жүріспен жүргенде үздіксіз дыбыс белгі бермей автосамосвалдардың жүруіне жол берілмейді.

2-параграф. Аспалы жолдар


280. Аспалы жолдары құрылғысы және оларды пайдалануды өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындау қажет.

281. Кенді аспалы жолдармен жеткізген кезде қабылдау бункерлерінің түсіру шұңқырлары 400х400 мм астам емес ұяшықтары бар тормен жабылады.

282. Аспалардың станциядан шығу аймағында түсіру шұңқырларының маңында тарту аспасынан вагонетканы өздігінен ажыратқан жағдайда жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс орындарын қоршау

көзделеді. Контржүктер астындағы орындар кемінде 2 м биіктікпен қоршалады, ал контржүктердің құдықтары төсемдермен жабылады.

283. Түсіру шұңқырлары мен аспалы жолдар станциясының маңындағы жұмыс алаңшалары өзара тікелей телефон байланысымен, белгімен және машиниске белгі бере отырып, аспалы жол жетегін авариялық тоқтату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Аспалы жол кенет тоқтап калғанда тоқтау себебі анықталғанға дейін және олқылықтар жойылғанға дейін оны іске қосуға жол берілмейді.



3-параграф. Үздіксіз көлік


284. Таспалы конвейерлерде таспа мен барабандарды жабысып қалған материалдан механикалық тазарту үшін таспа үзілген және тайғанақтаған, түсіру шұңқырлары мен науашалар бітелген кезде жетекті өшіретін құрылғылар көзделеді.

285. Конвейерлерде түсіру арбашалар үшін соңынан ажыратқыштар, ал рельс жолдарында арнайы тіреулер көзделеді. Түсіру арбашалары олардың өздігінен қозғалуына жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.

286. Автоматты түрде түсіргіш арбашалар мен жылжымалы (қайық) конвейерлердің электр қозғалтқыштарға қоректендіруді беру аспалы шлангі кабельдермен жүзеге асырылады. Автоматты түрде түсіргіш арбашалар мен жылжымалы қайық конвейерлердің электр қозғалтқыштарын еденнен немесе қызмет көрсететін алаңшалардан кемінде 3,5 м биіктікте орналасқан байланысқан сымдар бойынша қоректендіруге жол беріледі. Троллей өткізгіші төмен биіктікте ілінген кезде (3,5-тен 2,2 м-ге дейін шекте) арнайы қоршау орнатылады.

287. Таспалы конвейерлердің астынан шашылған материалдарды жинау механикалық түрде жүзеге асырылады. Бас, қалдық және ауытқу барабандары астынан материалдарды қолмен жинауға жетегінің электр схемасы бөлшектенген, тоқтатылған конвейер кезінде ғана жол беріледі, ал іске қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген ескерту плакаттарын іліп қою қажет. Конвейер қозғалтқышын іске қосу жүйесі бас және қалдық барабандарының қоршауы алынған кезде қозғалтқыш жұмысына жол бермейтін бұғаттауды көздейді.

288. Қозғалыс кезінде конвейердің таспасы барабандар мен шығыршық тіреу шеттерінің шегінен тыс ығыспайды. Конвейер таспа қозғалысының бағытын реттеу үшін арнайы орталықтандырылған құрылғылармен және керек-жарақтармен жабдықталады.

Таспа қозғалысын онымен жұмыс істейтіндермен тікелей байланысу жолымен бағыттауға, жұмыс істеп тұрған конвейер кезінде борттық тығыздауларды түзетуге жол берілмейді.

Конвейердің ұзындығы бойынша торлы алмалы-салмалы қоршауларды орнату қажет. Жұмыс істеп тұрған конвейер кезінде қоршауларды алып тастауға жол берілмейді.

289. Конвейер таспасының тайғанақтауы барабандар мен таспаны тазарту, таспаны арнайы құрылғылармен керу жолымен жойылады. Қозғалатын және айналдыру бөлшектеріне (таспа, барабандар, шығыршықтар) тасымалданатын материалдар шашылған конвейерлерді қосуға және тасымалдауға жол берілмейді.

Конвейерлердің жетекті барабандарының осьтері еден деңгейінен 1,5 м астам биіктікте орналасқан кезде жетектерге қызмет көрсету үшін сүйеніштермен және баспалдақтармен жабдықталған алаңшалар орнатылады.

290. Еден деңгейінен галереялар мен эстакадалар конструкцияларының төменгі жағына дейін кемінде 2 м биіктік көзделеді. Галереялар мен эстакадалардың ені мынадай өту жолдарын қамтамасыз етеді: конвейердің бір жағынан кемінде 800 мм (адамдар өту үшін), екінші жағынан таспа ені 1400 мм дейін болғанда кемінде 700 мм және конвейердің екі жағынан таспа ені 1400 мм астам болғанда кемінде 800 мм; екі немесе одан да көп қатар тұрған конвейерлер арасында кемінде 1000 мм, ал галереяның қабырғасы мен конвейердің тұғыры арасында таспа ені 1400 мм дейін болғанда кемінде 700 мм және таспа ені 1400 мм астам болғанда кемінде 800 мм.

291. Қатпарлы конвейерлерді орнату оларға екі жақтан қызмет көрсету мүмкіндігін көздейді. Конвейерлер арасындағы еркін өту жолдарының ені кемінде 1,2 м, ал ғимарат пен конвейерлер арасында кемінде 1 м етіп қабылданады.

292. Қиғаш күйде орнатылған қатпарлы және ысырмалы конвейерлер төсемнің үзілуі кезінде оның жүріп кетуінің алдын алатын көлік буындарының аулағыштарымен жабдықталады.

293. Иірліктер мен ысырмалы конвейерлерді орнатқан кезде оларға еркін өту жолының ені кемінде 0,8 м біржақты қызмет көрсетуге жол беріледі.

Қаптамалардың, иірліктер мен ысырмалы конвейерлердің қақпақтары (арнайы байқап қарау терезелері мен люктерінен басқа) иірліктер мен ысырмалы конвейерлер жұмыс істеп тұрған кезде олардың айналмалы және жылжымалы бөлшектеріне қол жеткізуге жол бермейтін бұғаттаумен жабдықталады.

294. Таспалы конвейерде барабанды түсіру арбашасын немесе жылжымалы қоректендіргішті орнату кезінде конвейердің екі жағынан өту жолдары көзделеді.

295. Үстіңгі қабатқа жер асты-жер үсті конвейерлік галереялар шыққанда оларда сыртқы кіру мен конвейер арқылы өту жолдары көзделеді.

Галереялар мен эстакадалардан эвакуациялық шығу және конвейерлер үстіндегі өту көпірлері кем дегенде 100 м сайын орналастырылады. Көпірлердің ені 0,8 м болуы тиіс, тұтас төсеніштер 0,14 м биіктікке төменгі жағынан ернеулеумен биіктігі кемінде 1 м сүйеніштермен қоршалады.

296. Көлбеуі 70 астам конвейер галереяларының өту жолдарында сатылар немесе ағаш баспалдақтар орнатылады.

297. Шаң-газ бөлінуі бар материалды тасымалдау жүзеге асырылатын конвейер галереяларының ғимараттарға жанасу орындарында өздігінен жабылатын есіктері бар арақабырғалар қойылады.

298. Көлбеуі 60 астам барлық таспалы және қатпарлы конвейерлер конвейер тоқтаған кезде тиелген таспа тармағының кері бағытта жылжуына кедергі келтіретін бөгейтін құрылғылармен жабдықталады.

299. Қолмен кенді бөлшектеу кезінде 0,5 м/сек. астам конвейер таспасының қозғалу жылдамдығына жол беріледі. Кенді бөлшектеу орындарындағы таспа қоршалады.

300. Конвейерлер өту жолдарының және жабдықтардың үстінде орналастырылған кезде олардың төменгі тармағы шашылған материалдың құлау мүмкіндігіне жол бермейтін тұтас қаптамамен қоршалады.

301. Таспалы конвейермен құрғақ және шаңданатын материалдарды, жоғары температуралы және бу бөлетін материалдарды тасымалдау кезінде оларды тиеу және түсіру орындары қоршалады және аспирация, су бүріккіштер құрылғысы, еденді жуу, ауадағы зиян қоспалардың құрамын төмендетуді қамтамасыз ететін қосымша іс-шаралар көзделеді.

Құрғақ ұнтақ тәрізді шаңданатын материалдарды тасымалдау кезінде оларды тасымалдау аймағы герметизацияланады.

302. Құрғақ және шаңданатын материалдарды тасымалдайтын элеваторлар, ысырмалы конвейерлер мен иірліктер барлық ұзындықтары бойынша тығыз қаптамалармен жабылады, тиеу және түсіру орындары тығыз жабындылармен жабдықталады. Қаптамадағы механизмдердің жұмыс органдарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру үшін көзбен шолу бақылауын жүргізуге мүмкіндік беретін тығыз жабылатын есіктері бар байқап қарау терезелері (люктер) орнатылады.

303. Дымқыл өнімдерді тасымалдайтын элеваторлар қойыртпақтың барлық ұзындығы бойынша шашырауына жол бермеу үшін сақтандыру клапандарымен немесе қаптамалармен жабылады. Элеватордың авариялық ажыратқыштары тиеу және түсіру орындарында орналастырылады.

304. Материалдарды бірізді тасымалдайтын бірнеше конвейерлердің және технологиялық секцияның (тізбегінің) басқа да жабдығының бір уақытта жұмыс істеуі кезінде жеке аппараттар мен машиналардың электр жетектері бұғатталып орындалады. Бұл ретте:

1) іске қосу және тоқтату аппараттар тізбегінің схемасына және өндіріс технологиясына сәйкес белгілі бір бірізділікпен жүзеге асырылады;

2) осының алдыңдағы қандай да бір жабдық немесе конвейер кенет тоқтап қалған жағдайда схема бойынша жабдық және конвейерлер автоматты түрде сөндіріледі;

3) конвейерді немесе машинаны басқару пультінен қашықтықтан іске қосудың алдын алатын жергілікті бұғаттау қойылады.

305. Барлық конвейерлер негізгі өту жолдары жағынан конвейердің ұзындығы бойынша кез келген нүктеден жетектің авариялық тоқтатылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады.

Механизмдерде оларды іске қосуды басқару аппараттары ретінде бұғаттау және авариялық тоқтату құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді.

306. Барлық элеваторлар шөмішті тізбектің кері жүрісіне жол бермейтін тежеуіш құрылғылармен және ол үзілген кезде аулағыштармен жабдықталады.

307. Жұмыс тарамынан материалдың сырғанауы мүмкін болатын конвейерлерде сақтандыру тығыздамалары орнатылады.

308. Өздігінен түсіретін арбашалар мен өзі жүретін конвейерлердің сырғытқылары қоршалады. Қоршау мен рельс бастиегінің арасындағы саңылау 10 мм аспауы тиіс.

309. Керме барабандары мен конвейерлердің керме құрылғыларының жүктері таспа немесе аспа үзілген жағдайда жүктің немесе барабанның адамдарға немесе төмен қабаттарда орналасқан жабдыққа құлау мүмкіндігі орын алмайтындай етіп қоршалады және орналастырылады.



13. Жөндеу-монтаждау және такелаж жұмыстары кезінде



өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі


1-параграф. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары


310. Ұйымдарда жабдықты жүйелі профилактикалық тексеру мен жөндеу басшы бекіткен кестелерде көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

311. Негізгі жабдықты күрделі және ағымдағы жөндеулер жұмыстарды ұйымдастырудың әзірленген және бекітілген жобалары бойынша жүргізіледі. Жұмыстарды ұйымдастыру жобаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар, жөндеу жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар, жөндеу жұмыстарын орындау тәртібі мен бірізділігі көрсетілуі тиіс.

Әрбір ұйымда жөндеу жұмыстарды ұйымдастыру жобасын ресімдеумен рұқсат беру наряды бойынша жүргізілетін объектілер мен жабдықтар тізбесі жасалады және оны ұйым басшысы бекітеді.

312. Жөндеу жұмыстарын механикаландыру үшін ауыр жабдықты, тораптар мен бөлшектерді көтеруге және алуға мүмкіндік беретін қажетті жүккөтергіш құралдар мен керек-жарақтар қамтамасыз етіледі.

313. Ішкі тексеру, тазарту және жөндеу үшін жабдықты, агрегатты, аппараттарды және коммуникацияларды тоқтату және оны іске қосу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

314. Ішкі тексеру, тазарту немесе жөндеу үшін тоқтатылған жабдық, агрегаттар, аппараттар мен коммуникациялар бу, су және технологиялық құбырлардан, газ арналарынан және электр энергиясымен жабдықтау көздерінен өшіріледі; барлық құбырларда бітеуіштер орнатылады; агрегаттар, аппараттар мен коммуникациялар технологиялық материалдардан босатылады.

Аппараттардың жұмыс режимінде улы немесе жарылу қаупі бар газдар, булар немесе шаңдар анықталған кезде аппараттарды құрамында зиянды және қауіпті заттардың бар болуына ауа ортасына кейіннен талдау жүргізе отырып үрлеу қажет. Ауаны бақылау талдаулары жөндеу процесінде кезеңділікпен жүргізіледі.

315. Жетектердің электр схемалары бөлшектенеді, іске қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар ілінеді, құрылғының қате немесе өздігінен қосылуына жол бермейтін шаралар қосымша қабылданады.

316. Жөндеу жұмыстарын жүргізу аймағы жұмыс істеп тұрған жабдық пен коммуникациялардан қоршалуы тиіс, қауіпсіздік белгілерімен, плакаттармен, белгі құралдарымен қамтамасыз етілуі және жарықтандырылуы тиіс.

2-параграф. Жөндеу жұмыстары


317. Жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын адамдар тиісті арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

318. Жөндеу-монтаждау алаңшаларының көлемі оларға машиналардың ірі тораптары мен бөлшектерінің, керек-жарақтар мен құрал-саймандардың, жөндеу жұмыстарын орындау үшін қажетті материалдардың орналасуына жол беруі тиіс. Машиналардың тораптары мен бөлшектерін орналастырып қою кезінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жөндеу-монтаждау алаңшасында олардың арасында өту жолдары көзделеді. Алаңшада орналастырылатын жүктің массасы есеп бойынша рұқсат етілетін массадан аспайды.

319. Жүктерді тасымалдау бойынша барлық жұмыстар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге және жүктерді тасымалдауға жауапты тұлғалардың нұсқауы мен рұқсаты бойынша жүргізіледі. Ірі салмақты және ауыр жүктерді көтеру, тасымалдау және түсіру жөндеу жүргізуге жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

320. Жұмыста пайдаланылатын ормандар, төсеніштер мен баспалдақтар МЕМСТ 26887 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған алаңшалар мен баспалдақтар. Жалпы техникалық шарттар» талаптарына сәйкес орындалады.

321. 1,3 м астам биіктікте баспалдақтардан жұмыстарды орындау кезінде төсемдер мен төсеніштерді орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда жұмысшылар сақтандыру канаттары бар сақтандыру белдіктерін пайдаланады. Биіктікте жұмыстарды орындау кезінде сақтандыру белдіктерін бекіту орындарын конструкцияларда белгіленеді және нарядта көрсетіледі.

322. Екі ярус немесе одан да көп биіктікте жөндеу жұмыстарын орындау кезінде олардың арасында материалдардың немесе заттардың жұмысшыларға құлап кетуіне жол бермейтін берік жабындылар жабдықталады немесе торлар ілінеді.

323. Жөндеу-монтаждау және такелаж жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

324. Мердігер ұйым жөндеуді жүргізген кезде жұмыстар рұқсат беру наряды немесе жұмысты орындау үшін учаскені беру актісі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес жүргізіледі.

325. Ұсатқыштарда жөндеу жұмыстарын орындау кезінде адамдарды көтеру және түсіру баспалдақтарды пайдалана отырып жүзеге асырылады; жұмыс аймағына адамдардың сақтандыру белдігінсіз және сақтандыру аспасынсыз түсуіне жол берілмейді.

326. Айналымды және қозғалмалы роторлары мен бөлшектері бар жабдықтың ішінде қандай да бір жұмыстарды (жөндеу және тексерір қарау) орындауға механизмдердің қозғалмалы бөлшектерін, жабдық корпустарының (қаптамаларының) ашық қақпақтарын олардың күштеп және өздігінен қозғалу мүмкіндігіне жол бермейтін күйде сенімді бекіткеннен кейін, сондай-ақ рұқсат беру нарядын ресімдегеннен кейін ғана жол беріледі

327. Футерлерді балқытылған мырышпен құюды осындай жұмысты арнайы оқытылған және орындау тәжірибесі бар, арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген адамдар орындауы тиіс.

328. Бункерлерде футерлерді жөндеу және ауыстыру үшін бункердің көлбеу қабырғаларында жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін керек-жарақтар қолданылады.

329. Жөндеу жұмыстары аймағында бункерлерді тиеуге жол берілмейді. Жөнделетін учаскенің үстінде орналасқан сыртқы тиеу саңылаулары жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігіне кепілдік беретін алаңда жабылады.

330. Элеватор тізбектерінің шеттерін ауыстыру, біріктіру және конвейер таспаларын вулкандау технологиялық регламенттің талаптарын сақтай отырып тиісті жүк көтергіштігімен такелаж құрылғыларының көмегімен жүргізіледі.

331. Диірмендерді шарлармен және өзектермен тиеу процестері және диірмендерден шарларды түсіру механикаландырылған күйде жүзеге асырылады.

332. Диірменді бұру, футерлеу бұрандамаларын қағу, жаңа футерлерді төсеу кезінде диірменнің барабанында адамдардың болуына жол берілмейді.

333. Улы реагенттері бар ортада жұмыс істейтін жабдық жөндеу алдында осы реагенттерден егжей-тегжейлі тазартылады және зиянсыз етіледі.

334. Күйдіру қондырғыларының жұмыс істеуі кезінде газ коммуникацияларында және бақылау-өлшеу аппаратурасында жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.

335. Күйдіру машинасының көрігін қалауды жөндеу машинаны табиғи жолмен салқындатқаннан кейін және жетектер мен тартып үрлеу құралдарының электр схемасын бөлшектегеннен кейін суық ауаны беру үшін тасымалды желдеткішті орнатқаннан кейін рұқсат беру наряды бойынша жүргізіледі.

Күйдіру машинасының көрігінде жұмыс істеу кезінде сақтандыру торы бар кернеуі 12 В жоғары емес жарамды тасымалды электр шырағын пайдалану қажет.



Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
author-karamzin.ru 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная