гиперосмолярлық дегидратация - С. Ж. Асфендияров атындағЫ Учебный сайт
Учебные материалы


гиперосмолярлық дегидратация - С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет5/7Дата18.04.2016өлшемі1.43 Mb. 4 5 6 7

:

wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Приложение к части а1
2012 -> Рабочий проект
2012 -> Абиотрофические
2012 -> М. Ж. СҮлейменова күЛӘш байсейітова – танымал опера әншісі, драма актрисасы
2012 -> Сборник 4 Караганда 2014 (574) ббк 26. 89 (5 Каз) к 70 Под редакцией академика нан рк а. М. Газалиева
2012 -> БАҒдарламасы кіру тегін 10 қазан 18. 30
2012 -> С. Д. Шаймұханова сұлтанмахмұт торайғыров
2012 -> Е. Г. Огольцова қҰрманғазы сағырбайұлы – халық музыканты, сазгер, домбырашы
2012 -> ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен

гиперосмолярлық дегидратация


  • изоосмолярлық гипергидратация +

  • организмнен натрий және судың шығарылуы

  • изоосмолярлық дегидратация

  • гипоосмолярлық дегидратация

    471. Дене температурасының жоғарылауы жеңіл өтеді

    А) қызба кезінде +

    В) күн тигенде

    С) ыстық соғуында

    D) жылы ұрғанда

    Е) қатерлі асқын қызынуда



    472. «Жедел кезеңнің жауабы» – бұл

    1. организмнің зақымдануға жедел бейнақты жүйелік әсрленісі +

    2. зақымдауға арнайы иммундық жауап

    3. қабынудың жергілікті белгісі

    4. қабынудың құрамбөлшегі

    5. жасушаның жедел зақымдануға әсерленісі

    473. Алғашқы 6-8 сағатта айқын жоғарылайтын жедел кезеңнің нәруызы

    1. С-әсерлі нәруыз, сарысулық амилоид А +

    2. гамма-глобулиндер, альбуминдер

    3. фибриноген, гаптоглобин

    4. криоглобулины, церулоплазмин

    5. трансферрин, комплемент құрамбөлшектері

    474. «Жедел кезеңнің жауабында» қанда мөлшері төмендейтін нәруыз

    1. С-әсерлі нәруыз, сарысулық амилоид А

    2. трансферрин, альбуминдер+

    3. фибриноген, гаптоглобин

    4. альфа-2-макроглобулин, церулоплазмин

    5. трансферрин, комплемент құрамбөлшектері

    475. Жедел кезеңнің нәруыздарының қорғаныстық маңызы

    1. МАТты әсерлеуі

    2. антиоксиданттық , микробқа қарсы +

    3. лейкопоэзді тежеу

    4. фагоцитозды тежеу

    5. организм үшін қауіпті тіндік протеазаларды әсерлеу

    476. «Жедел кезең жауабының» қорғаныстық маңызы

    1. жүйелік қабынулық жауап

    2. сілейме

    3. жедел кезең нәруыздары түзілуінің әсерленуі

    4. миокардтың жиырылулық қызметінің төмендеуі

    5. көп ағзалық жеткіліксіздік

    477. «Жедел кезең жауабының» дерттік әсері

    1. АКТГ өндірілуі артуы

    2. жүйелік қабынулық жауап және көп ағзалық жеткіліксіздік

    3. фагоцитоздың әсерленуі

    4. С-әсерлі нәруыздың артуы

    5. Комплемент жүйесінің әсерленуі

    478. «Жедел кезең жауабына» тән

    1. Фагоцитоздың, комплемент жүйесінің әсерленуі +

    2. Қан ұю жүйесінің әсерсізденуі

    3. Ұюға қарсы жүйенің әсерсізденуі

    4. Қанда темірдің көбеюі

    5. ЭТЖ баяулауы

    479. Дұрыс тұжырымды табыңыз

    1. «жауаптың жедел кезеңі» - организмнің зақымдануға басымырақ жергілікті әсерленісі

    2. «жедел кезеңнің жауабы» – организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі +

    3. «жедел кезеңнің жауабы» барлық көріністерінің организм үшін жағымды маңызы бар

    4. «жедел кезеңнің жауабы» организм төзімділігінің төмендеуіне әкеледі

    5. «жедел кезеңнің жауабының» негізгі дәнекері гистамин

    480. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды. Науқастағы аллергиялық серпіліс қай түрімен дамыды?

    1. Реагиндік ( I түрі )+

    2. Цитотоксиндік (II түрі)

    3. Иммунокешендік (III түрі)

    4. Жасуша қатысуымен (IV түрі)

    5. Қабылдағыштық (V түрі)

    481. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі патогенезінің

    көрсетімеген тізбегі :

    Жасуша мембранасының антигендік құрылымының өзгеруі және кейінгі аллергеннің түзілуі® аутоантиденелер түзілуі ® нысана жасушалар беткейінде иммундық кешендердің түзілуі ® ……?……. әсерленуі ® нысана жасушаның фагоцитозы

    А) комплемент жүйесінің С1,4,2,3 бөліктері +

    В) калликреин-кининдік жүйе

    С) қан ұйыу жүйесі

    D) фибринолиз жүйесі

    Е) қан ұйыуына қарсы жүйе

    482. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі патогенезінің

    көрсетімеген тізбегі :

    Жасуша мембранасының антигендік құрылымының өзгеруі және кейінгі аллергеннің түзілуі® аутоантиденелер түзілуі ® нысана жасушалар беткейінде иммундық кешендердің түзілуі ® ……?……. әсерленуі ® жасуша мембранасында тесіктердің пайда болуы

    А) комплемент жүйесінің С5-9 бөліктері

    В) калликреин-кининдік жүйе

    С) комплемент жүйесінің С1,4,2,3 бөліктері

    D) фибринолиз жүйесі

    Е) қан ұйыуына қарсы жүйе

    483.Декомпрессия - бұл


    1. атмосфералық қысымы қалыпты ортадан атмосфералық қысымы жоғары

    ортаға ауысу

    1. ерігіш азоттың қарқынды түзілуі

    2. барометрлік қысымның жоғарылауы

    3. жоғары барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы қалыпты

    аймаққа ауысу +

    1. газдар ерігіштігінің төмендеуі

    484. Сатурация - бұл

    1. атмосфералық қысымы қалыпты ортадан атмосфералық қысымы жоғары

    ортаға ауысу

    1. ерігіш азоттың қарқынды түзілуі

    2. барометрлік қысымның жоғарылауы

    3. жоғары барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы қалыпты

    аймаққа ауысу +

    1. газдар ерігіштігінің төмендеуі



    485. Қарттық шақ мөлшері-бұл

    А) 30-35 жас

    В) 35-40 жас

    С) 45-59 жас

    Д) 60-74 жас

    Е) 75 жастан жоғары



    486.. Ұзақ өмір сүрушілердің жасы(1)

    А) 45-59 жас


    В) 60-74 жас
    С) 75-80 жас
    Д) 81-89 жас
    Е) 90 жастан жоғары

    487.Прогерия-бұл (1)

    А) тұқым қуалайтын ерте қартаю


    В) тұқым қуаламайтын ерте қартаю
    С) тістеудің ауытқуы (прикус)
    Д) табиғи физиологиялық қартаю
    Е) алыстан көргіштік

    488. И.И. Мечников бойынша организм қартаюын туындататыны:



    1. ішектегі нәруыздың іріп-шіру өнімдерімен аутоуыттану

    2. глюкоза

    3. кетондық денелер

    4. сүт және пирожүзім қышқылдары

    5. гипербилирубинемия

    489. Жалпы адаптациялық синдромның соққыға қарсы кезеңіне тән

    1. гипотензия

    2. гипотермия

    3. гипертензия+

    4. гипогликемия

    5. адинамия

    490. Жалпы адаптациялық синдромның соққы кезеңіне тән

    1. гипергликемия

    2. адинамия+

    3. бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гиперплазиясы

    4. гипертензия

    5. бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметінің қалжырауы

    491. Жасушаның гипоксиялық зақымдануы негізгі жайты болып табылады

    1. АТФ түзілуінің азаюы+

    2. Жасушада натрийдің көбеюі

    3. фосфолипаза А2 әсерленуі

    4. лизосомалық ферменттердің шығуы

    5. МАТ әсерленуі

    492. Жасуша ядросы зақымдануының көріністері

    1. Жасушаға нарий енуінің артуы

    2. Жасушадан калийдің шығуы

    3. ДНҚ екі еселенуі және транскрипция үрдістерінің бұзылуы

    4. Жасушаға кальций енуінің азаюы

    5. АҮФ түзілуінің бұзылуы

    493. Митохондрийлер мембранасы зақымдануынан дамиды

    1. кариорексис

    2. жасушаның аутолизуі

    3. жасушажасушануінің реттелуі бұзылуы

    4. тотығудан фосфорланудың бұзылуы+

    5. мембрана әлеуетінің төмендеуі

    494. Лизосомалық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы цитоплазмада иондар көбеюінің салдарынан болады

    1. Nа+,

    2. К+,

    3. Са2+

    4. Н+ +

    5. Мg2+

    495. Жасушаның зақымдануы кезіндегі жылулық сілейменің нәруыздары

    1. нәруыздарды табиғатын жоғалтудан сақтайды, зақымданған нәруыздардың аластануына септеседі +

    2. жасушалардың температуралық төзімділігін төмендетеді

    3. стресс кезінде жасушаға катехоламиндердің әсерін күшейтеді

    4. жылулық сілеймені туындатады

    5. МАТты әсерлейді

    496. Апоптоздың экзогендік күшейткіштері

    1. Р-53

    2. Цитохром С

    3. өспелер тіршілігін жоятын жайт +

    4. лизосомалық ферменттер

    5. Каспаза-3

    497 Т-жендет қатысуымен жүретін цитолиздің даму тетігі, әсерленуіне байланысты

    1. лизосомалық ферменттердің

    2. комплемент жүйесінің

    3. перфорин-гранзимдік тетіктің+

    4. фагоцитоздың

    5. майлардың асқын тотығуымен

    498. Паранеоплазиялық синдромның көрінісіне жатады

    1. тромбозға бейімділік +

    2. Метастаздану

    3. қайталану

    4. өспенің үдеуі

    5. Антигендік атипия

    499. Антионкоген болып табылады

    1. ras

    2. myc

    3. bcl-2

    4. Rb +

    5. bax

    500. Онкоген болып табылады

    1. ras+

    2. р-53

    3. bcl-2

    4. Rb

    5. bax

    СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ

    №1


    1. Дем алатын ауада барометрлік қысымның және оттегінің үлестік қысымының төмендеуі.

    2. Төмен барометрлік қысымның нәтижесінде оттегінің үлестік қысымының азаюы.

    3. Аталған жайттар жекелеп әсер ететін тәжіриюелік үлгіні алу. (Поль Бер тәжірибесі)

    4. Гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.

    №2


    1. Иә.

    2. Гипотермия зат алмасу үрдістерін төмендетеді, тіндердің, әсіресе ОЖЖ-нің оттегіне мұқтаждығын азайтады, соның әсерінен оттегіне төзімділік артады, психостимулятор фенамин керісінше әсер етеді.

    3. Гипертермия, наркоз ж.б.

    №3


    1. Экзогенді гипобариялық гипоксия, гипотермия, декомпрессия синдромы

    2. №1 СӨЖ және №2 организмге гипотермия және төмен барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенезі сабақтарын қараңыз.

    3. гипоксия, себебі барометрлік қысым 170 мм.с.б. болғанда, артериялық қанның оттегімен қанығуы 10%-ды құрайды, бұл өлімге әкеледі.

    №4


    1. Биіктікке баяу шығу – организмнің бейімделу тетіктерінің қосылуын қамтамасыз етеді.

    2. «Патофизиология» оқулығынан «Гипоксиядағы қорғану-бейімделу тетіктері» бөлімін қараңыз

    3. Организмнің даралық реактивтілігі маңызды рөл атқарады

    №5


    1. Глобиннің бета тізбегінде глютамин қышқылы валинмен ауысқан

    2. 50% жағдайда балалар орақ тәрізді жасушалы анемияның гендерін таратушы болады, 50% - дені сау болады.

    3. Жоқ

    4. Гипоксия және ацидоз

    №6


    1. Даун ауруы

    2. 21 жұп хромосомада трисомия (96% жағдайда), 21 хромосоманың бөлігінің 14, 13, 15 хромосомаға транслокациясы (3%)

    3. Анасының жасы 35-тен асқан жағдайда мейоздың ақауы. Бұлшық еттердің гипотониясы, ішкі ағзалар дамуының қалыс қалуы, саусақтарының қысқалығы,ақыл-есінің дамымауы әртүрлі дәрежеде болады.

    №7


    1. 1 - Клайнфельтер синдромы; 2 - Шерешевский-Тернер синдромы, 3- Трисомия Х; 4- Тетрасомия-Х

    2. 1-1; 2-жоқ; 3-2; 4-3.

    3. Әсерсіз Х хромосома, әйел жынысын анықтайды

    4. Мейоз кезінде жыныс хромосомаларының ажырамауы

    №8


    1. Жарақаттық сілейме. Торпидті сатысы

    2. Уақтылы және дұрыс емделген жағдайда – организмнің бұзылған қызметтері қалпына келеді, көмек көрсетілмесе – ақтық сатысы және өлім.

    3. Сілейменің декомпенсация сатысы организмнің бейімделу серпілістерінің қажуымен, жүйке-эндокриндік реттелудің үдемелі төмендеуімен, ағзалар мен жүйелердің үдемелі жеткіліксіздігімен сипатталады. Көрсетілген өзгерістер көрінеді:

    • АҚ төмендеуі және коллапс дамуы (систолалық қысым сілейменің жеңіл түрінде - 90 мм с.б., орташада — 70 мм с.б., ауырда — 40–50 мм с.б)

    • Тамыр соғысы жиілігі артуымен (минутына 180-210 ретке дейін) және қанға аз толуымен, кейбір толқындарының түсуімен (жүрек аритмиясының белгісі)

    • Тамырдан сұйықтықтың артық мөлшерде тінге шығуымен

    • АҚК азаюымен (қалыптыдан 25–40% және одан артық) және Ht артуымен

    • әсіресе микроциркуляция арнасында қанның ұйуы және тромбозымен. Кейінірек тамыр ішілік шашыранды қан ұйу синдромы, тромбоз, фибринолиз және геморрагиялар.дамуы мүмкін

    • Қанның көп мөлшерінің іш қуысы ағзаларында, өкпе, бауыр, көкбауырда қорға жиналуымен. Бұл жүрек шығарымының үдемелі азаюына және АҚ төмендеуіне әкеледі.

    • Өкпеде микрогемоциркуляция бұзылуымен, оның ісінуімен, бронхиолдардың бітелуі, ошақты ателектаз дамуына әкеледі, бұл тыныстың қауырт жеткіліксіздігін туындатады. Аталған өзгерістер «сілеймелік өкпе синдромы» ретінде белгілі.

    1. Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру (қан алмастырушыларын, жоғары молекулалы коллоидтарды құю), рН-ты қалпына келтіру (тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты), тамыр тонусы мен жүректің жиырылғыштық қабілетін қалпына келтіретін тамыр әсерлендіргіш және кардиотропты дәрілерді, ӨЖД аппараты, «жасанды бүйрек» аппараты, усыздандыру емін қолдану қажет.

    №9


    1. Эпителий жасушаларының иммундық жүйе қатысуымен in vivo зақымдануы.

    2. Дәрілік заттың құрылымы гаптен болуы мүмкін, эпителий жасушаларымен байланысқанда толық антиген болып, жасуша қатысуымен жүретін аллергиялық серпілістерін тудырады.

    №10


    А. Жасушаның қайтымды зақымдануының белгілері:

    • Жасуша көлемінің шамалы артуы

    • Лактаттың жиналуы

    • Жасуша сыртында калийдің артуы

    • Мембраналық потенциалдың төмендеуі

    • митохондрий ферменттері белсенділігі азаюы

    В. Жасушаның қайтымсыз зақымдануының белгілері

    • мембрана тұтастығының бұзылуы

    • ядроның ыдырауы

    • митохондрий құрылымының бұзылуы

    • теңгерілмеген жасушаішілік ацидоз

    • жасушаның сорғыштық қабілетінің артуы

    • лизосомалық ферменттердің белсенділенуі

    • гиперферментемия

    №11

    Фенилгидразин жасушадағы еркін радикалдық тотығуды күшейтеді, бос радикалдардың әсерінен мембрананың фосфолипидті қабаты бұзылады, тесіктер пайда болады, мембрананың өткізгіштігі артады, мембрананың иондық сораптары қызметі бұзылады. Бұл натрийдің жинақталуына және жасушаның гиперосмиясын тудырады, эритроциттердің гипергидратациясы дамып, олар гемолизге ұшырайды.

    №12

    Теңгерілген газдық емес ацидоз, өкпенің бейімделулік гиповентиляциясы әсерінен СО2 мөлшерінің аздап артуы. Бикарбонатты енгізу SB, АВ артуына әкелді. ВЕ-нің артуы оң маңызды рөл атқарады.



    №13

    Теңгерілмеген аралас алкалоз (газдық және бөліністік).

    №14

    Бөліністік теңгерілмеген ацидоз. Өкпенің бейімделулік гипервентиляциясы әсерінен гипокапния дамыды. Бүйректегі ацидогенез және аммониогенез үрдістері біріншілік азайып тұр.



    №15

    Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболизмдік) ацидоз.

    № 16

    Теңгерілген газдық алкалоз. Мүмкіндік себебі - өкпе гипервентиляциясы.



    № 17

    Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболизмдік) ацидоз. Оттегі аз түсіп, көмір қышқыл газының шығуы бұзылған. Жасанды демалдыру тәртібін өзгерту қажет.

    № 18

    О2 бойынша артерио-веноздық айырма – 5 көл%.Тыныстық гипоксия



    № 19

    О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 12 көл%. Қанайналымдық гипоксия.

    № 20

    О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 2 көл%. Тіндік гипоксия



    № 21

    О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 6 көл%. Гемдік гипоксия

    №22


        1. Қанайналымдық (солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі), тыныстық (өкпеде қан іркілуі), тіндік (зат алмасу үрдістерінің бұзылыстары, ацидоз)

        2. Иә: тахикардия, эритроцитоз

        3. Жүректік. Жүректік ісінудің патогенезін қараңыз «Патофизиология» оқулығы.

    №23

    1.Қанайналымдық ( жүрек жеткіліксіздігі), тыныстық (өкпеде қан іркілуі)

    2. қанайналымдық гипоксияға тыныстық гипоксия қосылды

    3.раО2, рvO2 төмендейді, оттегі бойынша артерио-веноздық айырмасы артқан, рН төмендейді

    № 24


    Карта сайта

    Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



  • 2010-05-02 19:40
    referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная