II- тарау. Шаруа бастықтары институтының құрылуы - Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты II- тарау. Шаруа бастықтары институтының құрылуы. . Учебный сайт
Учебные материалы


II- тарау. Шаруа бастықтары институтының құрылуы - Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты



бет4/15Дата26.04.2016өлшемі2.45 Mb. 4 5 6 7 8 9 ... 15

  • Уездер Шаршы шақырымдағы аудан Қазақтардың жалпы саны Орыстардың жалпы саны
  • Барлық тұрғындар саны 1 шаршы шақырымдағы тұрғындардың тығыздығы Учаске саны
  • 1.Ақтөбе 49500 108727 2852 111.579
  • Барлығы 418138 403490 38884 442374

:

docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

II- тарау. Шаруа бастықтары институтының құрылуы.



2.1. Қазақстанда шаруа учаскелерінің ұйымдастырылуы

Генерал губернатор Н.Н.Сухотин 30 қыркүйекте 1902 жылы Дала генерал губернаторлығы бойынша «Шаруалар бастықтары туралы Уақытша ережені» Ақмола облысының аумағына 1902 жылдың қазанның 1-інен, Семей облысының аумағына 1903 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу туралы жылғы №94 жарлығын шығарды. [73,86п]

Бұған негіздеме:

- осы уақытқа дейін қазақ болыстарын және шаруа селоларын учаскелерге бөлу тексеріледі және түзетіледі;

- уездік басқармаларда жүргізілген істер шаруа бастықтарына тапсыруға дайындалып үлгереді;

- осы уақытта қазақ ауылдары өздерінің қыстауларына қайта оралады.[73,17-18пп]

Уездерді шаруа учаскелеріне бөлу уезд бастықтарының тікелей қатысуымен облыстық басқарманың отырысында талқыланды және мынадай мәселелер қаралды :

а) орыс және қазақ болыстарының қайсысын жергілікті халықтың мүддесіне сондай-ақ әкімшілікке ыңғайлысын ұйымдастырылатын шаруа учаскесінің құрамына қосқан жөн;

б) әрбір шаруа учаскесінде отбасылар мен ер адамдар санының жобамен қаншасы болуы керек және ондағы қазақ шаңырақтарының саны қанша болуы қажет;

в) әрбір шаруа бастығының қай жерге тоқтайтын мекен - жәйін тағайындау керек, шаруа бастығының тұратын жерінен ең қашық селоға немесе қазақ ауылына дейін арақашықтық қандай болуы қажет;

Бұл мәселелер шаруа істері жөніндегі уездік қатысымның да отырысында талқыланды. Ең күрделі мәселе қазақ болыстарының бөлінуі және оларды сол немесе басқа учаскеге қосу мәселелері болды. Болыстарды бөлу әрқашанда жерге орналастырумен байланысты болды, ал қазақтардың көшпелі қоғамында жер иелену әдеттегі құқықа негізделген, әкімшілік ауылдардың шекерасымен шектес жерлерімен чрезполосностью иелігінде ерекшеленді. Сонымен бірге, әкімшілік бөлініс жергілікті халықтың мұқтажы мен тұрмыс жағдайын мұқият зерттеумен байланысты немесе әкімшілік бөлініс тіпті екі жақ келісімге келген жағдайда да облыстық әкімшіліктің ұзақ уақыт талқылауын және олардың кірісуін талап ететін көптеген арыз-шағымдарды туғызады. Сөйтіп, шаруа істері жөніндегі Көкшетау уездік отырысында осы мәселелер талқыланып, Ақмола облысының Көкшетау уезін 4 шаруа учаскесіне бөлу ұсынылды.

1-учаскенің ауданы 13 900 шаршы шақырымды алып жатты, Павлов, Викторова, Балкашино, Вознесенская 4 орыс болыстары және 2 қазақ болысы Зеренді және Жыланды болысының № 4,5,6 ауылдары қосылды, ер адамдардың саны 29 820 құрады.

2 – учаске ауданы 24 800 шаршы шақырым аумақты алып жатты, орыс болыстары Констатиновская, Макинская үшінші учаскеге енетін алты елді-мекенсіз және 5 қазақ болыстары Жыланды, Құсмұрын Петропавл уезінен қосылған, мұнда 17200 ер адам тұрды.

3 учаскенің ауданы 7400 шаршы шақырым алып жатты және 3 орыс болыстары Мариинская, Казанская, Кривозерная және 2 қазақ болысы, мұнда 25 580 ер адам тұрды.

4 – учаске ауданы 22100 шаршы шақырым аумақты алып жатты, орыс болыстарынан Александровская, Макинская және Қотыркөл, Көкшетау, Восточная 3 қазақ болысы және 25 110 ер адамнан тұратын тұрғындары бар.[74,12-14пп]

Біз көріп отырғанымыздай, бөлу пропорционалды, бір шама тең жағдайда болды: әрбір учаскеде болыстардың саны 4-6 дейінгіні құрады; тұрғындарының саны 24 000 – нан 29 820 – ға дейінгі ер адамдардан тұрды; тек қана 2-ші учаскеде халық саны аз, бірақ ауданы басқа учаскелерге қарағанда үлкен болды. Бәлкім, бұл учаскенің географиялық ерекшеліктеріне байланысты болуы ықтимал.

Омбы уезінің жер көлемі 39 000 шаршы шақырымды құрады, 6 қазақ болысына, тұрғындарының саны 25 896 ер адам және 4 орыс болыстарына бөлінді, ер адамдардың саны 7 831 болды. Болыстар төмендегідей орналасқан: шығыс бөлігінде жалпы көлемі 24 000 шаршы шақырым алып жатқан қазақ болыстары Қызылқақ, Алабота, Покровка, соңғысының жерінде бір орыс болысы Павлоградская орналасқан; батыс бөлігінде (жер көлемі 16 000 шаршы шақырым) Омбы, Қорған, Николаевская қазақ болыстары олардың территориясында шаруа болыстары орналасқан. Омбы уезінің шаруа істері жөніндегі қатысым отырысында уездің географиялық жағдайын, уездің тұрғындарының санын және әкімшілік бөлінісінің деректерін қарастыра келе, уезд территориясы 2 шаруа учаскесіне бөлінді. [73,19-20 пп] Аталмыш уездің бөлінуі бір келкі емес. Бірінші учаске 8000 шаршы шақырымға екінші учаскенің жер көлемінен үлкен. Сондықтан да жері аздау аумақта (2- нші учаскеде) 3 697 ер адамға көп болды.

Шаруа істері жөніндегі қатысымның Ақмола уездік отырысында, уезді шаруа учаскелеріне бөлуде территориялық жағдайы, тұрғындардың саны мен уездің түрлі аудандары бойынша орналастыру мәселелері арқылы бөлу процесі талқыланды. Ақмола уезі негізінен тұрғындары біркелкі орналаспаған ауданға жатады. Уездің солтүстік бөлігінде көшпелі қазақ ауылдарымен шекаралас орыс шаруаларының селолары неғұрлым шоғырлана орналасты. Сонымен бірге осы елді мекендердің жалпы жер көлемі уездің бүкіл аумағының тек қана ⅓ - ін құрайды, ал осы кезде уездің орталық және оңтүстік бөлігінде орыс селолары мүлдем болған жоқ, ал қазақ болыстары егіншілікке жарамсыз,топырағы сортаң орасан зор уезд кеңістігінде шашырап орналасты. Сондықтан да уезд территориясының аумағына көшпенлі және отырықшы халықты шаруа учаскелеріне біркелкі бөлу қиын болды. 1902 жылы шілдеде Ақмола уезінің аумағы 4 шаруа учаскесіне бөлінді.

Бірінші шаруа учаскесіне Алексеевская, Новочеркасская, Семеновская секілді шаруа болыстары және Қызылтоқпақ, Моншақты, Есіл, Ақмола қазақ болыстары кірді, ауданы 30 000 шаршы шақырым және тұрғындары 31 308 ер адам болды;

2-учаскеге Михайловская, Новогеориевская орыс болыстары және Қарубай- Нұра, Бөгелең, Спасск, Қарағанды, Крименская, Баржанкөл қазақ болыстары жалпы ауданы 40 000 шаршы шақырымды алып жатты, халқының саны – 34 287 ер адам,

3- учаскеге Чернигов және Рождественская екі орыс болыстары және 6 қазақ болыстары болып Сарыөзен, Қорғалжың, Қарағаш, Жыланды, Нұра, Аққұмнұра енді, жалпы ауданы – 40 000 шаршы шақырым алып жатты, халқының саны 26 012 ер адам тұрды.

4- учаскеге тек қазақ болыстары Шу, Қарағыз, Мұңлы, Шоқай, Атасу, Орта, Сараң, Нілді кірді, жер көлемі жағынан үлкен аудан саналды, 90 000 шаршы шақырымды алып жатты, тек халқының саны 30 321 ер адам болды.[73,22п]

Жалпы алғанда, 4 учаске уездің барлық ауданының жартысына жуығын алып жатыр. Бірақ бұл аумақта ер адамдардың 1/4 бөлігі және де көшпелі рулар орналасқан. Аумағы жағынан көлемі аз 1 учаске болды. Аймақ әкімшілігі атап өткендей, учаскеге біркелкі орналастыру географиялық жағдайына және қоғамдық басқарудың осыған дейінгі ұйымдасқан әкімшілік бірлігінің тұтастығын сақтау мақсатымен мүмкін болмады. [73,23 п]

Атбасар уезі 3-шаруа учаскесіне бөлінді,ал шын мәнінде жерді иелену бойынша учаскелерге бөлу жер дауын және тұрғындар арасында түсініспеушілікті азайтар еді.Атбасар уезі бойынша 1-учаске Кийминская орыс болысын және Жарқайын, Кентүбек, Терісаққан, Қызылқұм болыстарынан, тұрғындарының саны 28524 ер адам болды. 2- учаске бірінші учаскеге қарағанда Покровская, Мариинская, Новая сияқты шаруа болыстары және Атбасар, Теңіз екі қазақ болысынан тұрды, тұрғындарының саны 33452 ер адам. 3- шаруа учаскесі тек ғана қазақ болыстарынан 6 территориялық бірліктен тұрды Құмқоныр, Сарысу, Кенгір, Айнакөл, Ұлытау, Жезді болыстарынан тұрды, тұрғындары саны 6124 ер адам болды.[75,18-20пп;73,24п]

Көкшетау уездік қатысымының отырысында Петропавл уезін 3 шаруа учаскесіне бөлу мәселесі талқыланды. Құшмұрын болысын Көкшетау уезіне қарамағына берілуі кездейсоқтық емес еді.Сонымен бірге Петропавл уезінің өзіндік географиялық траекториясы болды, ұзын болып келген теміржол бойын бойлай орналасқан территория 3 учаскеге бөлуге қолайлы болды.

Сонымен бірге уездік қала Тобыл губерниясының оңтүстік шекарасынан 12 шақырым жерде уездің солтүстік шетінде орналасқан. Аталған уездің ерекшелігі сол, ол Орынбор губерниясымен және Торғай облысымен жіңішке жолақ болып шектеседі. Осыған байланысты аталмыш уезд қазақтарының өмірлерінде өзіндік айырмашылықтар байқалады. Орынбор казак әскерінің жерімен шектесетін батыс бөлігінде негізінен егіншілікпен айналысты. Әсіресе уездің осы бөлігі Қостанай уездік қаласына, Звериноголовская станциясына жақын орналасты. [73,27-29пп; 74,12-14 пп]

Петропавл уезінің 1-нші учаскесінің жалпы ауданы 11 782 шаршы шақырым болды, халқы 19 737 ер адамнан тұрды, Раевская, Полтавская, Явленская, Ильинская шаруа болыстары мен Полуденская, Тайыншы, Петропавловская үш қазақ болыстары енді.

2-нші учаскеге Михайловская, Николаевская, Троицкая, Благовещенская, Дмитриевская, Макарьевская 6 шаруа болыстары және екі Пресновская, Становская қазақ болысы енді. Аталған учаскенің жалпы ауданы 6416 шаршы шақырымды, халқы 21 957ер адам болды.

3-нші учаскенің жалпы ауданы 11373 шаршы шақырымды алып жатты, 12 699 ер адам, 3 шаруа болыстары Феодоровская, Рясская, Новопокровская және бір орта қазақ болысы енді. [73,27п;75,2-4] Көріп отырғанымыздай, орасан зор ауданда халық саны аз учаске болды.

Ақтөбе уезінің территориясы 3 шаруа учаскесіне бөлінген.

1 – нші учаскенің құрамына 4 қазақ болысы Бөрлі, Қарақобда, Бестамақ, Қараторғай енді. Шаруа бастығының деректері бойынша Бөрлі, Қарақобда, Бестамақ болыстары егіншілік үшін қолайлы, ал Қараторғай болысы тары егуге тиімді болды. Бұл жерлерде қазақтардың саны 34 135 мың адам болды. [76,18п] Солтүстікте 1-нші учаске Теректі болысына дейін Орал өзенін бойлай Бөрте болысымен шектесіп, шығысында Теректі, Ақтөбе, Ойсылқара болыстарының жерлерімен шектесті. Батысында Қобда және Елек болыстарымен шектесті, оңтүстікте Орал облысының Темір уезімен шектесті. Географиялық орналасуы тұрғысынан қарағанда аталған учаскенің көлік инфрақұрылымы жаман емес, өйткені 200 шақырым жерде Орынбор – Ташкент темір жолы өтіп жатты, учаскені бойлай Орал болысының Темір уезінен 3 керуен жолы өтеді, солардың біреуі Ақтөбеден 60 шақырым жерде Қазалы керуен жолымен байланысады, басқа жолдар Орынборға барады. [76,12п]

1-нші шаруа учаскенің аумағында 4 орыс хуторы: Қарақұдық, Башарин (Қаратоғай болысы), Шибаев (Бестамақ болысы), Ивачкин (Бөрлі болысы) орналасты, халық саны 241 орыс шаруасы болды. Олардың көпшілігі негізінен Орынбор, Воронеж, Херсон губернияларынан, бір бөлігі Таврическая және Дон әскерінің жерінен шыққандар болды. [76,13п] 1905-1909 жылдары 3 болыстан тұратын Павловская, Петровская, Золотоншская қонысаударушылар учаскесі құрылды, тұрғындар саны – 2605 ер адам болды. Учаскедегі құнарлы жерлердің көлемі– 13 498,7 десятинаны құрады. [77,1-2пп]

Ақтөбе уезінің 2-нші шаруа учаскесінің құрамына 1-нші және 2-нші, Бөрте, Елек, Тұзтөбе, Қобда 34 ауылымен 5 қазақ болысы, тұрғындарының саны – 38 384 адамнан тұрды. [76,20п] Бұл болыстардың аумағында 240 698 десятина құнарлы жер, қалған – 48 141 десятина жер егіншілік үшін жарамсыз болды.

Учаскенің территориясының аумағында хуторлар құрылды, онда 441 орыс шаруасы тұрды; Бөрте болысына қарайтын Михайловский, Қобда болысының №4 ауылына жақын орналасқан Сазды хуторы, олардағы құнарлы жердің көлемі – 2 224 десятина болды. [76,40п]

1904-1907 жылдар аралығында аталған учаскенің орыс болыстары Ақбұлақ, Беляевская құрылған, 12 521,8 десятина қолайлы жері бар, тұрғындарының саны 2411 ер адам болды. [77,3п]

Ақтөбе уезінің 3-нші учаскесіне Ақтөбе, Теректі, Аралтөбе, Ойсылқара 4 қазақ болыстары кірді, 36 ауылымен, халқының саны 37 061 және осы аумақта уақытша 762 адам тұрды. Қазақ болыстарындағы құнарлы жер 3-нші учаскенің шаруа бастығының деректеріне қарағанда – 122 958 десятинаны құрады. Бірақ, бұл болыстарға бірдей бөлінбеген. Ақтөбе және Теректі болыстарының жерлері бидай егуге жарамды, ал Аралтөбе, Ойсылқара болыстарының жерлері – ен дала, егіншілікке жарамсыз болды. 1902 жылы 3-нші учаске территориясының аумағында орыс болыстары болған жоқ, дегенмен 4 472 орыс шаруасы қазақтардан жалға алған жерлерінде хуторлар салып алып, тұрып жатты. Жалға алған жердің жер көлемі - 8 242 десятинаны құрады. Олар әр десятина жер үшін қауымның пайдасына 2 сомнан төлеген. Мысалы, Теректі болысында 3 хутор болды, Аралтөбеде – 2, ең көп хуторлар Ақтөбе болысында – 9 хутор болды. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені орыс шаруалары әсіресе Ақтөбе болысында шоғырлануы бұл топырағы құнарлы, егіншілікпен айналысуға қолайлы болуы ед. [76,71п] Учаскеде 1903-1904 жылдар аралығында Қосестек, Херсон, Степная орыс болыстары құрылды, ондағы құнарлы жерлердің көлемі 23 928 десятина болды, 4 178 адам тұрып жатты. [77,40п]

1904 жылы Ақтөбе уезінің 3-нші учаскесінің аумағы 5 қонысаударушылар учаскесіне кесіліп берілді. Олар Алабайтал өзенінің бойындағы Төбе (Холмистый учаскесі), Қосестек хуторы жанындағы Қосестек, Херсон хуторы маңындағы Херсон, Тастысай елді мекеніне жақын Овражный, Көкпектідегі Степная учаскесі ауданы 54 228 десятина жерде 3 410 ер адам тұрды. Бұл учаскелерді қонысаударушылар учаскелерімен айналысатын шенеуніктер қарап, осы жерлер поселкелер салуға ыңғайлы деп танылған.

Қостанай уезінің 1-нші шаруа учаскесінің құрамына 2 қазақ болысы 15 ауылымен және 24 поселкесімен 9 орыс болыстары енді. [78,5п]

3-нші шаруа учаскесінің құрамына 44 поселкесімен 10 орыс болысы және 33 ауылымен 4 қазақ болыстары кірді. [78,8п]

Торғай облысының Қостанай уезінің 4-нші учаскесінің құрамына Құмақ, Сүйіндік, Желқуар, Жетіқара, Аққарға болыстары енді, бұл болыстарда негізінен қазақтар тұрды, Коломинское, Ольгинская, Адамовская болыстарында орыс шаруалары тұрды. Осы учаскеде 1905 жылы тағы да 5 орыс болыстары Абамовская, Туфановская, Приречная, Максимовская, Львовская құрылды, мұнда шаруалар енді ғана қоныстана бастады.

4-нші учаскенің ауданы топографтардың деректеріне сүйенсек 216 799 десятина жер немесе 207 820 шаршы шақырымды құрады. Осы жердегі қазақтардың саны 33 912 адамды құрады. [76,303-304пп]

Ырғыз уезінің аумағында 13 қазақ болысы және 3 шаруа учаскесінің құрамындағы Ырғыз, Қарабұтақ, Шалқар елді-мекендері кірді.

Ырғыз уезінің 1-нші учаскесінің аумағына Аманқұл, Қызылжар, Кенжеқара, Тәуіп секілді 4 қазақ болысы 43 ауылымен, тұрғындарының саны 34 561 адам болды.

Ырғыз уезінің 2-нші шаруа учаскесіне Бақсай, Талдық, Темір -астау болыстары 34 ауылымен кірді, тұрғындарының саны 25 973 адам болды.

Ырғыз уезіндегі ең үлкені 3-ші шаруа учаскесі болды, онда 5 қазақ болыстары Құланды, Орда қуған, Қабырға, Толағай, Шеңгелді 43 ауылымен, халқының саны -39 534 адам болды. [78,141п; 76, 260-261пп]

Шеңгел болысы 3-нші учаскеге тек 1905 жылы қосылды, себебі осы болыстың Шалқардағы 3-нші учаскенің шаруа бастығының тұратын жерге жақын болуына байланысты болды.

Ырғыз уезінің шаруа учаскелерінің басқа учаскелерден ерекшелігі негізгі халқы қазақтар болды. Территориялық жағынан 2-нші учаскеге қарайтын Қарабұтақ поселкесінде 600 адамның көбі орыс емес татарлар болды. [79,1б] Ырғыз уезінің шаруа учаскелеріндегі жалпы халықтың саны 100 068 адамды құрады.[76,261п]

Торғай облысының Торғай уезінің аумағында да 11 болыстан тұратын 2 шаруа учаскелері құрылды. 1-нші учаскенің құрамына 5 болыс, 43 ауылымен, халқының саны – 23 126 адам болды. [76,24-105пп]

1907 жылы Торғай – Орал қоныстанушылар ауданының агрономы Б. Скалов Темір уезі туралы былай деп жазды.- « Темір уезінің 7 оңтүстік болысының шаруашылықтары Қошқарата, Доңызтау – Аққолқа, Самматай, Ұлысам және 3 адай болыстары көшпелі мал шаруашылығын өзгеріссіз сақтап қалған. Тамыз айының аяғы мен қыркүйектің басында көшпелілер Темір уезінің солтүстік және орта бөлігіндегі жайылымдарынан оңтүстікке қарай кетеді, ал, наурыздың басында олар солтүстіктегі үстірт алқабына қарай кері қайтатын. [80,30с.]

Әрбір шаруа учаскесінде астық сақтайтын дүкендер, жем-шөп, азық-түлік қоймалары салынған. Мысалы, Қостанай уезінің 4-нші учаскесінің аумағында 134 жем- шөп, азық-түлік қоймалары болды, онда 765 612 пұт шөп қаумасы болды. [76,17-305п]

Ырғыз уезінің халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты, шаруа бастықтарының есептеріне қарағанда аталған уездің қазақтары аз да болса да арпа, бидай егуге егіншілікке үйренген. Мысалы, 1905 жылғы есепте «өткен жылдарға қарағанда биылғы есеп беру жылында 349 десятинаға артық жерге тұқым себілді» деп жазды. Әрине, жиналған астықта 15 144 пұт бидай, 14 566 пұт тары , 3 087 пұт сұлы , 160 пұт арпа артық алынды. Осыған байланысты нан бағасы да арзандаған, есепті жылда 80-90 тиын, тары 50-70 тиын, сұлы 60-80 тиын болды. Ырғыз уезі бойынша 1905 жылы бір астық дүкені болған. [76,262-263пп]

Бұдан басқа Ырғыз уезінің халқы қыста малға азық жем-шөп дайындаумен айналысты. Барлығы 1 932 307 пұт жем-шөп қоймада сақталды.Сонымен бірге тек 1-ші және 2-ші шаруа учаскелерінің аумағында ғана жем шөп қоймалары болған. [76,263п] Мысалы, Ақтөбе уезінде құрылған шаруа учаскелерінде жем – шөп қоймалары жұмыс істеген.

Шаруа бастықтары әрбір ауылдан болыстардағы қоғамдық қоймаларға қарауылшылар тағайындаған. Мысалы, 1903 жылы Ақтөбе уезінің 1-ші учаскесінің шаруа бастығының есебінде қазақтардан сайланған қоғамдық жем – шөп қоймаларының 91 қарауылшысының аты жөні көрсетілген, 2-ші учаскесінің аумағында жем – шөп қоймаларының 44 қарауылшысы, 3-ші шаруа учаскесінде қарауылшының қызметін 24 қазақ атқарған. Қоғамдық қоймалардың қарауылшыларының қызметіне мынадай міндеттер кірген: шөпті жинау, сақтау және оны қажетті мақсатқа пайдалану. Шаруа бастықтары олардың өз міндеттерін атқаруға деген жауапкершіліктерін арттыру үшін жылдың аяғында шөпті табысты жинағаны үшін қоғамдық ақшадан 12 сомға дейін сыйақы берген. Жем- шөп қоймаларының жағдайы барлық жерде қанағаттанарлық болмады. 3-ші учаскесінің шаруа бастығы қоғамдық қоймалар көбіне тек қағаз жүзінде бар, яғни есеп беруде жазылған, шын мәнінде ауылдарда жоқ деп жазды. Осыған байланысты ол болыс басқарушыларына өздерінің бағынышты территорияда қоғамдық қоймалардың құрылуына ерекше көңіл бөлуді ұсынды, қарсылық білдірген жағдайда олардың әкімшілік жазаға тартылатындығын айтты. [76,67-68пп]

1907-1912 жылдары шаруа учаскелерінің аумағында қоныс аударушылар аудандары құрылған. Мысалы, Ақтөбе уезінде 4 қоныс аударушылардың кіші ауданы құрылды.

1-ші қонысаударушылар учаскесіне Можаровская, Екатеринославская, Дамбарская, Верхнее -Киимбайская, Ащылысай болыстары кірді. 3-нші шаруалар учаскесі аталған ауданның құрамына Теректі болысы қосылды және 1912 жылы жаңа Естелі қазақ болысы құрылды. Аталмыш қонысаударушылар учаскесінің құнарлы жер көлемі 134 550,4 десятинаны құрады, халқы 11 171 ер адам болды.

Екінші қонысаударушылар учаскесі Петропавловская, Родниковская, Вознесенская, Андреевская, Полтавская, Борисовская орыс болыстарынан тұрды, жерінің құнарлы аймағы – 95732, 3 десятина, халқының саны – 7 461 ер адам болды

.

[77,7-8пп] және 3-нші қонысаударушылар учаскесіне Нагорная, Всесвятская, Степановская, Стаховицкая, Лохвицкая, Сухиновская орыс болыстары мен 1909-1910 жылдары құрылған 3 қазақ Қарабұтақ, Бестамақ және Батбақты болыстары кіреді. Учаскедегі құнарлы жердің көлемі– 111 870,2 десятина және бұл жерлер 4600 ер адамға бөлінген. 31[77,10-16пп] Төртінші учаскеге Сазды, Николаев, Астраханьская, Михайловская орыс болыстары және 1-ші Бөрте болысының бір бөлігі (осы аумақта Нахаловка хуторы орналасты) және 2-ші Бөрте болысы, 1911 жылы құрылған Горкий және Воротовский хуторлары) кірді. [77,17-19пп]

Шаруа учаскелеріне бөлу мәселесі Торғай облыстық басқармасының жалпы қатысуымен болған отырыста төрағасы Торғай облысының әскери губернаторы генерал- лейтант Ломачевский, комиссия мүшелері: тете- губернатор, стат кеңесшісі Васильев, алқа кеңесшісі Гарф, Орынбор қазына палатасының басқарушысы, сарай кеңесшісі Стрекалов, Орынбор округтық сотының төрағасы, стат кеңесшісі Соколов және т.б. қатысуымен 1902 жылғы 6 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің құпия кеңесшісі Стишинскийдің Торғай облысы уездерін шаруа учаскелеріне бөлу жобасы туралы 1902 жылы 14 тамыздағы жеделхатына байланысты өтті. Осыған байланысты Торғай облысының уездерінің жер көлемі \шаршы шақырыммен\ және әр уездегі тұрғындар санымен тығыздығы туралы мәлімет бойынша төмендегідей кесте жасалған:

Кесте 1


Уездер



Шаршы шақырымдағы аудан



Қазақтардың жалпы саны



Орыстардың жалпы саны



Барлық тұрғындар саны



1 шаршы



шақырымдағы тұрғындардың тығыздығы



Учаске саны



1.Ақтөбе



49500



108727



2852



111.579



2,25



3



2.Қостанай



93838



119267



35438



154705



1,64



4




3.Ырғыз



127300



89888



499



90387



0,71



3



4 Торғай



147500



85608



95



85703



0,58



2



Барлығы



418138



403490



38884



442374



Орташа тығыздық 1,06



12



Торғай облысын шаруа учаскелеріне бөлу туралы мәселені талқылай келе Облыстық басқарма негізінен шаруа бастықтарының арасындағы еңбектің теңдей бөлінуіне аса назар аударды. Осыған байланысты негізге алынғаны әр учаскедегі тұрғындардың саны, орыс халқымен мен қазақтардың өзара қарым-қатынастары, қазақтар көшпелілер арасында рулық қатынастар мен жерді пайдалануға байланысты кейбір учаскелердің өзіндік ерекшеліктері, учаскелердегі қатынас жолдары мен шаруа бастықтарының мекен- жәйі болды т.б. мәселелер болды. Соңғы мәселені талқылау кезінде анықталғаны, кейбір учаскелерде шаруа бастықтарының резиденциясын белгілейтін бірде бір отырықшы елді мекендер жоқ, сондықтан да осындай учаскелерде шаруа бастықтарының тұрғылықты жері учаскеден тыс болуы мүмкін, бірақ шаруа бастығының резиденциясы учаскемен шекаралас болуы және уездік қаламен байланыстыратын жолдың бойында орналасуы есепке алынуы тиіс болды. Осы пікірлердің негізінде облыстық басқарма Торғай облысының уездерін шаруа учаскелеріне бөлуді былайша жобалауға болады деп есептеді.[81,қосымша]

Осы жобаға байланысты қандай да бір мәселе туындайтын болса мыс, учаскелердегі болыстардың құрамына байланысты, учаске бойынша болыстарға бөлу өзгертулерді талап етсе, онда шаруа бастықтарының толық мәліметімен Уездік съезд Торғай облыстық басқармасының жалпы отырысына ұсынуына болады деп көрсетті. Торғай облысының уездерін учаскелерге бөлу туралы жоғарыда көрсетілген жобасы Ішкі Істер Министрлігінің назарына телеграф арқылы жіберілетін болды. [81,98-100пп]

Семей облысы 1902 жылғы 10 маусымдағы өкімге сәйкес 12 шаруа учаскесіне бөлінген. Семей, Өскемен уездері 3 учаскеге, Павлодар, Зайсан, Қарқаралы уездері 2 шаруа учаскелеріне бөлінді. Семей уезінің ауданы 64 786 шаршы шақырымды алып жатты, 2 орыс және 20 қазақ болыстарынан тұрады. Павлодар уезінің ауданы 103 788 шаршы шақырымды алып жатты, 21 қазақ болысынан тұрды, ал Зайсан уезінің ауданы 48 751 шаршы шақырым, 16 қазақ болыстарынан тұрды. Өскемен уезінің ауданы 41487 шаршы шақырымды алып жатты, 13 қазақ болыстары кірді. Қарқаралы уезінің ауданы 182  430 шаршы шақырым, 22 қазақ болысы енді. [73,39-40пп]

Біз көріп отырғанымыздай, уездердің ауданы біркелкі емес. Мысалы, Өскемен уезінің ауданы, Қарқаралы уезінен 4 есе кем, бірақ біріншісі 3 учаскеге, ал соңғысы тек 2 учаскеге бөлінеді. Мұның бір себебі уездердің географиялық жағдайы мен халықтың санына байланысты болды.

Сонымен, уездерді шаруа учаскелеріне бөлу кезінде, орыс және қазақ болыстарының сол кездегі әкімшілік бөліністері есепке алынды. Тек халықтың саны, аумағы ғана емес, сонымен бірге уездің географиялық конфигурациясы, уездік қаланың орналасқан жері, қатынас жолдарының бағыты есепке алынды. Көшпелі өмірдің жергілікті жағдайларымен жете таныс емес шаруа бастықтары өздеріне сеніп тапсырылған аумақпен танысуға мүмкіндік алды, қызметтерінің жаңа жағдайларын зерделеді, көшпелі халықтың салт-дәстүрін және өмірін, тұрмысын зерттеді. Бұданда басқа қазақ халқы жаңа әкімшілік бөлініске күдікпен қарады, оны жерлерді тартып алу, отырықшы өмірменен және әскери міндеттілікте болумен байланыстырды. Аймақ әкімшілігі шаруа учаскелерін біртіндеп құруды ұсынды. Себебі жергілікті халықтың көз алдында енді бір ғана басқарушы уездік исправник\басқарушысы\ емес, бірнеше шаруа бастықтары болатын болды. [73,28п]

Аймақты дұрыс жолмен әкімшілік бөліністерге бөлу үшін бірінші кезекте жергілікті жерді экономикалық және табиғи – ғылыми тұрғыда зерттеп, қазақ халқының мұқтажын зерттеу керек. Шаруа учаскелерін әкімшілік бөліністерге бөлу уездік және облыстық басқарманың пікірінше, аталмыш бөлініс 1-2 жылға ғана маңызды, ал кейіннен тәжірибе барысында жаңа әкімшілік бөліністерді ұсынуға болады

.

[73,32п]

Дала генерал-губернаторлығының аумағында барлығы 56 шаруа учаскелері құрылды, оның ішінде Торғай, Орал, Семей облыстарында 12 учаскеден, Ақмолада – 16 учаске құрылатын болды. Ақмола облысында учаскелердің артық болу себебін басқа облыстармен салыстырғанда осы облысқа едәуір қоныстанушылар қозғалысымен түсіндіруге болады

.

[66,268п]

    1. Карта сайта

      Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная