5Біліктілік пен қызметтер тізімі - И телекоммуникации түсінігі болуы тиіс- - білуі тиіс: - Учебный сайт
Учебные материалы


5Біліктілік пен қызметтер тізімі - И телекоммуникации



бет2/6Дата01.05.2016өлшемі0.6 Mb. 4 5 6

  • 6050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы

:

download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
5Біліктілік пен қызметтер тізімі
050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітіруші түлекке жоғары оқу орнының Кеңесі бекіткен оқу бағдарламасына сай «бакалавр» академиялық біліктілік деңгейі беріледі.

Қазақстан Республикасының еңбек және бұқаралық әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылдың 22-қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген Біліктілік анықамалығындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар 1 категориялы техниктердің бастапқы қызметтерінде, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері т.б қызметтерде, олардың еңбек стажына қарамастан, жұмыс істей алады.


6050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы

    1. Кәсіби қызмет ету өрісі

Кәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің информацияны қашықтықтан алмасуға, информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады.

    1. Кәсіби қызмет ету нысандары

Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және де информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар:

  • байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;

  • көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, оптикалық ауқымдағы жүйелерді қоса алғанда;

  • радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда;

  • дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электракустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;

  • деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары;

  • нысандарды электрондық, оның ішінде компьютерлік басқару, информацияны түрлендіру;

  • телекоммуникациялық жүйелерде информацияны қорғау құралдары;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен тораптары метрологиялық қамтамасыз ету құралдары;

  • телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг;

  • телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету.

    1. Кәсіби қызмет ету салалары

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет ету салаларына мына жүйелер жатады:

  • телекоммуникациялар;

  • радиобайланыс;

  • теледидар;

  • радиохабар тарату;

  • радиолокация мен навигация;

  • радиобасқару, таратушы және қабылдаушы радиоорталықтары, телеорталықтар;

  • жылжымалы байланыс;

  • радиотехниканың арнайы құрылғылары;

  • электрондық және компьютерлік;

  • микроконтроллерлер мен микроЭВМ-дер көмегімен басқарылатын жүйелер.

    1. Кәсіби қызмет ету түрлері

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры келесі қызмет түрлерін орындай алады, олар:

  • өндірістік-технологиялық;

  • тәжірибелік-зерттеушілік;

  • қызмет көрсету және пайдалану;

  • ұйымдастыру және басқару;

  • монтаждау-баптау;

  • есептеу-жобалау қызметтері.

    1. Кәсіби қызмет функциялары

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры өзінің негізгі және профилдік дайындығына байланысты келесі кәсіби қызмет функцияларын атқара алады, олар:

  • жобалау;

  • пайдалану;

  • қызмет көрсету;

  • монтаждау;

  • нақышына келтіру;

  • сүйемелдеу;

  • тесттен өткізу;

  • ақпараттарды қорғауды программалық және/немесе аппараттық қамтамасыздандыру.

    1. Кәсіби қызметтің негізгі міндеттері

Жетекші (аға) инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен бакалавр:

  • коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелері мен байланыс тораптарын, оптикалық байланыс құралдарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді техникалық қызметтеуді және жұмысының сапасын қадағалауды, жетілдіруді, жаңартуды және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды жүзеге асырады;

  • коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелерін, байланыс тораптарын мен оларды құраушы элементтерді, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді стандарттық және сертификациялық сынақтан өткізуді орындайды;

  • телекоммуникация жүйелері мен байланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің негізгі өлшеу құралдарын метрологиялық тексеруді жүзеге асырады;

  • көпарналы тарату жүйелерінің, электрбайланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің жобаларын жасап дайындауға қатысады;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен электрондық техника бұйымдарына қатысты техникалық шарттар, стандарттар, техникалық мазмұндаулардың жобаларын жасап, дайындауға қатысады;

  • байланыс құралдары мен электрондық құрылғыларды жобалауға қатысты техникалық ұсыныстарға, техникалық тапсырмаларға және басқа да құжаттарға сараптамалық баға береді;

  • әр түрлі ойларды ескере отырып, ұйымдастырушылық шешімдерді жасауға қатысады;

  • бекітілген әдістемелерге сай тақырыптың жеке бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулерді, тәжірибелерді жүргізуге қатысады, бақылаулар мен өлшеулерді орындайды, олардың суреттемесін құрастырады және қорытындыларды тұжырымдайды.

    1. Кәсіби қызмет бағыттары

Меңгерілген білім бағдарламаларына сай түлектер кәсіби қызметтерінде келесі бағыттарда жобалау, өндіріске ендіру және пайдалану жұмыстарын атқарады:

  • телекоммуникация;

  • радиобайланыс;

  • теледидар;

  • радиохабар;

  • радиолокация мен навигация;

  • радиобасқару;

  • жылжымалы байланыс;

  • теледидар және дыбыс сигналдарын тарату мен қабылдау;

  • радиотехникалық арнайы пайдалану жүйелері;

  • электрондық және компьютерлік жүйелер;

  • микроконтроллер және микроЭЕМ негізіндегі басқару жүйелері.

    1. Кәсіби қызметтер мазмұны

Өндірістік-технологиялық қызметтер:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологияларын жасауды жобалау және өндіріске ендіру;

  • материалдардың сапасын кіріс тексеруден өткізуді, технологиялық процестердің өндірістік тексеруін, дайын бұйымдардың сапасын тексеруді ұтымды ұйымдастыру және тиімді өткізу;

  • технологиялық процестердің параметрлерін таңдау және есептеу материалдарын, жабдықтарын, алгоритмдері мен программаларын тиімді пайдалану;

  • дайындау мен жөндеу кезінде радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын стандарттау және сертификаттау.

Қызмет көрсету мен пайдаланымдық жұмыстар:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерін, олардың техникалық, ақпараттық, математикалық және программалық қамтамаларын пайдалану;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын алдын ала тексеруден өткізу, жөндеу, нақыштау және қондырғыларын сынақтан өткізу.

Ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер:

  • кішігірім ұжым қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыра білу, адамдардың әр түрлі пікірлерін ескере отырып, тиімді шешімдерге қол жеткізу;

  • алыс, жақын жоспарлар құрарда, әр түрлі бір-біріне қайшы келетін талаптардың (бағасы, сапасы, қауіпсіздігі және орындау мерзімдер) тиімді шешімдерін таба білу;

  • бұйымдардың қажетті сапасын қамтамасыз етудегі өндірістік және қосымша шығындарды бағалау.

Монтаждау, нақыштау қызметтері:

  • шығарылатын бұйымдардың сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ететін негізгі өлшеу жабдықтарының метрологиялық тексеруін іске асыру;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация техникалық жабдықтарын монтаждау және нақыштау.

Есептеу-жобалау қызметтері:

  • берілген сапа көрсеткіштері мен шектеулер ауқымында жобалау есептері мен мақсаттарын тұжырымдау;

  • мәселенің жалпылама түрлерін көп критериалдық жағдайлардағы шешу жұмыстарын жобалау, әр түрлі варианттарды талдау, оның келешек салдарларын болжау білу және олардың ымыралық шешімдерін табу;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің энергетикалық, технологиялық, құралымдық, пайдаланымдық, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, жасау, құралымдау, моделдеу және жасалынған жобаларды іске асыру.

Тәжірибелік-зерттеулік қызметтер:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің деңгейін бағалау және тексеру үшін талдау мен бақылаудың қажетті әдістері мен жабдықтарын пайдалана отырып, аналитикалық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу;

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің математикалық және физикалық моделдерін құру;

  • тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін математикалық өңдеу әдістемелерімен жүргізу.

    1. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврдың басты білгірлігіне қойылатын талаптар

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр:

  • рухани құндылықтар мен олардың маңызы туралы;

  • өзінің кәсіби қызметінің салдарлары туралы;

  • апаттардың, зілзалалардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жою шараларының ұйымдастырушылық негіздері туралы,

түсінігі болуы тиіс;



  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйелерінің негіздерін және заңдар жүйесін, кәсіби қызмет саласындағы құқықтық этикалық нормаларды;

  • телекоммуникациялық және информациялық тораптар мен жүйелердің, радиолокациялық және радионавигациялық жүйелердің, компьютерлік технологиялардың қазіргі және келешек даму бағыттарын, қазіргі программалық қамтамасыз етуді;

  • жасалынатын және пайдаланылатын радиоэлектрондық, коммутациялық және байланыс құралдарының жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын және құралымдық ерекшеліктерін;

  • байланыс техникасы мен электроника саласында теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу әдістерін;

  • радиоэлектрониканың, байланыс желілерінің және жүйелерінің, компьютерлік тораптардың техникалық құралдарын жобалау, салу, монтаждау және қажетке жарату негіздерін;

  • радиоэлектрондық құрылғылар мен электрбайланыс жүйелерін жасап, дайындау кезіндегі стандарттау, метрологиялық және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын;

  • телекоммуникациялық жүйелерде информацияны қорғаудың техникалық және программалық-математикалық құралдарын;

  • телекоммуникация саласындағы маркетинг пен менеджмент әдістерін;

  • радиоэлектроника жүйелері мен байланыс желілерін, коммутациялық жүйелерді жобалау, салу, монтаждау және қажетке жарату ережелері мен нормаларын;

  • болашағы зор жаңа радиоэлектроникалық жүйелерді, байланыс, коммутация және информатика құралдарын жасау мақсатында теориялық және тәжірибелік зерттеу әдістерін;

  • радиоэлектроникалық жүйелер мен байланыс құрылғыларын, коммутациялық жүйелерді жасап шығару, салу және қажетке жарату кезінде өміршеңдік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қажетті шараларды,

- білуі тиіс:



-

аналогтық және цифрлық электрондық құрылғылардың сұлбаларын таңдауды жүзеге асыра алуы, сұлбатехникалық есептеулерді орындай алуы және оларды интегралдық түрде жасауды ескере отырып, электрлік сұлбаларын құра білуі;

  • жаңадан жасалынатын тораптар мен құрылғыларды қазіргі кезеңдік талдау және синтездеу әдістерін пайдаланып, оларды моделдеуді, теориялық және тәжірибелік зерттеуді жүргізе алуы;

  • ақпараттарды таратып беру мен түрлендірудің негізгі жүйелерінің құрылымы мен мүмкіншіліктеріне талдау жасай алуы;

  • программалық және аппаратық құралдар негізінде ақпараттарды сақтау мен бейнелеу құрылғыларын жасай алуы;

  • радиотехникалық, телекоммуникациялық және электрондық құрылғылардың, тексеру сұлбаларының сенімділігіне талдау жасай алуы, қажетті датчиктерді таңдай алуы;

  • әр түрлі қолданыста болатын микропроцессорлардың негізгі түрлерін таңдай алуы, жеке ішкі жүйелердің де, сондай-ақ микропроцессорлық жүйені тұтас алғанда, жобалаудың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін біле отырып, жүзеге асыра алуы;

  • элемент параметрлерінің мәндерін таңдап алуға қатысты есептеулерді орындай алуы, бұл параметрлерді және жұмыс режимдерін компьютерлік техниканы пайдаланып оңтайландыра алуы;

  • телекоммуникация және электроникалық құрылғылар құрылымын дайындап, жасай алуы, байланыс жүйелері мен құрылғыларын жобалай алуы;

  • жүйелердегі ақпарат алмасуының негізгі түрлеріне, радиоэлектроника мен байланыс жүйелерінің физикалық жұмыс істеу принциптеріне және негізгі техникалық сипаттамаларына талдау жасай алуы;

  • ғаламдық және жергілікті тораптарды ұйымдастыру принциптеріне, телекоммуникациялардың аппараттық және программалық құралдарының жұмысының алгоритмдері мен құрамына талдау жасай алуы;

  • жобалау кезінде стандарттау мен метрологиялық қамтамасыз етудің талаптарын сақтай алуы;

  • дайындап жасалынатын құрылғыны жобалаудың техникалық тапсырмасына талдау жасай алуы және келістіре алуы;

  • орындалған жұмысқа ғылыми-техникалық құжаттарды құра білуі;

  • оқып зерттейтін техникалық нысандарды қажетке жарату дағдысы болуы;

  • жобаланатын құрылғылар мен жүйелерге қойылатын негізгі техника-экономикалық талаптарды тұжырымдау дағдысы болуы;

  • қазіргі элементтік базада ақпараттарды жеткізіп беру, қабылап алу және тарату жүйелерінің аппаратурасы мен құрылғыларын дайындап жасау және жобалауға дағдысы болуы;

  • ақпараттық технологиялармен байланысты бір-біріне жақын бағыттарда телекоммуникациялар теориясының әдістерін қолдануға дағдысы болуы;

  • электрондық және компьютерлік жүйелер мен тораптарда жұмыс істеу дағдысы болуы,

қажет.

Мына жүйелерді қажетке жарату мәселелерінде

білгір

болуы

тиіс, олар:



  • радиобайланыс;

  • радионавигация;

  • жылжымалы байланыс;

  • теледидар мен радиохабар тарату;

  • компьютерлік және электрондық құралдарды пайдалану жүйелері;

  • коммутациялау;

  • телекоммуникациялар.

Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная