Шернияз аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді Әдебиеттер 7. 5 Лекция Учебный сайт
Учебные материалы


Шернияз аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді



бет4/8Дата17.04.2016өлшемі1.23 Mb.түріЛекция 4 5 6 7 8

  • 3.Шортанбайдың патшаның отарлау саясатын реалистікпен әшкерелеуі. 4.Айтыстарындағы сыншыл, өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.
  • 2. Айтыстары (“Сүйінбай мен Тезек”), (“Сүйінбай мен Қатаған” т.б).
  • 4.Ақын шығармаларының жанрлық түрлері. 5.Айтыстары.
  • 8 Лекция. Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906). Жоспары: Ақын шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.
  • Мұраттың жыршы-ақындығы. Айтыстары.

:

CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Шернияз аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді.


Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында “Әдебиет терме” жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І.Жансүгіров еді.Ол жетісулық Омарбек ақынның айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді.

1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен К. Бекхожин орта мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған “Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” Шернияз творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев Шерниязды орта мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында сөз етті.

Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады.

Қ. Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз өлеңдерін жариялады.

Шернияз –заманы артқан міндетті атқару жолында құлшына қызмет еткен жалынды ақын.Ол өз басынан талай ауыртпалықты өткізіп, үстем тап өктемдігін, халық азабын көріп, шерлене өсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға шықты. Оның өлеңдерінен көтерілістен кейін қуғынға, бақытсыздыққа ұшыраған халық қайғысы мен хан жендеттерінен қашып-пысқан өз басының өкініші айқын көрінеді Хандардың көтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын “азған заман” деп бағалайды. Ол Исатайдай әділ адам билеген еркін өмірді аңсайды. Кейінгі қыспақты кезеңге сол күрес кезіндегі жарқын дәуірді қарсы қояды.

Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында тұрып-ақ дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, қайырымды, адал жан етіп көрсетеді.

Баймағамбет сұлтанның алдына кіріптар болып барған кездің өзінде ақын Исатайсыз сөз айтпайды.

Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді.

Шернияз - сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі оның ханды және хан отбасын жамандап айтқан сөзлерінен де көрінеді.

Шернияз - Исатай бастаған қозғалысқа саналы түрде қатынасып, жыр шерткен бұқара ниетіндегі ақын. Бірақ ол Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып қалмай, кейбір ауытқуларға, жалтара сөйлеп, айлалы әдіс қолдануға душар болды. Сөйтсе де, ақын поэзиясы негізінен реалистік сарыннан аулақтамай, халық мұңымен ұштасып жатады.


Әдебиеттер


1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.



7.

Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000.

5 Лекция



Тақырыбы:Шортанбай Қанайұлы(1818-1861).


Жоспары:


1.Шортанбай Қанайұлының өмірінен, шығармашылық жолынан мәлімет.



2.Ақынның ежелгі түркілік-мұсылманшылық әдеби дәстүр тағылымында қалыптасуы.



3.Шортанбайдың патшаның отарлау саясатын реалистікпен әшкерелеуі.



4.Айтыстарындағы сыншыл, өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.


Шортанбай-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астана жұрты, әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге орта жағдайына кезігеді. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келетін. Сонау Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының өнерлерінің өзі қандай?! Бұл өлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанқаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Өмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?!

Жас ишан үшін бұл-ерекше өмір болатын. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.

Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды - жасаған ортасы тәрбиелейді,-дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден –бір куә.

Шортанбай- өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармасы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан-таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы.

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның “Тар заман”, “Опасыз жалған”, “Байды құдай атқаны”, “Атамыз Адам пайғамбар”, “Өсиет-насихат сөздер”, “Айттым сәлем”, “Асан қожаға”, т.б. енген. Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді. Өздерінің ойынан шыққан ақын сөздері жатталып, елге жайыла түсті.

Ең алдымен, Шортанбай - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп-төстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман.


Мынау заман қай заман-

Азусызға тар заман.

Азулыға бар заман...

Шортанбай өз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы жылпостарды өткір сөзімен түйрейді.

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол-өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.

Әдебиеттер


1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.



7.

Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А., 2000.

6 Лекция.



Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы(1822-1895).


Жоспары:


1.Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы-қазақ поязиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.



1.Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны.



2. Айтыстары (“Сүйінбай мен Тезек”), (“Сүйінбай мен Қатаған” т.б).


Белгілі қазақ ақындарының бірі-Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі-Арон Күсепұлы, арғы атасы-Жиенқұл деген кісілер. Сүйінбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі мекені-Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қарасты Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.

Болашақ талант иесі өзінің шығармашылық ізденуін ел аралаудан бастайды. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін ол түгелдей аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, Түбек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.

Бұл сөздерге қарағанда, Сүйінбай 1827 емес, 1822 жылы туып,1895 жылы қайтыс болған. Сүйінбайдың сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы саласындағы шағын обаның үстіне, көне бейітке қойылған.

Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін өлеңдері елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді.

Сүйінбайдың өлеңдері өзінің мәнімен де, көркемдігімен де елеулі шығармалар. Ақынға тән сыншылдық пен шыншылдық өлеңдерінде айқын.

Сүйінбаймын Алатаудай, атым дардай,

Жатқанымда боламын шөккен нардай.

Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай,

Көктемдегі жер тартып кеткен қардай.

Ақылымды қараңғы басып қалған,

Сау күнімде құдайым еске салмай.

Ауру билеп бойымнан әлім кетті-ау,

Бауырсаққа иленген кескен нандай.
Сүйінбай-халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның “Кәрілік” атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір төбе жоғары тұрады. Бұл оның айтатындарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, тілге тиекті сол бай мен төрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады.

Сүйінбай шығармаларының ішінде өзінің мәнділігімен ерекше көзге түсетіні – оның Тезек төремен кездесіп, дидарласуы. Мұның өзі әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, елдегі қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлық шығарма. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді. Мұнда бір-бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан-ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы текті төре Тезек өз табының туын ұстап, тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.

Сүйінбай – хан-сұлтандар алдында қасқиып тұрып, батыл сөйлеген Махамбет пен Шернияз типтес талант иесі. Әсіресе, ол-Шернияз ақынмен тағдырлас.Екеуі де ел батырларын жақтап, ел мұңын жоқтаған. Екеуі де өз елінің хан-сұлтанын түйреген өлеңдерімен белгілі.

Сүйінбайдың айтыстары ішінде оның Қаңтарбай ақынмен тілдесуінің мәні ерекше. Қаңтарбаймен айтысқанда Сүйінбай да өз елін бай, өз руын күшті етіп көрсетуге тырысады. Қаңтарбайды кедейсің деп кемітеді.

Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санап, “пір” тұтқан. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, өнерін жетілдірген-ді.

Менің пірім-Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай,-


деп толғайды Жәкең. Тегі, Сүйінбайдың, ағалық ақылы мен ақындық тәлімі мол тиген болса керек. Сүйінбайдың ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Бұл ретте Жәкеңнің мына бір өлең жолдары көбірек еске оралады:

Ақындардың ақыны,

Айдын көлдей ақылы,

Жыр тұлпары-Сүйінбай.


Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағынан да онша мәз емес еді. 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әректтері де істелді. Бұл салада Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын. Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С.Бегалиннің Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшаратамыз. 1960 жылдан кейін Сүйінбай шығармашылығына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын шығармашылығын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. 1975 жылы “Жазушы” баспасы “Ақиық” атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990ж. тағы басылды. Сүйінбай Аронұлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бірқыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.

Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.

Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғаулары жатады. Оның мазмұны шет жұрттық басқыншыларға қарсы қол бастаған қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырларын ақтарып,дүние-әлем, бақ-дәулет, талап-талғам, өзгерістерін толғау. Өмір – қоғам құбылыстарын байқаған, дүние, әлем, адам, оның орны туралы толғанысы терең:

Дүние-ескі сарай-ды, Көшіп өткен керуендей,

Жолаушы жүрген азамат Аттандырған талайды.

Көркіне оның қарайды, Өміріңнің орағы

Сондадағы тауарих Қуанба көріп жаңа айды.
Адам өмірінің әрбір кездерін бейнелеуде де ақын осы түсініктерін жеткізе біледі. Жастық шақ – қажырлы да албырт кезең : кәрілік-қуарып әлсіреген, дәрмені кеміп құлдыраған тұстар, өмір эволюциясы бейнелі суреттерін табады. Сүйінбай өлеңдеріне тән әдістің бірі-кейіпкерлер бейнесінің контрастылығы. Мысалы: жас шақтағы қайратты кезеңді қартайған кезеңге қояды. Немесе ел қамын би-болыс, ұрыларға, арамза молда-қожаларға қарама-қарсы бейнелеп, бірін жақтап, екіншісін даттайды. Сондай-ақ жақсы мен жаман мінезді адамдар туралы, пейілді мен пейілсіз айырмашылықтарын салыстыра ашады.

Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланып, көркемдік шыңға көтеріледі.

Сүйінбай шығармаларының көпшілігіне тән қасиет - сын-сықақ, ащы сарказм. Бұл сарын ақынның барлық шығармасының негізгі өзегі дерлік. Сөйтіп, Сүйінбай да Махамбет сияқты хандар мен төрелердің халықтың қас жауы екенін ашық айта алды.

Сүйінбай әділ билікті керек етіп, халыққа қызмет етер адал азаматты көкседі. Жастарды әділдік рухта тәрбиелеуге күш салды.

Сүйінбай – халық батырларын үлгі етіп, қаһармандық жырлар толғаған эпик ақын. Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Тотан, Ботбай, Бөлтірік, Жабай, Өтеген батырлар туралы жырдың үзіндісі де назар аударарлық.

Сұраншының ерлігін ол өмір бойы жырлап өткен. Өмірдің қызығы – татулық, бірлік, ізеттілікте екені көрсетіліп, адамгершілікке үндейді. Көркемділікті, табиғилықты дәріптеп, адамның рухани азығы-өнер, өлеңді жоғары бағалайды. Бұған “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері”, “Жұмыққа”, “Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым”, “Сүйінбай Алатаудай атың дардай”, “Кәрілік” тәрізді өлеңдер циклын жатқызуға болады.

Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы - өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді творчество. Ол-біз үшін Алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.

Әдебиеттер


1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.



7

.Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991.

7 Лекция



Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы(1835-1898).


Жоспары:


1.Майлықожаның өмірі мен шығармашылық жолы.



2.Майлықожаның толғау-термелерінің және айтыстарының тәрбиелік мәні.



3.Майлықожа – сауатты білімдар ақын.



4.Ақын шығармаларының жанрлық түрлері.



5.Айтыстары.

Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.

Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.

Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.

Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.

Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы “Жаңа әдебиет” журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі-68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.

Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. “Зарқұм” үлгісінде “Абдолла бала” жырын шығарған.”Тотынаманы” өзінше, қысқаша толғаған.

Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған “Қырғыз хрестоматиясы” атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – “Райымқұлға”, “Қасқыр”, “Ноғай мырзаға”, “Үш жігіт” деп аталады. Ақынның бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер.

“Қасқыр” атты өлеңінде ақын өзі тойса да көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Қызғаншақтық пен ашкөзділік мінездерді әжуалайды.

Оңай байлыққа жетуді аңсау, қанағат қылмау-адамның бойындағы ең жаман қасиеттер деп ұққан ақын өзінің “Үш жігіт” , “Аққу мен қу” толғауларында осы жұғымсыз мінездерді сынайды.

Майлының “Тотынама” толғауы да мысал сөз үлгісіндегі шығарма.

Майлықожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұт болған ауыр жылдар қасіретіне көптеген өлеңдер арнаған. Әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзелісі ақынды мықтап толғантады.

Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады дедік. Мысалы, ол өзінің “Ескі мырза, манаптар, бегі, салы” атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.

Ақын түсінігінше, әйелдің өмірдегі орны өзінше бөлек. Оларды ескермеуге болмайды. Үй құты, өмір көркі, отбасы сәні, жігіт қызығы-жақсы әйел. Әр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да сол шаруаға жақсы, сыпайы, көркіне сай жан жары болмақ. Бірақ әйелдердің де “жақсы” , “жаманы” бар. Олар да ерлер сияқты екі топқа бөлінеді. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Жақсы әйел жігітке шын серік, сарқылмас ырыс.

Майлы шығармалары халықты адал еңбекке үндеуден жалықпайды. Ол адам өмірін жан-жануарлар тіршілігімен ұштастыра мысалдап жырлайды. Мысалы, “Бұлбұл” өлеңінде ақын еңбекқор, табыс тауып, қыс қамын жасар шақ жаз күндерін босқа қызықтап өткізіп алмаудың керек екенін қатты ескертеді

Ақын өзінің “Не жүйрік өтті дүниеден” өлеңінде тіршілік, өмірдің баянсыздығын, дүниеге келген адамның өлмегі де хақ болатынын түсіндіре келіп, санаулы күнді босқа өткізіп алмауға, мүмкін болғанынша оны маңызды, мазмұнды қызғылықты өткізе білуге шақырады.

Дүние, өмір туралы Майлы өлеңдерінен көрінетін тағы бір шындық- ол ақынның өмірден түңілмейтіндігі. Ол өлімді күтіп жатып алуға қарсы. Тіршілік қамы әр кезде де керек. Ол – адамды ілгері жетелеп отыратын күш.

Ақын өзінің “Ажал бір келмес болсайшы” өлеңінде өлімге қарсы тіршілікті, жастық жігерді қоя жыр шертеді.

Майлы шығармалары-өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар. Ақын негізінен нақыл термелер шығарып, өлеңнің осы бір түрінен шеберлік танытады. Өзі тұстас оқушылары мен тыңдаушыларына мәтелдеп, мысалдап, нақылды сөз айтып, өз ойын тайға таңба басқандай анық білдіруді мақсат етеді.

Әдебиеттер


1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

7.Айтыс.3-томдық.-А.,1965-1991.

8 Лекция.



Тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906).


Жоспары:




  1. Ақын шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.



  2. Мұраттың жыршы-ақындығы.



  3. Айтыстары.



Мұрат - жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.

Ақын 1843 жыл Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келді.Әкесі Мөңке - өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Мұраттың әкесі ерте өліп, ол ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жетті. Кейінірек Мұрат елі жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, жан сақтаған.

Мұрат - өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман, қай ақынға да болсын алтынбесік, ұшар ұя талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін негізгі факторлар.

Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген қоғамдық құрылыс, әлеуметтік тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, өмір құбылыстарын қарастыра зерттеу керек.

Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде өмір сүру, кең жайлау, мүмкіндігі құрып бітіпті. Ақынның заман өзгерістері туралы түйіні осындай.Бұл қорытындыны Мұрат терең толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем өлең жолдарымен кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын сөздері” деген атпен Халел Досмұхамедұлының бастыруымен жарық көрді.

Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады.

Ақын қалдырған мұраларға көз салсақ, оның творчествосы кең арналы, сан-салалы білімді ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі сарын-таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан алған тәлімі, көрген білгені, өмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі өзі өскен қазақтың қақ ортасынан тарамдалады. Бала жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық ақындары қатарлы өсіп жетіледі. Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады.

Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары, басқа да көптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп жүргені тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Балаораз, Жантөле, Тыныштық, Ізім ақындармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу сөздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұратттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл-екі ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диалогтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.

Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі.

Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, көбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.

Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық өнерге дағдылану жолын танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә боларлық туындылар. Мұрат шежіре-тарихқа жетік, өткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар жырларын жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс өлкесінің өткен-кеткені, жер, су мекені, атақты адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған өнер иелері, ел қорғаған батырлары, бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи адамдардың шығармалары бізге осы Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан естіген, білген, түйгендерін шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға айналдырып, өзі көзін жұмғанша халқы алдында сайрап өткен. Еңсесі түскен туған елінің көңілін көтеріп, ойын сергіткен. Мұрат сөздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі көзіне жас алып қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын көтерген. Сондықтан Мұратттың шығармалары-өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын көтерген, тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.

Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Өттің бір қапы дүние”-өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.

Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл – нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған.

Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар негізінен ақын өмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін бейнелейді.

Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”, “Қарақожа болысқа” т. б. өлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.

Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ.


Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная