Бақылау сұрақтары - Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ) Қорытынды бақылау:... Бақылау сұрақтары: 11- лекция. Тақырыбы: Жоспары: Учебный сайт
Учебные материалы


Бақылау сұрақтары - Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ) Қорытынды бақылау:...



бет5/11Дата01.05.2016өлшемі2.42 Mb.түріЛекция 4 5 6 7 8 9 10 11

  • 11- лекция. Тақырыбы
  • Бақылау сұрақтары
  • Жоспары
  • 13- лекция. Тақырыбы
  • 14- лекция. Тақырыбы
  • 15- лекция . Тақырыбы

:

CDO -> Sillabus -> Econ
Econ -> “Экономикалық білім” факультеті
Econ -> Лекция: 30 сағ. Семинар сабақтары 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ
Econ -> Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық
Econ -> Лекция:: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135
Econ -> Лекция: 30 сағ. Лаборатория сабақтар: СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағ Барлық сағат саны: 90 сағ
Econ -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау: емтихан 4-семестр
Econ -> Лекция: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Қортынды бақылау: емтихан ІI семестр
Econ -> Лекция: 45 сағ. Лаборатория сабақтар: СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ
Econ -> Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б
Econ -> Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б

Бақылау сұрақтары:

1. Коммерциялық емес қызмет түрлері

2. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы

3. Коммерциялық ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру қағидаттары

4. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер

11- лекция. Тақырыбы:

Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы

Жоспары:

1. Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы

2. Мемлекеттік кірістер мен шығыстар



Лекция мақсаты:

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметін ұйымдастыру және мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасымен танысу, мемлекет қаржысының функцияларын, тұрақтандыру қосалқы функцияларын, мемлекеттік кірістер мен шығыстарды және мемлекет қаржысының экономикалық мазмұнын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан елуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функциаларын орындауға пайдалану қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет, бір жағынан жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылыды.

А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2)техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;

3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.

Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл:

орналастыру;

қайта бөлгіштік;

тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді.

Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктік тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:

табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсіл арқылы;

баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын үдемелі салықтар арқылы орындалуы мүмкін;

ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтар мен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

Салықтық- трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизім де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет.

Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана орырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.

Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс--әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық арналымның арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемеларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік және жергілікті муниципалдық қаржылар болып бөлінеді.

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттердің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылыды.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы бөліске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкішаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым- қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

2. Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

Мемлекет кірістерінің басым бөлігі түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.

Мемлекеттің шығыстары- бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары- мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметінің тек мемлекеттік сферасыныңқажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.



Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет қаржысы

2. Мемлекет қаржысының функциялары

3. Мемлекеттің кірістері

4. Мемлекеттің шығыстары

12- лекция. Тақырыбы:

Мемлекеттік шығыстар

Жоспары:

1. Мемлекеттік қаржылардың түсінігі мен құрамы

2. Мемлекеттік шығыстар



Лекция мақсаты:

Мемлекеттік қаржылардың түсінігі мен құрамымен және мемлекеттік шығыстармен танысу және мемлекеттің қаржыларын мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде қолдау, кешенді бағдарламаларды, функциалдарды орындауға, сонымен қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстары қамтамасыз ету.

Лекция мәтіні:

1. Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейде қалыптасатын бюджеттік зара байланыстар маңызды рөл атқарады.Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылыстардың қаржылық құрылымдарының қаржылық құрылыстарымен қайта бөлінетін ұлттық табыстың бөлігі жұмылдырылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды, функциалдарды орындауға, сонымен қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстары қамтамасыз етуге арналған.

Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін паидаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіп орындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфра құрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндігі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі.

Бюджеттен тыс қорлардың арналымы-арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақшалай қатынастар мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кредит қатынастары кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.

Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы.



Республикалық қаржы



Жергілікті (муниципалдық) қаржы


Бюджет


Бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік кредит

Кәсіпорынның қаржысы

2. Мемлекеттің шығыстары- мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметінің тек мемлекеттік сферасыныңқажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.

«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.

2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмысаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отырғандықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттен бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмысалатын шығындар;

бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың ауыспалы айналымымен байланысты және өндіріс шығынының орнын толтыру болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығындарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, иеліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік- мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфроқұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмысалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.



Бағыттары мен мақсаттары арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай- ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми- техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады- бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау- мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет қаржысының құрамы

2. «Шығыстар» ұғымының қос мағынасы

3. Мемлекет шығыстарының құрамы

4. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты

13- лекция. Тақырыбы:

Қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтер, олардың ерекшеліктері

Жоспары:

1. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері

2. Қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтер, олардың ерекшеліктері



Лекция мақсаты:

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін, қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтер және олардың ерекшеліктерін қарастыру, мемлекеттің қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрге, сыртқы факторларға көп немесе аз дәрежеде экономикалық қызметке қатысуы.

Лекция мәтіні:

1. Мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрге, сыртқы факторларға көп немесе аз дәрежеде экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функцияларда білінеді:



  1. экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;

  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестерді қорғау;

  3. табыстар мен байлықтарды қайта бөлу;

  4. экономиканы тұрақтандыру;

  5. ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді, айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:



  1. бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

  2. ресурстарды бөлуден рыноктің бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.

Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субьектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс “жанама нәтижелер” немесе “құйылымдар” деп аталады және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың, топтардың пайдасы мен шығындары болып табылады.

Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, тербелістің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады.

Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:


  1. қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы;

  2. құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субьектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе теңдік жай күйін қамтамасыз етеді.

Құйылым пайдасын: білім беру, санитарлық профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады.

2. Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға мемлекеттің тікелей қатысуының басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктік тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс әрекетіне ұшырамайды.



Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.

Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалармен елді мекендердегі абаттандыру обьектілерінің құрылысы мен оларды көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлықтарды ұстау, өрттен қорғау, ауа райы, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтан қорғау мемлекеттік басқару қызметтері жатады.

Кез келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде бөледі. Сондықтан мемлекеттің қаржы механизмі арқылы мұндай товарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемінен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдау тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуде салық бюджет жүйесі арқылы жетеді:салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, ал халық-оларды тұтынуда шектеледі. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктерді, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің экономикалық қызметінің функциялары

2. “жанама нәтижелер” немесе “құйылымдар” құбылыстары

3. Қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру


14- лекция. Тақырыбы:

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Жоспары:

1. Салықтар түсінігі және әлеуметтік-экономикалық мәні

2. Салықтардың жіктелуі және оларды өндіруді ұйымдастыру



Лекция мақсаты:

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру жолдарымен, салықтар ұғымы және оның мәнімен, салықтардың функцияларымен танысу, салықтардың экономикалық мәнін ашу, салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Лекция мәтіні:

1. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен, және функцияларымен айқындылады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерізімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасы өз алдьша егемеңдік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жұйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықгырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекетгердің жүргізіп отырған саясатгарьш сараптай отырып, өзіміздің ұлтгық ментали-тетке сай, қажетті жақгарын альш отырды.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты - бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

• мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;

• салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

• арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

• салық заңын ұйымдастыру және оның сақгалуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықгырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақгы жүйеге түсті.



Бақылау сұрақтары:

1. Салықтардың экономикалық мәні

2. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі

3. Салық саясатының басты мақсаты

4. Мемлекеттің салық қызметінің бағыттары

15- лекция

.

Тақырыбы:

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Жоспары:1.Қазақстан Республикасының салық жүйесі

2. Қазақстандағы негізгі салық түрлерінің қызмет ету ерекшеліктері

Лекция мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері және салық кодексімен танысу, салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын және жанама салықтардың жалпы сипаттамасы мен түрлері бойынша олардың мөлшерлемелерін анықтап есептеу жолдарын қарастыру.

Лекция мәтіні:

1. Салықтарда ежелден салық жүктемесін ( салық ауытпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

«қайыр көрсету» ( төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын А.Смит ұсынған еді. Олар мыналар:

салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);

әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А. Смитке «салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналармен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарынаң элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизімін құруға және оның жүмыс істеуіне саяды. Салық механизімінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқалар қолданылады.

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.



Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизімі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға- салық салынушыға аударылуы мүмкін.

Салық салынушылар- нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер* болып табылады, олардың болуына байланыстысалық төлеушінің салықтық міндеттемесі** туындайды.

Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс төленуге тиіс салықтар және де басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:

табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;

тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;

капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;

Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі- салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсоюттік сомамен белгіленеді.

Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:

тұрақты салық мөлшерлемесі. Олар табыс көздеріне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді;

үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;

прогрессивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарайөсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана еме, сонымен бірге оның үлесін де төлейді.

2. Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.

Тура салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.

Жанама салықтар - баға немесче тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар- бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық*, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.



Бақылау сұрақтары:

1. Салық жүктемесін бөлудің қағидаты

2. Салық элементтері

3. Тура салықтар

4. Жанама салықтар

16- лекция. Тақырыбы:

Мемлекеттік бюджет

Жоспары: 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және ролі

2. Мемлекеттік бюджеттің кірістер мен шығыстар құрамы


Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
author-karamzin.ru 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная