V I ТАРАУ. Рекреациялық ландшафтар - Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны: V I ТАРАУ. Рекреациялық ландшафтар Лекция №25 Тақырыбы: Рекреациялық ландшафтар Учебный сайт
Учебные материалы


V I ТАРАУ. Рекреациялық ландшафтар - Лекция: 30 Практикалық/семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет11/13Дата17.04.2016өлшемі2.02 Mb.түріЛекция 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13

  • Лекция №26 Тақырыбы: Рекреациялық ландшафт типтері Жоспары
  • Рекреациялық емделу типі.
  • Рекреациялық-демалу типі.
  • Рекреациялық-спорттық тип.
  • Рекреациялық-танымдылық тип.
  • Лекция №27 Тақырыбы: Ерекше қорғалатын аймақтар Жоспары
  • Лекция №28 Тақырыбы: Рекреациялық ландшафтарға баға беру Жоспары
  • VII Тарау. Табиғи –шаруашылықтық жүйелер Лекция №29 Тақырыбы: Орман шаруашылығы ландшафтары Жоспары
  • Лекция №30 Тақырыбы: Су шаруашылығы ландшафтары Жоспары
  • Лекцияның мақсаты

:

CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

V I ТАРАУ. Рекреациялық ландшафтар



Лекция №25



Тақырыбы: Рекреациялық ландшафтар


Жоспары:



  1. Рекреациялық ландшафтар географиясы

  2. Рекреациялық жүйелер

  3. Рекреациялық ландшафтар құрлықтар бойынша таралуы

  4. Рекреациялық ландшафтарды жүйеге келтіру


Лекцияның мақсаты:

Рекреациялық ландшафтар географиясын,рекреациялық жүйелерін,рекреациялық ландшафтар құрлықтар бойынша таралуын,рекреациялық ландшафтарды жүйеге келтіруін қамтиды.



Лекция мәтіні:

1.Атмосфералық ауа қабатының ластануы, қоныстық ландшафтарда халықтың жылдан-жылға артып отыруы, жалпы антропогенез бен техногенез факторларының қарқынды дамуы дем алу мәселесін туындатып отыр. Осыған байланысты дем алу мен туризм қазіргі күні негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан табиғи және антропогендік факторлардың үйлесімді құрылымын талап ететін шаруашылықтың жаңа саласы қалыптасты. Экономикалық жақсы дамыған елдерде рекреациялық мақсатта пайдаланылатын жердің ауданы ауылшаруа-шылығы мен орман шаруашылығына пайдаланылатын жерден кейін үшінші орын алады.

2.Рекреация - табиғи ортаны пайдаланудың бір түрі. Рекреациялық жүйелер үш саланың: элеуметтік, экономикалық және өндірістік-шаруашылықтық түйісу аралығында дамиды. Сондықтан мамандану деңгейіне байланысты рекреациялық жүйелердің үш тобын ажыратады:

1) негізгі рөлді рекреациялық факторлар атқаратын геожүйелер (табиғатының дем алуға қолайлылығы);

2) өндірістік немесе экономикалық функциялардың араласуымен, яғни мамандануы аралас жағдайда дамыған геожүйелер;

3) өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылатын, рекреациялық фактор жанамалы рөл атқаратын геожүйелер.

Табиғи ландшафтардың эталоны болып табылатын рекреациялық ландшафтарға ерекше қорғалатын территориялар жатады. Мұндай объектілерді ауылшаруашылықтық мақсатта пайдалануға және туристік жұмыстардың шектеулі түрлерін еткізуге ғана рұқсат етіледі.

Халықаралық және ішкі туризмнің дамуы бойынша Еуропа елдері алдыңғы орында. Олай болудың себебі де айтарлықтай: мәдени және тарихи ескерткіштерге өте бай. Сонымен қатар климаты дем алуға қолайлы, тауларында тау шаңғысы, альпинизм жақсы жолға қойылған. Осы көрсеткіш-тердің үйлесімді қарым-қатынасы Жерорта теңізі елдеріне тән.

3.Рекреациялық ландшафтар құрлықтар бойынша бірегей тарамаған. Еуропа елдерінде мәдени және тарихи ескерткіштер жетекші болса, Канада мен Солтүстік Америка құрлығында табиғи ескерткіштермен қатар, тау спорты мен бальнеологиялық курорттар ерекше орын алады. АҚШ-та 320-ға жуық рекреациялық объектілер болса, оның 30-дан астамы ұлттық парктер. Мұнда дүние жүзіне әйгілі Йеллоустон ұлттық паркі, Флорида түбегінде Эверглейде, Үлкен Колорадо каньоны орналасқан. Аляска түбегінде де ұлттық парктер мен ерекше қорғалатын территориялар пайда бола бастады. Бірақ құрлықтан алыс орналасуы, территорияның нашар игерілуі мен климатының қаталдығы оны рекреациялық мақсатта пайдалануда шектеуші фактор болып отыр.

Табиғи ландшафтары алуан түрлілігіне қарамастан, Оңтүстік Америка құрлығында рекреациялық жұмыс нашарлау дамыған.

Соңғы уақытта Африка құрлығында да рекреациялық ресурстар жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Өйткені флора мен фаунаның алуан түрлілігі, басқа құрлықтарда кездеспейтін реликті түрлердің кездесуі, ит тұмсығы өте алмайтын, табиғи алғашқы күйінде сақталған ландшафтардың дамуы туризм саласын дамытуға зор мүмкіншілік ашып отыр. Кения мемлекетіндегі әлемге белгілі Цаво ұлттық паркінде мекендейтін пілдер, мүйізтүмсықтар мен арыстандар мекендейді. Сонымен бірге Танзаниядағы Килиманджаро мен Нгоронгоро, Замбиядағы Кафуэ ұлттық парктері де белгілі. Басқа елдермен туристік байланыс Африканың Солтүстік жағалауында орналасқан елдерде жақсы дамыған: тарихи ескерткіштер, халықтар мен мәдениеттің алуандығы және теңіз жағалауындағы жағажайдың қолайлылығы.

Халықаралық туризм Азия елдерінде біршама нашар дамыған. Көне мәдениеттің орталығы, тарихи-археологиялық ескерткіштер жеткілікті және алуан түрлі, бірақ туризмнің жақсы дамуына материаддық-техникалық базасы нашар. Тек Жапония аралдарында туризм саласы жақсы дамыған. Халқы тығыз орналаспаған, сондықтан табиғи күйінде сақталған ландшафтары басым кездесетін Австралия мен мұхиттық аралдардың рекреациялық ресурстары алуан түрлі болып келеді, мысалы, аборигендердің әдеп-ғұрпы мен өмірі, ондаған километрге созылған жағажайлар, су шаңғысымен жүзу, теңіз түбінде аң аулау және Үлкен Барьерлі рифтің табиғаты.

ТМД территориясында рекреациялық ландшафтар бірыңғай орналаспаған. Туризмнің жақсы дамыған аудандары Қара теңіз бен Кавказ, Карпат, Балтық жағалауы, Волга бойы мен ірі қала агломерациясына жақын аймақтар, яғни еуропалық бөлік болып табылады. Орталық Азияда рекреациялық мақсатта пайдаланылатын аймақтар арал тәрізді көне тарихи ескерткіштерге сәйкес келеді. Қиыр Шығыста да рекреациялық ресурстар жеткілікті, бірақ территорияның климатының қатал болуына және халықтың сирек орналасуына байланысты рекреациялық мақсатта нашар игерілген.

Қазақстан территориясында туризм Үлкен және Кіші Алматы өзені. Есік, Түрген, Талғар және Шығыс Қазақстанда жақсы дами бастады. Ерекше қорғалатын рекреациялық ландшафтар - бұл келесі қорықтар: Марқакөл, Ақсу-Жабағылы, Науырзым, Алматы, Теңіз - Қорғалжың, Барсакелмес, Үстірт туризмнің кейбір түріне ғана рұқсат етіледі.

Рекреациялық ландшафтардың дамуындағы негізгі фактор ландшафтардың эстетикалық қасиеті мен рельеф пішінінің алуандығы: таулар мен жазықтардың, таулы үстірттер мен қыраттардың аралас орналасуы, жалпы алғанда табиғаттың көркем пейзажының басымдылығы т.б. саналады. Мысалы, Қазақтың ұсақ шоқысы, Үстірт, Қарқара мен Баянауыл аласа таулары, Іле және Жоңғар Алатауларындағы тау аңғарлары, Науырзым қарағайлы массиві, Шарын каньоны, Іленің төменгі ағысындағы тораңғы орманы, «Әнші құм», Каспий теңізі ойпатындағы күмбезді массивтер, Медеу және Шымбұлақ мұз айдындары т.б. Әсіресе Есік, Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларындағы тау шатқалдарының,Медеу және Шымбұлақ мүз айдындарының, Түргеннін халықаралық туризм мен демалу орталықтарына айналуына табиғи мүмкіншіліктері жеткілікті. Рекреациялық инфрақұрылымның дамуына табиғи жағдай мен оны тиімді пайдалануды қанағаттандыратын еңбек ресурстары да айтарлықтай. Сонымен қатар, қазірдің өзінде тұрғылықты халықтың мұқтажын қанағаттандыратын, жұмыс істеп түрған курорттар мен санаторийларға қосымша, туристердің саны артқан жағдайда, жаңа рекреациялық кешендер салуға территорияның рельеф пішіні тиімді екенін естен шығармаған дұрыс.

Рекреациялық ландшафтарды пайдалануда белгілі бір көрсеткіштер есепке алынады. Мұндай көрсеткіш нақтылы жерде дем алатын адамдардың орташа сандық шамасын сақтау болып табылады. Кез келген аймақтың географиялық жағдайына байланысты бұл шама әр түрлі болады. Дем ала-тын адамдардың саны нақтылы анықталған шектен асып кеткен жағдайда компонеттерде өзгеріс байқалады. Дамыған елдерде бұл салмақ — 1000 адамға 1,6-дан 3,0 гектарға дейін. Территория курортты-санаториялық мақсатта пайдалануға көзделсе, онда адам басына 20-25 квадрат метрден 100-120 кв. метрге тең келетін аудан белгіленеді.

К.М.Джаналееваның тұжырымы бойынша, рекреациялық ландшафтардың табиғи-антропогендік денсаулықты жақсарту ахуалын анықтауға есепке алынатын негізгі көрсеткші -оны пайдалану қарқындылығы. Шындығында, адам саны нормадан артып кеткен жағдайда территорияның физгеографиялық жағдайы күрт өзгеріске өшырайды, өзгеру деңгейі тізбек тәрізді бір компоненттсн екінші компонентке ауысады; өсімдік жамылғысының биологиялық өнімділігінің нашарлауы топырақ түзілу процесіне, жер асты сулары деңгейінің төмендеуіне және жер беті су жамылғысының ластануына ықпал етеді. Адамның осы және басқа да рекреациялық әрекеті табиғи ландшафтардың эстетикалық жөне демалуға тиімді табиғи сапасын нашарлатады.

Дем алу, денсаулықты жақсарту шаралары әр түрлі болғандықтан, рекреациялық ландшафтарды ұйымдастыруда қолданылатын физгеографиялық фактор көрсеткіштері де әр түрлі: алдымен ол территорияның инфрақұрылымына, яғни табиғи және денсаулықты жақсартуға қажетті процестердің тиімді сәйкестігі мен оның санитарлық-гигиеналык нормаға тура болуын қажет етеді. Территорияның гипсометрлік деңгейі, жылу мен ылгалдың қарым-қатынасы, ландшафтардың эстетикалық қасиеттері сияқты көресткіштердін маңызы зор рөл атқарады.

Рекреациялық мақсатта пайдалануға көзделген территорияның физгеографиялық ерекшеліктеріне баға беру, экономикалық тиімділігін анықтау, болашақта дамуын болжау бірнеше кезеңдерді қамтиды.

Алғашқы ғылыми ізденіс өткізу кезеңі территорияның қандай мақсатта пайдаланылатынына қарамастан, міндетті түрде ғылыми мәліметтерді жинақтаудан басталады. Жиналған мәліметтерге баға беріп, территорияның пайдалану бағытын анықтайды. Бұл кезеңцегі ең күрделі жұмыстардың бірі — ол ландшафтардың рекреациялық әсемдік деңгейіне сандық баға берудің қиынға соғуы.

Келесі кезең - нақтылы жоспарға сәйкес пайдалану бағытына қарай ландшафтың рекреациялық потенциалын, қолайлы сапалық қасиеттерін басқару мүмкіншілігін көрсету. Табиғи компонеттерді пайдаланудың ғылыми тұжырымдалған жоспары белгілі болған соң ландшафтарды рекреациялық игерудің техникалық шаралары анықталады.

4.

Рекреациялық ландшафтарды жүйеге келтіру. Рекреациялық ландшафттар функциональдық ерекшеліктері бойынша келесі топтарға: табиғи ресурстарды пайдалануына қарай — аң аулау кәсіпшілігі, балық аулау, емделу, денсаулықты жақсарту және географиялык ортаның табиғи ресурстарын қорғау -қорықтар, ұлттық парктер, резерваттар, қорықшалар, су, орман шаруашылығы жіктеледі.

Антропогендік ландшафтар модификациясының басқа түрлерімен салыстырғанда рекреациялық ландшафтарды жіктеуде қолданылатын әдістер әлеуметтік жағдайға негізделеді. Өйткені, біріншіден рекреациялық ландшафтарды пайдалану тұтыну сипатында болғандықтан, экономиканын, дамуындағы қор демалушыларға қызмет көрсетуден жиналған қаржыдан тұрады. Екіншіден, демалу мен денсаулықты жақсарту орталықтарының табиғаты әсемдігімен, денсаулықты жақсартуға қажетті физгеографиялық жағдайымен ерекшеленуі тиіс. Сондықтан, оларды жүйеге келтіру әлеуметтік жағдаймен: демалу орталықтарының географиялық орнымен, адамдардың жас ерекшеліктерімен, халықтың мәдени және материалдық деңгейінің даму жағдайымен т.б. байланысты Рекреациялық ландшафтардың тағы бір ерекшелігі — функциональды қасиетінің алуан түрлі болуы.


Лекция №26



Тақырыбы: Рекреациялық ландшафт типтері


Жоспары:

1.Рекреациялық территориялар функциональдық ерекшелігі бойынша алуан түрлілігі

2.Рекреациялық ландшафтарды функционалъдық ерекшеліктеріне қарай типке топтастырылуы

Лекцияның мақсаты:

Рекреациялық ландшафт типтерін,рекреациялық территориялар функциональдық ерекшелігі бойынша алуан түрлілігін,рекреациялық ландшафтарды функционалъдық ерекшеліктеріне қарай типке топтастырылуын қамтиды.


Лекция мәтіні:

1.Рекреациялық ландшафтарды пайдалану табиғи ресурстарды тиімді пайдалану принциптерімен анықталады. Рекреациялық территориялар функциональдық ерекшелігі бойынша алуан түрлі: 1) көпшіліктің дем алуы адамның шаруашылықтық әрекетімен тығыз байланыста қарастырылатын табиғи-шаруашылықтық комплекстер (жасыл белдеулер, туризм мен кепшілік халық дем алуға қажетті орындар); 2) шаруашылықтық жұмыстар жүргізілмейтін, бірақ ғылыми ізденістер мен туристердің келіп-кетуіне рұқсат етілетін және өсімдігі мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған — қорықтар; 3) табиғи резерваттар — туристік жұмыстарға да рүқсат етіл-мейді; 4) ұлттық парктер — қорықтың бір түрі, табиғи комплекстерді зерттеу мен туристік маршруттар рұқсат етілген, кейбір жағдайда бұл территорияларда ауыл шаруашылықтық жұмыстар жүргізуге болады.

Көптеген Батыс Еуропа елдерінде аз уақыгтық дем алу үшін ірі қала маңдарында парктер ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Кейбір ірі қалалар жанындағы ауданы үлкен парктер ұлттық парктер немесе тарихи қорықтар ретінде пайдаланылады. Егер Еуропа елдерінде парктер мәдени ландшафтар түрінде пайдаланылса, АҚШ-та ұлттық парктер табиғи күйін сақтаған ормандар болып табылады. Олар серуендеуге, спорт ойындарын өткізу мақсатында пайдаланылады.

2. Рекреациялық ландшафтарды пайдалану бағыты алуан түрлі болса да оларды В.С.Преображенский функционалъдық ерекшеліктеріне қарай бірнеше типке топтастырады.



Рекреациялық емделу типі.

Табиғи ресурс түрлеріне қатал сұранысты талап етеді. Мысалы, жоғарғы сапалы минералды судың, емдік қасиеті бар балшық немесе ерекше климат қасиетін, яғни адам денсаулығын түзеуге қажетті физгеографиялық жағдайдың болуын қажет етеді. Табиғи ресурстарды рекреациялық емделу мақсатында пайдалануда ландшафтардың неғұрлым тиімді болуы үшін оларда түбірімен өзгерту жұмыстарын жүргізуге дейін барады: рельефті қайтадан жоспарлау немесе табиғи өсімдік түрлерін ауыстыру, жасанды көлдер орнату сияқты жұмыстардың өткізілуін талап етеді. Емделуге тиімді минералды су көздері мен басқа да табиғи жағдайлары сәйкестікте дамыған террториялар: Сарыағаш, Қапал-Арасан, Алма-Арасан т.б.

Рекреациялық-демалу типі.

Рекреациялық-емделу типі-мен салыстырғанда кеңінен тараған, өйткені табиғи ресурстарға, климаттық ресурстардан басқасына шек, талап қойылмайды. Бұл типке суға шомылуға қолайлы жағажайлар, қыдыру орындары, қала сыртындағы жазғы саябақ пен пионер лагерьлері жатады.

Рекреациялық-спорттық тип.

Тау шаңғысына қажетті лагерьлер, спорт базалары мен қайықпен серуенге шығатын қайық станциялары керек болғандықтан, бұл тип ландшафтқа және инженерлік құрылысқа ерекше талап қояды. Рекреациялық ландшафтардың бұл типі әте әдемі, спорттың әрбір түріие қажетті ерекше ландшафт сапасының кездесуін талап етеді. Мысалы, тау шаңғысы үшін шаңғы жүріп ететін беткейдің еңкіштігінің қолайлы және бұрылмалардың күрт емес болуын т.с.с. Медеу, Шымбұлақ сияқты коньки тебу орталықтары.

Рекреациялық-танымдылық тип.

Алдыңғы рекреациялық типтерге қарағанда кеңінен тараған, өйткені табиғи әсем де әдемі ландшафтар тараған территориялармен қатар, архитектуралық, ұлттық, этникалық, тарихи және мәдени жағынан қызықты аймақтарды да қамтиды. Бұл типте коммуни-кация, жол қатынасы мен қызмет көрсету саласына деген сұраныс пен талап жоғары болып табылады.

Қолайлылыгына, пайдалану маусымына және қанша уақыт болатынына байланысты рекреациялық территориялардың үш тобын ажыратады: қала маңында орналасып, аз уақыт пайдалану кезделген жерлер; қала шекарасынан 30-50 шақырымда орналасып, аптаның соңында демалуға арналған; ландшафтық және ғылыми-танымдық қызықты каникулға немесе демалысқа серуендеуге тиімді каладан алысырақ орналасқан территориялар. Сондықтан демалудың түрі алуан болғандықтан, рекреациялық ландшафт типтері де әр түрлі.

Аз уақыттық демалу көзделген террриториялардың табиғи кешендері көп өзгеріске ұшырайды. Бұл шағын территорияда көп адам жиналуымен және бүкіл жыл ішінде пайдалануымен байланысты. Сондықтан мұндай аймақтарда жаңа мәдени ландшафт қалыптасады деп айтуға да болады.

Рекреациялық ландшафтардың табиғи ахуалына баға беруде ең алдымен жақсы демалуға қажетті табиғи компонерттерге талдау жасалады — рельеф пішіні, климаты, су объектілері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі. Көптеген жагдайда ландшафтардың рекреациялық бағалығы рельеф көрсеткіші болып табылады: оның тілімденуі, айналадағы табиғат көрінісін бағдарлауға қажетті салыстырмалы жөне абсолютті биіктіктері, биіктік белдеулері, беткейдің енкіштігі, геологиялық құрылымы т.б.

Климаттық ерекшеліктерді зерттеу «территорияның жабдықталу» деңгейін анықтау үшін керек. Температура, ылғалдану және жел жылдамдығымен қатар жыл ішіндегі ашық күндердің саны, жылдық жауын-шашын мөлшері, жыл мезгілдері бойынша таралуы, үсіксіз күндер саны сияқты көрсеткіштер де есепке алынады.

Су объектілерінің қүндылығы ең алдымен суға шомылу мүмкіншілігін анықтау (судың температурасы мен суға түсудің ұзақтыгы), балық аулау мен су спортына қолайлылығын және су мен су жағажайының ластану қасиетін анықтау болып табылады

Рекреациялық ландшафтардың құндылығын анықтайтын компонент өсімдік және жануарлар түрлері. Кептеген рекреациялық ландшафтар жабайы жануарлар мен құстардың, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлердің өмір сүру ортасы болып табылады.

Әр түрлі табиғи ландшафтарда дем алатын адамдарға бақылау жүргізгенде, онда дем алуда «рекреациялық іріктеп талғау басым» екені айқын байқалады, яғни эстетикалық сапасы, сауықтыру факторы қолайлы жекелеген табиғи кешендерді, жалпы алғанда «табиғи жабдықталуы» жоғары территоряларға басым көңіл болуі.

«Табиғи жабдықталуды» көбінесе климаттық факторлар анықтайды. Мұнда бірдей уақыт аралығында өр түрлі климаттық элементтердің адам организміндегі физиологиялык реакцияға әсер етуі негізгі рөл атқарады. Климаттық элементтерге баға беру медициналық-географиялық ізденіс бағыттарына сәйкес келеді.

Табиғи жағдайдың алуан түрлі болуы қызығушылықты арттыратын негізгі қасиет. Мысалы, таулар мен тау аңғарларының, сарқыраған өзендері мен су құламаларының жазық жерлермен алмасып отыруы. Сондықтан ландшафтардың эстетикалық бағасы осындай қарама-қарсы табиғи объекті-лердің алмаса кездесуіне байланысты. Сонымен қатар эстетикалық бағалы өсімдік топтары, геологиялық тау жыныстары, су объектілері мен табиғаттың жыл мезгілдері бойынша құбылмалығы да қызықтырады.



Лекция №27



Тақырыбы: Ерекше қорғалатын аймақтар


Жоспары:



  1. Ерекше қорғалатын аймақтарда іске асырылатын шаралар

  2. Қорықтардың территориясында дәрі-дәрмектік маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар


Лекцияның мақсаты:

Ерекше қорғалатын аймақтарын,ерекше қорғалатын аймақтарда іске асырылатын шараларын,қорықтардың территориясында дәрі-дәрмектік маңызы бар өсімдіктер мен жануарларын қамтиды.


Лекция мәтіні:

1.Адамзаттың қазіргі кезде алдында түрған үлкен мәселелерінің бірі - жойылып бара жатқан жануарлар мен есімдіктер дүниесін, ягни, жалпы алғанда, табиғи байлықты болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу. Мұндай ерекше қорғалатын территориялар Қазақстанда да баршылық. Ерекше қорғалатын аймақтарда іске асырылатын шараларды Қазақстанда 1927 жылы ұйымдастырылған көне Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында қарастырып өтейік. Бұл қорық — Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық. Қорық үш мемлекеттің түйіскен аралығында орналасқан. Дүниежүзілік мәні бар табиғи орын ретінде ЮНЕСКО тізіміне алынған.

Қорықтың жері негізінен таулы, теңіз деңгейінен 1000-4280 метр биіктікте аралығында орналасқан, жер көлемі — 75094 гектар. Ақсу-Жабағылы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Атап айтқанда, қынаның — 28, мүктің — 61, саңырауқүлақтың 200-ге жуық, жоғарғы сатылы гүлді өсім-діктердің көптеген түрі өседі. Ал жануарлардың, балықтың — 2, қосмекенділердің — 9, бауырымен жорғалаушылардың — 9, омыртқалылардың 49 түрі кездеседі. Қорық жер бетінен жойылып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен құстардың жайлы мекені.

Мұнда қызыл кітапқа тіркелген арқар, марал, елік, тау-ешкі, барыс, бұғы, сілеусін, қасқыр мен түлкі, аю мен сусар, суыр қорғауға алынған. Әлемнің ешбір жерінен кездеспейтін эндемикалық тау-Менсбир суыры да осында. Қорықта құс баласы өте көп кездеседі. Тазқара мен құмай, сакалта мен бүркіт биіктіктен барлай ұшады.

2.Қорықтың өсімдіктер дүниесін тілге тиек етсек, ең бірінші шатқал мен терең сайларда өсетін Кавказ каркасы деп аталатын шағын ағашты айтамыз. Оның сүрегі өте мықты. Сондықтан оны темір ағаш немесе тас емен деп атайды. Беткейлерде орташа биіктіктерде, қыраттарда грейка қызғалдақтары өседі. Тұқымы азайып бара жатқан өсімдіктердің бірі - қара арша. Ақсу езені маңында тау жотасының күнгей бетін ала 1200 м. биіктіктікте кеңінен тараған. Қазір арша орманынын көлемін ұлғайту мақсатымен қорықта біраз жұмыстар іске асып отыр. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның жапырақтары мен бұталарынан эфир майы алынады.

Қорықтың территориясында дәрі-дәрмектік маңызы бар өсімдіктер өте көп. Қазақстандағы шипалы маңызы бар 3000 өсімдіктің 200 түрі осы қорық, аймағында тараған. Мұнда емдік қасиеті жоғары дермене, қылша, қара андыз, шайқурай тағы да басқа да өсімдіктердің қоры мол.

Қорық ұйымдаскан 50 жыл ішінде Талас Алатауындағы бұл жерде үлкен өзгеріс болды. Пайдалы өсімдіктерді қорғау нәтижесінде қорықта дәрі-дәрмек шикізат беретін өсімдіктер қоры молайды.

Дерілік қасиеті бар өсімдік - дермене қазір Қазақстан медицинасында кеңінен пайдаланылады. Осы өсімдікті қорғау ісі Оңтүстік Қазақстанда жақсы ұйымдастырылған. Тіпті осы мақсатта Ақдала аймағында "Дермене" совхозы ұйымдастырылған.

Қорықта жыртқыш құстарды қорғау мәселесі жүзеге асырылыып отыр. Олардың негізгі қоректері — ауыл шаруашылығында үшан теңіз зиян тигізетін кеміруші ұсақ тышқандар. Мәселен 4 бүркіттің жылына 11,5 мыңдай ауыл шаруашылық зиянкестерін құртатынын айтуға болады. Ақсу-Жабағылы қорығында әсіресе кәсіптік маңызы бар сүт қоректілерді қорғау да жақсы жолға қойылған. Бұлар: арқар, таутеке, елік, марал, барыс, жабайы шошқа, жас сусар, ақкіс, Менсбир суыры және т.б.

Ақсу-Жабағылыда көненің көзіндей бірегей туындылар да жоқ емес. Соның бірі Қасбұлақ тауының ұшар басында Қазаншұңқыр биігінде орналасқан. Мұнда ғажайып сурет галереясы бар. Күнге күйіп қақталғандай жақпар-жақпар, қап-қара жалпақ форфорит тастары шашылып жатыр. Теп-тегіс тас бетінде таутеке, арқар, маралдың суреттері бейнеленген. Атқа мініп, тазы ерткен аңшылардың суреті, тайпақ таңбалар түсірілген бейнелердің біздің заманымызға дейінгі

Ү-ҮІІ

ғғ. салынғанын ғалымдар анықтады.

Ақсу-Жабағылы қорығына 70 жыл болса, саяхаттық қызмет көрсету бөліміне 20 жыл болады.

Мұнда саяхатқа келген жүрт кең байтақ республикамыздың жерінен бүкіл еліміздін көркі мен байлығын кергендей әсер алады. Сондықтан да көкірегі ояу, көзі ашық, адам табиғатты қорғау — келешегімізді қорғау деп түсінгені жөн. Табиғатты қорғау ісін насихаттап, экологиялық білімді жаратуда осындай көптеген жұмыстар жасалынып жатыр.

Дегенмен қорықтың материалдық-техникалық жағынан өте нашар жабдықтануы онсыз да кеміп бара жатқан табиғат тамашаларын одан бетер құлдыратуға зардабын тигізіп отыр. Мысалы, 1988 жылғы санақта арқар 70-80 бас болса, 1991 жылғы көктемгі санақта 50-60, күзде 20 бас қана қалып-ты. Соңғы жылдары мәңгі жасыл ағаш — арша қурай бастады. Өйткені химия зауыттарынан будақтап шыққан түтін, улы газдар кең алқапқаа таралатыны аныкталған. Дауылпаз деген құс та соңғы кезде сиреп барады. Қазақстанның аядай жерін алып, аз ғана ұжым еңбек етіп жатқан көрікті мекеннің жай күйін жақсартуға көпшілік болып назар саларлық іс. Сонда ғана Ақсу-Жабағылы және басқа да қорықтардың ұрпақтан-ұрпаққа қаз қалпында сақталып жетері анық. Табиғатты қорғау жайында қойылып отырған талаптар сол табиғи қазынасының басты байлығының бірі — хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қорғау - бәрімізге бірдей қатысы бар, бәрімізге тиісті іс.

Оңтүстік Қазақстанның табиғатын қорғау мақсатында үйымдастырылған Ақсу-Жабағылы қорығынан басқа көптеген қорықшалар да бар. Олар:

Ақдала қорықшасы – Бөген ауданында орналасқан, ауданы — 3 мың гектар.

Буртар қорықшасы - бұл да Бөген ауданында орналасқан, ауданы — 1,4 мың гектар.

Жамбыл қорықшасы — Алғабас, қазіргі Бәйдібек ауданында, ауданы — 85 мың гектар.

Иеру-Даубаба зоологиялық қорықшасы. Ауданы - 19 мың гектар. Түлкібас ауданының территориясында орналасқан.

Ботаникалық қорықша — Бөген ауданында орналасқан, ауданы - 8,4 мың гектар.

Темір ботаникалық қорықшасы - Қызылқүм ауданының территориясында орналасқан, ауданы 4 мың гектар.

Шалдар ботаникалық қорықшасы - Бәйдібек ауданында, 2,6 мың гектар.

Оңтүстік шығыс шекарасы Хантағы, Құрсай өзендерінің жоғарғы бөлігінен Арпаөзен және Жуалы өзендеріне дейін созылып Қаратау жатыр. Мұнда өсімдіктердің эндемикалық түрлерін сақтаудан Қаратау бірінші орын алады. Республиканың басқа флоралық аудандарымен салыстырганда 100 эндемикалык өсімдіктердің 60-70 түрі осында кездеседі. Мәліметтерге қарағанда, бүл ауданда эоцен дуірінің флорасы да кездеседі екен.


Лекция №28



Тақырыбы: Рекреациялық ландшафтарға баға беру


Жоспары:

1.Рекреациялық ландшафтарға баға беруде қолданылатын көрсеткіштер

2.Табиғи зонада ландшафтардың тұрақтылығына әсер ететін факторлар

Лекцияның мақсаты:

Рекреациялық ландшафтарға баға беруін, рекреациялық ландшафтарға баға беруде қолданылатын көрсеткіштерін,табиғи зонада ландшафтардың тұрақтылығына әсер ететін факторларын қамтиды.


Лекция мәтіні:

1.Рекреациялық ландшафтарға баға беруде қолданылатын көрсеткіштер:

- эстетикалық қызығушылықты арттыратын табиғи өсімдігі;

- рекреациялық инфрақұрылымның дамуына қолайлы табиғи ерекшеліктердің болуы, көлік түрлеріне қолайлы орналасуы;

- дем алатын адамдардың жас ерекшеліктеріне, ұлттық құрамына қарамай, барлығына бірдей пайдалану мүмкіншілігі;

- археологиялық, мәдени, тарихи ескерткіштер мен ұлттық әдет-ғұрып басым көрікті жерлердің кездесуі;

- демалушылардың денсаулығына зиянды ауру орталықтардың, насекомдар мен шыбын-шіркейдің болмауы;

- суға шомылып, күнге қыздырынуға қолайлы су объектілерінің кездесуі.

Территорияның рекреациялық пайдалануы, табшатты қорғау мен шаруашылық бағытта қолданудың бір-біріне сәйкестігі төмендегі экономикалық көрсеткіштер орындалған жағдайда ғана мүмкін:

- түпкілікті антропогедік өзгерістер енгізгенде табиғатты қорғау мен ландшафтарды қайтып орнына келтіруді есепке алу;

- рекреациялық ландшафтарға зиян келтірмейтін өнеркәсіптік жұмыстарды жалғастыру;

- рекреациялық ландшафтардың барлық компоненттерін пайдалана отырып, рентабельді рекреацялық жұмыс ұйымдастыру;

- табиғи жағдайы нашарлаған ландшафтарды қайтып қалпына келтіру — табиғи жағдайы мен биологиялық өнімділігі нашарлаған комплекстерді қаржы жұмсап қайтадан орнына келтіру;

- өндіріс пен қызмет көрсетудің ұлттық әдеп-ғұрыпты дәріптейтін бағыттарын дамыту (ұлттық кәсіптер: қолөнер, тері илеу, ағаш ұстасы, аңшылық кәсібі, сувенир жасау т.б.);

Рекреациялық ландшафтарға баға беруде келесі есепке алынатын керсеткіш — оның сыйымдылығын анықтау. Көптеген ғылыми тұжырымдар бойынша рекреациялық ландшафтардың сыйымдылық шегін анықтауда қолданылатын негізгі көрсеткіш - құрамындағы геожүйелердің тұрақтылығы. Бұл тұрғыда тұрақтылық сол территориядағы ландшафтардың қайтып орнына келу мүмкіншілігімен айқындалады.

2.Табиғи комплекстердің тұрақтылығына топырақ жамылғысының қасиеті, әсіресе, оның механикалық құрамы мен ылғалдылығының әсері ықпал етеді. Мысалы, құмды және құмайтты топырақ пен өте құрғақ және ылғалды топырақ жамылғысы тез бұзылады. Біріншісінің құрғақтануы, екіншісінің тығыздығы артады да, өсімдіктің қоректенуі нашарлайды.

Дегенмен, әр түрлі табиғи зонада ландшафтардың тұрақтылығына әсер ететін факторлар әрқалай: тундра зонасында мәңгі мұздықтар, ал шөл зонасында құмды топырақтың өсімдікпен көмкерілу ерекшелігі. Табиғи процестердің қарқындылығы өте жоғары болғандықтан, тау ландшафтарының тұрақтылығы нашар. Ғалымдардың болжамы бойынша, 25 жыл қатарынан туристік жұмыстар жүргізілген таулы тундра ландшафтары қайтып орнына келу үшін 500 жылға жуық уақыт қажет екен. Сондықтан рекреациялық ландшафтарда табиғатты қорғау мен оның ресурстарын тиімді пайдалану бағыты — нақтылы территорияға сай келетін адам санын анықтау. Мысалы, жазық жерлермен салыстырғанда таулы аймақтардың адам сыйымдылығын есептеуде өзіне төн ерекшеліктері бар: тау беткейлерінің экспозициясы мен еңкіштігі, топырақтың тастылығы мен қалындығы. Осыған байланысты туристік маршруттардың бағыты мен түрі белгіленеді.

Қазір шетелдерде аз уақыттық туристік жұмыстар үшін рекреациялық жағынан бағалы емес, керісінше, шаруашылықтық айналымнан шыққан — батпақты, қоқысты жерлерді пайдалану жолға қойылған. Осындай территориялардың мысалдары жеткілікті: Мюнхендегі Олимпиадалық спорт кешені қоқыс тасталатын жерде, Франциядағы — Версаль құрғатылған батпақта, Амстердамдағы парктер суда пайда болған.

Е.Д.Смирнова, К.В.Зворыкиннің түжырымдары бойын-ша, көпшілік дем алатын орындарда жақсарту шараларын жүргізу ландшафтардың тұрақтылығын арттырады: сүрлеу жолдарын күту, тапталған жерлерде қосымша ылғалдандыру, су көздерін тазарту және батпақты құрғату т.б.

VII Тарау. Табиғи –шаруашылықтық жүйелер


Лекция №29



Тақырыбы: Орман шаруашылығы ландшафтары


Жоспары:



  1. Орман шаруашылығында орман ағаштарын пайдалану ерекшеліктері

  2. Орман алқаптарының қоршаған ортаға тигізер әсері

  3. Қазақстан Республикасы орман ағаштарының қоры


Лекцияның мақсаты:

Орман шаруашылығы ландшафтарын, орман шаруашылығында орман ағаштарын пайдалану ерекшеліктерін,орман алқаптарының қоршаған ортаға тигізер әсерін, Қазақстан Республикасы орман ағаштарының қорын қамтиды.


Лекция мәтіні:

1.Орман ағаштары ерте кезден-ақ негізгі шикізат көзі ретінде қарастырылып келген және осы күні де өз маңызын жоғалтпады. Халық шаруашылығының әр түрлі саласында шикізат түрінде пайдаланумен қатар, оның эстетикалық, санитарлық-дем алу мен рекреациялық маңызы да орасан. Дегенмен, соңғы жылдары бұл функциялары екінші кезекке ысырылып, оны шикізат ретінде пайдалану артып отыр. Өйткені ағаш сүрегінен 15-20 мыңға жуық әр түрлі шаруашылықтық заттар мен бұйымдар жасалады.

Дүниежүзілік орман шаруашылығында орман ағаштарын пайдалану ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөледі: жұмсақ және қатты сүректі тұқымдастар. Экономикалық жағынан әр түрлі бұйымдар жасау мен қағаз өнеркәсібінде, негізінде, жұмсақ сүректі орман ағаштары жиі қолданылады (75 пайызға жуық).

Дүниежүзілік ағаш өнімдерінің жылдық өсіп-өнуі 5,5 млрд м3 болса, жылына, өртке шалдыққан орман массивтерін қоспағанда, 2 млрд м3 ағаш кесіледі екен. Ғылыми болжамдар бойынша 2050 жылы дүние жүзі халқының саны 10 млрд-қа артса, онда халықтың ағаш өнімдеріне деген сұранысы 7 млрд м3 артады деп күтледі. Соңғы 350 жыл арасында орман ағаштарының көлемі 2 есе азайып, фитомасса қоры 25 %-ға төмендеген. Кесілген орман ағаштарының қорын толықтыру мақсатында жасанды ағаш отырғызылады, бірақ көптеген мемелекеттерде ағашты кесу оны отыргызудан артық. Сондықтан орман ағаштарының қорын арттыру мен оны қорғау жұмыстары мемлекет тұрғысынан қадағалануы тиіс.

2.Орман алқаптарының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан. Орман ағаштары айналадағы температураны 1,5-4" С-ка төмендетеді және радиациялық балансқа әсер етеді. Топырақ қабатының температуралық режиміне тиімді әсер етеді: жаз айларында орман алқаптарындағы топырақ жамылғысының температурасы ормансыз жерлермен салыстырғанда 25-28° С төмен, ал қыс айларында орманды жерлердің топырағы аз терендікке тоңады, көктемде кейін ериді. Өйткені орманды алқаптардың қара шірінді мен төсеніш қабаттың маңызы артады.

Орманды алқаптардың топырақ қабатының физикалық жөне химиялық қасиеті де ерекше. Жауын-шашын орманның төсеніш қабатының ылғал сыйымдылық қасиетіне байланысты су тез арада ағып кетпейді, керісінше төсеніш қабат арқылы біртіндеп топырақта жиналады. Осылайша орман ағаштары жергілікті жердің гидрологиялык, қасиетін жақсартады: жер беті су ағынын нашарлатады, булануды азайтады, салыстырмалы ылғалдылықты 5-11 пайызға арттырады.

Көршілес территориямен салыстырғанда орманды алқаптарда желдің жылдамдығы да біршама төмен, жел жылдамдығының бәсеңдеуі орманға жақын ық жақ аймақта-ақ білінеді. Дегенмен, орман алқаптарының жел жылдамдығына әсері оның орташа биіктігінен радиусы 3-5 есе артық қашықтықта жақсы байқалады. Сондықтан, орманның осы қасиетін егістікті жерлердс ағаштарын отырғызғанда есепке алады.

Орманның бір гектары 2 тонна көмір қышқыл газын сіңіріп, ауаның 10-11 млрд м3 көлемін оттегімен қанықтырады және жер бетіндегі органикалық заттардың 2/3 бөлігін өндіреді. Яғни, орман ағаштарын қорғау қажеттігі оның осындай қасиеттерінен туындайды.

Орман шаруашылығы ландшафтары қайтып орнына келетін ландшафт қатарына жатады. Бірақ орнына келу ерекшелігі территорияның климаттық көрсеткіштеріне, алғашқы биологиялық өнімділікке, отырғызылатын ағаш түріне және күннің радиация шамасына байланысты.

3.Қазақстан Республикасы орман ағаштарының қоры бойынша ТМД елдерінің арасында Ресейден, Белорус пен Украинадан кейін 4 орынға ие. Әр түрлі орман ағаштары, бұталар, тоғайлар мен сексеуілден тұратын орман ағаштары көлемі 20,9 млн гектар алқапты немесе территорияның 43 % -ын қамтып жатыр. Шамамен ондағы ағаш қоры 384 млн м2. Орманды алқаптар Алтай, Жоңғар, Іле Алатаулары бөктерінде, Солтүстік Қазақстанда қайынды ағаштар мен тоғайлар, ал шөлді территорияларда сексеуілдер кеңінен тараған. Республика территориясы бойынша орман алқаптары біркелкі тара-маған.

Орман алқабының 10 %-дан астамы Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан жерлерінде орналасқан. Республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары шама төмендегі аймақтарға: Жамбыл — 6,4 %, Қызылорда — 9,4 %, Көкшетау — 3,9 %, Солтүстік Қазақстан -8,4 %, ал төмен көрсеткіштер — Торғай — 0,03 %, Жезқазған — 0,09 %, Атырау - 0,11 %, Ақтөбе — 0,13 %. Өте төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан, Қарағанды жөне Маңғыстау территорияларына тән.

Кең байтақ Республикамыздын табиғатының алуандығына байланысты орман алқаптары да біркелкі емсс: шөлді жазықтардың негізгі ағаштары — сексеуіл - Қызылқұм, Мойынқұм, Тауқұм, Арал маңы Қарақұмы сияқты шөлдердің 53 %-ын алып жатыр. Бірақ нарықтық экономикаға байланысты соңғы кезде сексеуілдің қоры азайып барады. Сондықтан орман ағаштарын кесуде кесу қағидаларын және жасанды ағаш отырғызуды дұрыс сақтаған жөн. Орман ағаштарын кесуді бірнеше жолмен іске асырады: жаппай, бірыңғай кесу —бір жыл аумағында шаруашылықтық мақсатта кесіп тастау; шартты-жаппай кесу — ағашты кескенде түбінен жас буынды сабақтарын қалдырып қояды; біртіндеп кесу - 20-30 жыл ішінде 3-4 рет кесу; сонымен қатар, ішінара кесу — алға-шында өте бағалы немесе алдымен ауруға шалдыкқан ағаштарды, кейіннен бағалы ағаштарды кесу. Кесу жұмыстарының барлығы жаңа ағаш отырғызу шараларымен аяқталуы қажет.

Орман ағаштарын күтіп-баптау жұмыстарына ағаштарды санитарлық кесу де жатады. Мақсаты — орман ағаштарының экологиялық жағдайын жақсарту. Сондықтан, тек әр түрлі микробтармен, зиянкестермен ауырған, құрғап қалған, қисайып кеткен ағаштарды кесіп тастайды. Орман ағаштарын бірыңғай кесіп тастау нәтижесінде топырақтын термикалық режимі, гидрологиялық жағдайы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Орманның төменгі ярусында өскен ағаштардың жарықтануы артады да жас, өсіп келе жатқан ағаштар кейде өспей қалуы ықтимал. Орман ағаштарын кесіп тастағаннан сол

территорияның жарықтану деңгейі 80-90 есе артады, активті температура жиынтығы, ауа мен топырақ қабатының температурасының тәуліктік ауытқуы, жел жылдамдығы, булану шамасы артады, салыстырмалы ылғалдылық төмендейді. Ағаштарды кесу топырақ қабатының биологиялық айналамына да кері әсер етеді.

Кесу барысында орманның топырақ қабатынан азот, фосфор, кальций, калий сияқты құнды элементтер жоғалады. Топырақ қабаатындағы құнды элементтерді агротехникалык шараларсыз тек биологиялық жолмен толықтыру мүмкін емес. Ал, негізінде, орман ағаштарының қайтып орнына келуіне 80 жылдан 250 жылға дейін уақыт керек екенін еске түсірсек, онда орман ағаштарын қорғау мен сақтаудың қаншалықты қажет екенін білеміз.

Лекция №30



Тақырыбы: Су шаруашылығы ландшафтары


Жоспары:



  1. Су қоймалары мен каналдардың шығуы

  2. Қазақстан жер беті су ресурстары


Лекцияның мақсаты:

Су шаруашылығы ландшафтарын, су қоймалары мен каналдардың шығуын, Қазақстан жер беті су ресурстарын қамтиды.


Лекция мәтіні:

1.Су шаруашылығы ландшафтары өзен, көл, теңіз, мүхит және су қоймалары маңайларында қалыптасады. Ф.Н.Мильков бойынша, су шаруашылығы ландшафтары: су қоймалары мен каналдар шығу тегі бойынша техногендік ландшафт қатарына жатады. Алғашқы су қоймалары біздің эрамызға дейін бірнеше мындаған жыл бұрын пайда болған. Қазір жер шарында көлемі 1 млн м3 артық 13 мың су қоймалары бар. Олардағы су қоры бүкіл жер бетіндегі өзендердің су қорынан 4 есе артық, ал ауданы — 6 Арал теңізінің ауданындай. Ең ірі су қоймалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған. ТМД елдерінде 1800-ге жуық су қоймасы бар. Көлемі жағынан ең ірісі — Братск, ал Қазақстанда — Бұқтырма су қоймасы.

Даму зандылықтары табиғи су көздеріне ұқсас болғанымен, су қоймалары өсімдік пен ихтиофаунасы, жағалауындағы процестердің қарқындылығы бойынша табиғи көлдерден біршама айырмашылығы бар. Бұл ерекшеліктер халық шаруашылығының әр түрлі саласында суды пайдалануға, осыған байланысты су деңгейінің өзгеруіне тәуелді. Су қоймаларына суды пайдалану қарқындылығына байланысты судың деңгейі бірде артып, бірде кеміп отырады. Сондықтан су қоймаларына жақын орналасқан аймақтарды бірде су басса, бірде судан босайды, яғни жер асты суларының деңгейі де өзгермелі қалыпқа ие болады. Кейде мұндай территориялардың ауданы мындаған текше км жерді алып жатады. Өсімдік пен топырақ қабаты өзгеріске ұшырайды: батпақтар мен ылғал сүйгіш топтар дамиды, сөйтіп ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мен жайылымдардың көлемі азаяды.

2.Қазақстан жер беті су ресурстарымен нашар қамтамасыз етілген, әсіресе, батыс және орталық аудандары. Қазақстандағы 120-130 мыңға жуық өзен мен көлдердегі су қоры 800 км-ге тең. Ірі өзен, көлдер егістік пен мал шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Сондықтан әр түрлі деңгейде антропогендік ластану орталықтары болып табылады. Ірі өзен, көл бассейндерінің техногендік қалдықпен ластану қарқындылығының артуы соңғы уақытта негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Қазақстандагы осындай ірі өзен бассейні — Ертіс бойының табиғи комплекстері. Өзен басссйнінде ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарына қоса ауыл шаруашылығы жақсы дамығандықтан, су көзі пестицидтермен, химиялық қалдықтармен ластанған. Жылына Ертіс өзеніне 250-ден 750 мың тоннаға дейін зиянды өнеркәсіп қалдықтары құйылады. Судың құрамындағы азот қоспалары мен органикалық заттардың мөлшері ПДК дең-гейінен 2-8 есе, мыс 4-7 есе, қорғасын 2-3 есе, кадмий 5-6 есе, мырыш 7 есе артық екені анықталған. Іле мен Сырдария өзендері де осындай ластанған өзендер қатарына жатады.

Су шаруашылыгы ландшафтары кеңінен өріс алған территория ірі теңіз бассейндері: мысалы, Арал теңізі мен Каспий маңы ойпаты.

Арал теңізінің деңгейінің өткен ғасырдың 70-80-жылдарынан бастап төмендеуі аймақта ғана емес, бүкіл Орта Азия территориясында шөлдену проблемасын тудырып отырғаны белгілі. Сол сияқты Каший теңізі деңгейінің 1929-1977 жылдар аралығында төмендеуі мен, керісінше, 1978 жылдан бастап көтерілуі де көршілес орналасқан жерлердің табиғи кешендерінде өзгерістер туындатты. Сонымен қатар Каспий теңізінің су алабын бірнеше мемлекеттін пайдалануы, теңіз қайраңы мен түбінен мұнай өнімдерін өндіру судың едәуір ластануына әкеліп соқты. Оның дәлелі: соғысқа дейінгі жылдары теңізден жылына 6-7 млн центнер бағалы балықтар ауланса, қазір оның мөлшері азайды. Ал Арал теңізінде ауланатын балық жоқпен тең.

Соңғы жылдары табиғат қоғау органдарының бақылау жұмыстарының нәтижесінде және өндірістің құлдырауы себептерімен қоршаған ортаға техногендік әсерлер біршама азайды, бірақ шаруашылық механизмі қызметінде жаңа әлеуметтік-экономикалық аспект пайда болды. Ол - меншік түрінің өзгеруіне, жекешелендіру процесінін. қарқын алуына, оған шетелдік инвесторлардың барған сайын кеңінен қатысуына байланысты экологиялық жағдайға жауапкершілік проблемасы күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Бюджеттік инвестиция ең төменгі мөлшерге дейін қысқарды, қаржы тапшалығына тап болған кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына жұмсалуға тиісті шығын көлемін кемітуге көшті. Ал шаруашылықты жүргізудің осындай жағдайында баяндалған экологиялык проблемалар өз шешімін баяу табуда. ҚР Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформасын тереңдету жөніндегі бағдарламасы Экобиоқорлар министрлігі жергілікті органдарын "Экологиялық жағдай" бөлімінін негізгі атқарушысы ретінде танып отыр. Бұл бірер сағаттың шаруасы емес. Ұзақ уақыт аталатын осынау ерекшелігі бар процеске жұртшылықтын белсене қатысуы сезсіз табысқа бастар еді, бұған облыстық экобиоқорлар басқармасының ұжымы да ынталы. Болашақта шешімін табуға қажетті мәселелер:

•үздіксіз экологиялық мониторинг, яғни табиғи ортаның өзгерістерін, тұрақты бақылайтын және тексеретін жұмыс жүйесін қалыптастыру;

•өзен, көл суларының ластануына жан-жақты баға беру, олардың арнасын қайта жөндеу, суын тазалау жөнінде Үкіметаралық Бағдарлама жасау;

• топырақтың бүлінуіне, радиацилық фонға, радиациялық ауытқу мөлшеріне сапалы және сандық баға беру;

•жануарлар мен өсімдіктер әлемі құрамындағы өзгерістерге және олардың өсіп-өну қабілетіне (зоогеоботаникалық) зерттеу жүргізу;

•облыстардағы табиғат қорғау объектілері құрылысын аяқтау жұмыстарын жандандыру;


*экологиялық және экономикалық факторларды есептеп отырып, табиғат қорларын пайдалану концепциясын жасау

•залалды заттардан пайда болған зиянның орнын толтырудың экономикалық механизмін анықтауды үкіметаралық деңгейде шешу;

•өндірістік қалдықтарды қайта өндеп, одан өнім алу технологиясын өндіріске ендіру.


Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная