«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 ж. «28» қарашадағы №10 хаттамасымен өзгертілді Мазмұны SWOT- Компанияның инновациялық дамуы туралы талдау Учебный сайт
Учебные материалы


«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 ж. «28» қарашадағы №10 хаттамасымен өзгертілді



бет1/7Дата17.04.2016өлшемі0.67 Mb. 4 5 6 7

  • 1. Инновациялық-технологиялық стратегияның негізгі қағидаттары
  • 3. «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық басқару жүйесінде ИТС-тың алатын орны
  • 5. «KEGOC» АҚ-ның қолданыстағы инновациялық деңгейін әлемдік үздік іс-тәжірибемен салыстыра отырып бағалау
  • 5.2. Озық басқару шешімдерін қолдану деңгейін бағалау
  • 6. «KEGOC» АҚ инновациялық дамуын ұзақ мерзімді болжау
  • 6.2. Басқару іс-тәжірибелерін ендірудің негізгі бағыттары
  • 7. Инновациялық дамуды басқару жүйесін іске асырудың ұйымдық моделі
  • 9. Инновациялық-технологиялық салада серіктестіктер, альянстар мен аутсорсинг моделін құру жөніндегі басымдықтар
  • 10. Жергілікті үлесті арттыру
  • 13. Адами әлеуетті дамыту
  • 15. Инновациялық-технологиялық стратегияны іске асыру кезеңдері
  • 1. Инноваци ЯЛЫҚ -Технологи ЯЛЫҚ Стратеги ЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ

:







«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 ж. «28» қарашадағы № 10 хаттамасымен өзгертілді
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 ж. «10» шілдедегі № 5 хаттамасымен өзгертілді



«KEGOC» АҚ инновациялық-технологиялық стратегиясы









Мазмұны



Беті

1. Инновациялық-технологиялық стратегияның негізгі қағидаттары


3

2. ИТС-ты әзірлеуге қойылатын алғы шарттар мен талаптар


6

3. «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық басқару жүйесінде ИТС-тың алатын орны


7

4 . Пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар


7

5. «KEGOC» АҚ-ның қолданыстағы инновациялық деңгейін әлемдік үздік іс-тәжірибемен салыстыра отырып бағалау


11

5.1. Инновациялық технологияларды пайдалану деңгейін бағалау


11

5.2. Озық басқару шешімдерін қолдану деңгейін бағалау


12

5.3. Инновациялық қызметті басқару жүйесін бағалау


13

6. «KEGOC» АҚ инновациялық дамуын ұзақ мерзімді болжау


15

6.1. Қазақстан Республикасының инновациялық энергетикалық жүйесінің негізі ретінде бейімделгіш белсенді желіні құру


15

6.2. Басқару іс-тәжірибелерін ендірудің негізгі бағыттары


18

6.3. «KEGOC» АҚ-да инновацияларды басқару жүйесін дамыту


19

7. Инновациялық дамуды басқару жүйесін іске асырудың ұйымдық моделі


21

8. Инновациялық қызмет тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі


23

9. Инновациялық-технологиялық салада серіктестіктер, альянстар мен аутсорсинг моделін құру жөніндегі басымдықтар


24

10. Жергілікті үлесті арттыру


26

11. Энергия тиімділігін арттыру


26

12. ИТС-ты іске асыруды ресурстық қамтамасыз ету


27

13. Адами әлеуетті дамыту


28

14. Инновациялық-технологиялық стратегияны іске асырудан күтілетін нәтиже


29

15. Инновациялық-технологиялық стратегияны іске асыру кезеңдері


30

1-қосымша Инновациялық қызметтің негізгі тиімділік көрсеткіштері


31

2-қосымша «KEGOC» АҚ инновациялық-технологиялық стратегиясы мен инновациялық жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

32

3-қосымша «KEGOC» АҚ инновациялық жобаларының тізбесі

37


1. ИнновациЯЛЫҚ-ТехнологиЯЛЫҚ СтратегиЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ


Осы құжат «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі инновациялық-технологиялық даму стратегиясын (бұдан әрі – ИТС) білдіреді, ол Компанияның көрсетілген кезеңдегі инновациялық дамуының басымдылықтарын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады және «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі кезеңдегі ұзақ мерзімді даму стратегиясының инновациялық-технологиялық даму бөлігін толықтырады. Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының мақсаты Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясының басымдылықтарына сәйкес

«Ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті компания құру»

атты негізгі стратегиялық мақсатқа сүйене отырып анықталады.

Технологиялық және басқару инновациялары электр желілік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің айтарлықтай факторы болып табылады, өйткені ол көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруды, басқарылуын арттыру мен электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Технологиялық даму саласындағы негізгі үрдіс желі объектілерін (өлшеу, бақылау және басқару жүйелері) зияткерлік басқарудың негізгі элементтерін енгізу болып табылады, соның негізінде жаңа тұрпаттағы электр желілері құрылуы мүмкін.

Басқару инновацияларының электр желілік компаниялары үшін маңыздыларының біреуі олардың нақты жай-күйі бойынша активтерді басқару жүйесін енгізу болып табылады, ол олардың жұмысының сенімділігін сақтап қалу немесе арттыру кезінде активтерді қолдауға арналған шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.


SWOT- Компанияның инновациялық дамуы туралы талдау




Күшті жақтары



  • инновациялық даму саласында Мемлекеттің, Жалғыз акционердің тарапынан қолдау көрсетілуі

  • тұрақты қаржылық жағдай

  • тәжірибелі топ-менеджерлер командасы

  • электр энергиясын жеткізу жөніндегі жоғары тиімді технологиялар іске асырылды

  • жоғары кәсіби инженерлік-техникалық кадрлар

  • негізгі қосалқы станциялық жабдықты жаңғырту

Әлсіз жақтары



  • инновациялық-технологиялық дамуды ұзақ мерзімді анық болжаудың болмауы

  • ҰЭТ1 жаңғырту бағдарламасын іске асыруға қарамастан жабдықтардың айтарлықтай бөлігін әлі де ауыстыруды қажет етеді: күштік жабдықтың 55 %-ы және 25 жылдан астан қолданыста болған электр жеткізу желілерінің 79%-нан астамы.

  • Операциялық тиімділіктің төменгі деңгейі – Компания әлемдік жетекші ұқсас компаниялардан артта қалып келеді.

  • инновациялық және ғылыми-техникалық әзірленімдерді енгізу мен коммерциялау жүйесі дамудың алғашқы сатысында

  • жүйелік бенчмаркингтің (технологиялық аудиттің) болмауы

  • Еңбекақы төлеудің төменгі деңгейі («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқа еншілес компанияларымен салыстырғанда) білікті кадрларды ұстауға септігін тигізбейді.

Мүмкіндіктері



  • озық технологияларды пайдалану есебінен инновациялық даму

  • технологиялық форсайт жүргізу

  • еңбектің өнімділігін арттыру

  • сыртқы сараптамалық кеңес құру

  • мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерін қолдана отырып, инновациялық жобаларды іске асыру




Қауіптері



  • ірі көлемдегі инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға байланысты бос ақшалай ағынның болмауы себепті қарыз қаражаттарын тартудың мүмкін еместігі

  • ҒЗТКЖ іске асыруға қаражаттың бөлінуіне байланысты жүйелі тәуекелдер

  • жалақының төмен болуы себепті жоғары білікті мамандар үшін Компанияның тартымсыздығы

  • келешегі жоқ ҒЗТКЖ қаржыландыру тәуекелі

Инновациялық-технологиялық стратегияны іске асыру шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша іс-шаралар кешені қабылданады:

  • Инновациялық басқару жүйесін, соның ішінде Компания қызметкерлерінің инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған корпоративтік мәдениетті дамыту. Идеяларды, білімдерді, құзыреттіліктер мен ҒЗТКЖ басқару үдерістерін одан әрі жетілдіру жұмыстары бір жүйеге келтіріледі және одан әрі жалғастырылады.

  • Озық технологиялық инновацияларды енгізу мен Қазақстанның ҰЭТ-ның сенімді жұмыс істеуі мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған, соның ішінде отандық ғылымды белсенді түрде тарту есебінен R&D дамыту. ҰЭТ-ты (ААНЭС) белсенді бейімдеуді құру негізінде ұлттық энергия жүйесін дамыту жөніндегі технологиялық даму саласындағы Компанияның ұзақ мерзімді болжамын іске асыру.

  • Компанияның негізгі бизнес үдерістерін тиімді арттыру үшін басқарушы инновацияларды енгізу. Мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

- ағымдағы өндірістік активтерді басқару жүйесін қоса алғанда, өндірістік активтерді басқару;

-үздік халықаралық компаниялармен жүйелі бенчмаркингті жүргізу.


Инновациялық-технологиялық дамуды тиімді басқару үшін

Компанияның Ғылыми-технологиялық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) және

жауапты құрылымдық бөлімшенің өкілеттігі кеңейтілді және функциялары күшейтілді

, олардың функциялары мынадай:

  • Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының іске асырылуын, оның жаңғыртылуын басқару

  • Озық технологиялық және басқарушы шешімдерді әзірлеу және енгізу жөніндегі әлемдік іс-тәжірибені талдау.

  • Компанияны технологиялық дамытудың басымды бағыттарына енгізу үшін технологиялар тізбесін жасау.

  • Инвестициялық жобалар мен өндірістік бағдарламалардың осы стратегияға сәйкестігін бағалау.

  • Инновациялық жобаларды «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Индустриалдық-инновациялық саясатында сипатталғандарға және осы стратегияның инновациялықтың өлшемдеріне сәйкестігін бағалау және инновациялық жобалардың тізбесін («Самұрық-Қазына» АҚ-ның Индустриалдық-инновациялық саясатының талаптарына сай) келісу.

  • Инновациялық-технологиялық дамуға арналған бағыттар мен шығыстарды қарау және мақұлдау.

  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) және инновациялық жобалардың іске асырылуын бақылау

  • ҚР электр энергетикалық саласын дамыту стратегиясы мен белсенді бейімделу желісінің тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу.

  • Инновациялық қызмет нәтижесінде құрылған зияткерлік меншікті басқару.

  • Идеялар мен білімдерді басқару жүйесін ағымдағы басқаруды жүзеге асыру, соның ішінде корпоративтік порталды әзірлеу және мақұлдау.

  • Инновациялық шешімдерді әзірлеуге және ілестіруге қатысу

  • Патенттік зерттеулерді, отандық және шетелдік ақпаратты жинау, талдау, инновациялық технологиялық әзірленімдер портфелін құру.

  • ҒТК жұмысын ұйымдастыру.

Компанияның

инноваци

ялық даму нәтижелілігі

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Индустриалдық-инновациялық саясатына сәйкес көрсеткіштердің 2 тобынан және 4 бағытттан тұратын қызметтің негізгі көрсеткіштерінің көмегімен (бұдан әрі - ҚНК) өлшенетін болады:

  • ҚНК, Компанияның инновациялық дамуы үшін негізгі талаптар:

    • Инфрақұрылымдар мен адами әлеуетті дамыту;

    • Әзірленімдер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру;

  • ҚНК, Компанияның инновациялық қызметін сипаттайтын нәтижелер:

    – Компанияның технологиялық деңгейінің өсуі;

    – Компанияның стратегиялық мақсаттары мен мемлекеттік басымдықтарға қол жеткізу.


Карта сайта

Последнее изменение этой страницы: 2018-09-09;



2010-05-02 19:40
referat 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная